Талдықорған: +29°C
$ 465.01
€ 543.55
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ЖАРКЕНТТЕ ЖҮГЕРІНІҢ ЖАҢА БУДАНЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ. ДИҚАНДАР СЕМИНАРЫ

17.09.2022
ЭКОНОМИКА
ЖАРКЕНТТЕ ЖҮГЕРІНІҢ ЖАҢА БУДАНЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ. ДИҚАНДАР СЕМИНАРЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Биыл жер жаннаты Жетісу аймағында жалпы 80 мың гектарға жуық жерге жүгері өсіріліпті. Соның 26 мың гектардан астамы соңғы 60 жыл ауқымында жүгеріні жетекші дақыл ретінде баптап келген жазиралы Жаркент өңірінің егіншілерінің еншісінде. Сондықтан болар соңғы жылдары егін жинау науқанының алдында облыс жүгерішілерінің басым бөлігі Жаркент өңіріне жиналып, алқалы кеңес құрады.

Сол дәстүр биыл да жалғасын тапты. Бұл жолы тек Жетісу аймағы ғана емес, Қазақстанның бірқатар облысынан да жүгері өндірісіне қызығатын азаматтар шекара шебіндегі ауданда бас қосты. Жаркент өңіріне жиналған даңғайыр кәсіпкерлер «Пионер» буданын өсіру технологиясы» деген тақырыпта аймақтық семинар-кеңес өткізді. Негізінен жүгері өндірісімен шұғылданатын Панфилов, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Іле және Ескелді аудандарының жүгерішілері мен ауыл­шаруашылық мамандары, ғалымдар бас қосқан алқалы жиын аудандағы элиталық жүгері тұқымын өсіретін «Ернар» ЖШҚ базасында ұйымдастырылды.

Семинарға жиналған қауым алдымен «Alem Agro», «Джон Дир», «BNK Group», «Eurasia Group» сынды дүние жүзі мен Қазақстанда белгілі, егіншілікке қажетті техникаларды, тыңайтқыштарды, басқа да химикаттарды тарататын компаниялардың көрмеге қойған өнімдерін тамашалап, «Ернар» ЖШҚ жаңа технологиямен өсіріп, сынақтан өткізіліп, енді жаңа тұқым түрінде өндіріске ұсынылатын Американың «Кортева Агрисаенс Қазақстан» компаниясының «Пионер» жүгері сұрыптарының алқабымен танысты.

– Жалпы АҚШ-та «Кортева» компаниясы 230 жылдан бері басқа дақылдармен бірге жүгері тұқымын өндіріп, әлем елдеріне таратып келеді. Ал компания шығарған жүгерінің «Пионер» сұрыбының өндіріске енгеніне 95 жыл болды. Біздің елде бұл сұрыптың будан бренді 2006 жылдан бері өсіріледі. Осы жолы Жаркентке оның өндіріліп жүрген 6 бренді мен 5 жаңа будан тұқымын диқандарға көрсетуге әкелдік, – деді осы компанияның Қазақстандағы агрономиялық қолдау бойынша маманы Нұрлан Құлмұратов.

Жүгерішілердің алқалы жиыны да алқап басында ұйымдастырылды. Семинар жұмысын Панфилов ауданының әкімі Марат Сағымбек жүгерінің отаны саналатын Панфилов ауданында «дала аруының» өндірісін барынша өркендетіп, халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға қолдау көрсетіп жүрген элиталық тұқым тарататын, озық технологиялар мен техникалар, тыңайтқыштар, гербисидтер ұсынып отырған кәсіпорындардың өкілдеріне ризашылығын білдірді.

Кеңесте Аграрлық несие серіктестігінің Жетісу облыстық филиалының директоры Ізбасар Жүсіпбеков сөз сөйлеп егіншілерге 6-7 пайыздық жеңілдікпен қаржылай қолдау көрсетуге қау­қары барын жеткізді. Ал екінші болып мінбеге шыққан АҚШ-тың «Кортева Агрисианс Қазақстан» компаниясының Қазақстандағы өкілі Татияна Кудрина осы кеңесте жүгерішілерге таныстырылатын «Пионер» жүгері тұқымдарының жерсінуі мен өнімділігі жөнінде әңгімеледі.

Кеңестің қорытынды сөзі «Ернар» ЖШҚ жетекшісі Тасқын Жапарқұлға ұсынылып, ол қожалықтың сорт сынау телімінде сынақтан өткен «дала аруының» жаңа тұқымдарына сипаттама жасады. Сонымен қатар, қожалық жетекшісі жүгері дақылын өсірудің өмірге енген жаңа технологияларына да кеңінен тоқталды.

Мырзағали НҰРСЕЙІТ

Панфилов ауданы,

Жетісу облысы

Қатысты жаңалықтар

ҚТЖ қарызы триллионнан асты: Тариф тағы қымбаттай ма?

ҚТЖ қарызы триллионнан асты: Тариф тағы қымбаттай ма?

06.05.2026
Қазақстанда ерлердің саны қанша?

Қазақстанда ерлердің саны қанша?

06.05.2026
Мария Фролова. «Жетісуды» сағынатын боламын

Мария Фролова. «Жетісуды» сағынатын боламын

06.05.2026
«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі

«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі

06.05.2026
Көктемгі дала жұмыстары қарқын алды

Көктемгі дала жұмыстары қарқын алды

06.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.