Талдықорған: +17°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Жетісу өңірінде инвестор жом өңдейтін зауыт салуы мүмкін

22.04.2025
ЭКОНОМИКА
Жетісу өңірінде инвестор жом өңдейтін зауыт салуы мүмкін

Жетісу облысында алдағы уақытта жом өңдейтін зауыт салынуы мүмкін. Бірқатар қытайлық компания өкілдері облыс басшылығына осындай ұсыныс білдірді. Әлеуетті инвесторлармен облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов кездесті.

Басқосуда жобаларын таныстырған инвесторлар аймақта қант қызылшасының жомынан мал азығын шығаратын зауыт ашқысы келетінін жеткізді. Егер кәсіпорын салынса, онда ол өндірген жоғары сапалы өнімдер  жергілікті нарықта сатылып, экспортқа да шағыратылатын болады. Аймақтағы екі қант зауытымен ынтымақтастық ортуды көздейтін жобаға 10 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция тарту жоспарланып отыр. Инвестор-компаниялардың айтуынша, кәсіпорында жұмыстың басым бөлігі автоматтандырылады. Ең бастысы экологиялық таза өнім шығарылып, 30-40 адам жұмыспен қамтымақ. Жоба сәтті жүзеге асу үшін Ақсу қант зауытынан алатын шикізатты кептіретін алаң салып, Көксу қант зауытымен іскерлік байланыс орнату қажет. Кәсіпкерлер бұдан бөлек, алдағы уақытта жүгері мен жоңышқа өңдеп, мал азығын өндіру де жоспарда барын жеткізді.

– Әлеуетті инвесторлармен біз «қадам-қадаммен» принципі бойынша жұмыс істейміз. Өздеріңізбен бүгінгі кездесуіміз – алғашқы маңызды қадамның бірі. Жетісу аграрлы аймақ болғандықтан, біз ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге қатысты жобаларға ерекше қызығушылық танытамыз. Өңіріміз үшін қант қызылшасы басым дақыл екені белгілі. Биыл 550 мың тонна тәтті түбір аламыз деп жоспарлап отырмыз. Егер қант қызылшасы өнімін жинағанша барлық мәселені бірлесіп шешсек, қалдықсыз өндіріс орнын ашамыз. Біз маңызды инвестициялық жобаны жүзеге асыруда заңға сәйкес өз тарапымыздан тиісті қолдау көрсетеміз. Сіздерден нақты мерзімдері, өндіріс көлемі көрсетілген және барлық қажетті құжаттамалары бар егжей-тегжейлі жоба күтеміз, – деді Ә.Қанағатов.

Кездесуді қорытындылай келе, қос тарап жаңа кәсіпорынды логистика жағынан қолайлы, барлық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген «Талдықорған» индустриалды аймағының аумағында салу мүмкіндігін қарастыруға келісті.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Жеңіс Ысқабай

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.