Талдықорған: +10°C
$ 471.46
€ 555.38
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Қызылша өңдеу қарқыны жоғары

10.10.2017
ЭКОНОМИКА
Қызылша өңдеу қарқыны жоғары
WhatsAppTelegramFacebook

Өңірімізде жыл сайын қант қызылшасын өсіру қарқын алып келеді. Биыл «Көксу қант зауыты» ЖШС 250 мың тонна, «Ақсу қант зауыты» ЖШС 100 мың тоннадан астам қант қызылшасын қабылдайды деп жоспарлануда. Осыған орай, шаруалардың жыл бойы төккен терінің ақысын дер кезінде алу үшін де бар мүмкіндік жасалуда. Қарбалас жұмыстың арасынан уақыт тауып, «Көксу қант зауыты» ЖШС-не барып қайтқан облыс әкімі Амандық Баталов ондағы жұмыс барысымен танысып, қызылшашыларға көрсетілген көмек пен қолдауды көріп қайтты.
Өткен жылы облысымызда 6 мың гектардан астам алқапқа қант қызылшасы себіліп, жоспардағыдай өнім алынды. Алайда, өнімді қабылдау барысында біраз қиыншылықтың болғаны рас. Осы кемшілікті болдырмау үшін аталған зауыт биыл 1,5 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартып, зауыт құрылғыларын жаңартып, жұмыс ауқымын кеңейтумен қатар өнім сапасын арттыруды қолға алды. Осындай еңбектің нәтижесінде зауыттағы құрылғылар 80 пайызға жаңартылып, қазір қант қызылшасын қабылдау науқаны қызу жүріп жатыр.
Облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы Сексенбай Бекішевтің айтуынша, биыл облыс аумағында 9,2 мың гектар жерге қант қызылшасы себіліп, бүгінгі таңда өнімді жинап алудың қауырт кезеңі басталған. Алдын ала болжам бойынша орта есеппен гектарына 350 центнерден өнім жиналуда. Алдағы уақытта бұл сан өсе түсуі мүмкін. Сондай-ақ, биыл Көксу қант зауыты заманауи өлшемге сай құрылғылармен жаңартылса, Аксу қант зауыты шикізат қабылдай бастады.  Демек, былтырғы жылғыдай өнім қабылдауда қиындық туындамайды. Оның үстіне, қант қызылшасын сұрыптайтын германиялық құрылғылар уақытты тиімді пайдаланып, тез әрі сапалы жұмыс жүргізуге сеп болыпты. 
 «Көксу қант зауыты» ЖШС директоры Әділбек Абатовтың айтуынша, жаз бойы зауыттың күрделі жөндеу жұмысына 200-ге тарта адам жұмылдырылған. Бұрынғы Кеңес одағы кезіндегі көнерген құрылғылар Швейцария, Германия, Украина, Ресей, тағы да басқа елден алынған заманауи жабдықтармен ауыстырылыпты. Сонымен қатар, қант қызылшасы төгілетін алаңның тең жартысы цементтеліп, жаңартылған. Қант қызылшасын қабылдау қондырғылары Германияда шығарылған қуаттылығы жоғары екі құрылғымен толығыпты. Олар күніне 2 мың тоннадан 6 мың тоннаға дейін қант қызылшасын қабылдауға қауқарлы.
– Зауыт биыл 250 мың тонна қант қызылшасын қабылдауға қауқарлы. Бүгінге дейін қолда бар техникамен шикізаттан 10 пайыз таза өнім алып келді. Ал жаңартылған құрылғылар өнімнің сапасын арттырып, еңбек күшін үнемдеу, қант қызылшасын қабылдау мүмкіндігін жақсартады. Яғни, алдағы уақытта жаңа құрылғылардың көмегімен қант қызылшасының әр тоннасынан 12-13 пайыз таза өнім алуға қол жеткізетін боламыз, – дейді зауыт директоры.
Көксу қант зауытына жақын маңдағы төрт аудан еңбеккерлері өсірген қызылша өткізіледі. Көксу ауданының әкімі Алмас Әділдің айтуынша, аудан бойынша 260 шаруа қожалығы қант қызылшасын өсірумен айналысады. Олар биыл 1700 гектар жерге қант қызылшасының сапалы тұқымын сеуіпті. Сондықтан, гектар берекелігін 350 центнерден асырып, 60 мың тонна өнім алмақшы. Қазіргі таңда 500 гектар жердің қызылшасы  жиналып, зауытқа өткізілген. Ауа райы қолайлы болса, қант қызылшасын жинау науқаны белгіленген уақытта бітеді.
Облыс басшысы мамандардың пікірін толық тыңдағаннан кейін зауытты аралап көрді. Расында, бұрынғыдай адам күшімен атқарылмайтын,  компьютермен жабдықталған заманауи зауыт қондырғылары кім-кімді болса да қызықтырады. Қызылшаны жуудан тартып, жармалап, езіп, пісіріп, ең соңында дайын өнімге айналдырып, оны қаптауға дейінгі жұмыс жаңа технологияның күшімен атқарылуда. Тағаны бетондалған шикізат төгу алаңындағы германиялық техникалар бір ретте өнімді тазалау мен жинау жұмысын қатар атқарып тұр. Қысқасы, зауыттағы жұмыс ритмі өңір басшысының ойынан шықты. Соңында зауыт басшылығы мен жұмысшыларға осы қарқынды әлсіретіп алмай, өнімді уақытында өңдеп бітіруді тапсырды.

Қажет АНДАС.

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады

Мемлекет басшысы Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады

16.04.2026
Елімізде алтын бағасы күрт өсті

Елімізде алтын бағасы күрт өсті

16.04.2026
Жаңа Құрылтайдан кейін вице-президент тағайындау мәселесі шешімін табады

Жаңа Құрылтайдан кейін вице-президент тағайындау мәселесі шешімін табады

16.04.2026
Талдықорғанда мүгедектер арбасын жөндейтін жоба іске асуда

Талдықорғанда мүгедектер арбасын жөндейтін жоба іске асуда

16.04.2026
Бейбіт Исабаев еліміздегі ең титулды команданы қабылдады

Бейбіт Исабаев еліміздегі ең титулды команданы қабылдады

16.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.