Талдықорған: +21°C
$ 463.41
€ 546.27
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Жетісу өнімдері бас қала  төрінде сатылуда

23.09.2023
ЭКОНОМИКА
Жетісу өнімдері бас қала  төрінде сатылуда
WhatsAppTelegramFacebook

Жылдағы дәстүр бойынша Астана қаласының төрінде Жетісу облысы тауар өндірушілерінің ауыл ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтуде. Ұйымдастырылған ауылшаруашылық жәрмеңкесінде бас қала тұрғындары табиғи, таза, қолжетімді бағадағы өнімдерді алып, дән риза.

Ашық аспан астында елордалық тұрғындарға Сүйінбай  атындағы облыстық филормония өнерпаздары әуелетіп ән салып, мың бұрала билеп, жырдан шашу шашты. Елордалық тұрғындар өнерпаздардың өнерінен тамашалап, рухани демалып, сауда көрігін қыздырды.

Сауда мәдениетін қатаң қолға алған ауылшаруашылық мамандары сөреге құнарлы да дәмді өнімдерді қойып, базар бағасынан да  төмен бағада тұрғындарға ұсынды. Ауылшаруашылық жәрмеңкесіне Жетісу облысының сегіз ауданы мен екі қаласы қатысты. Жетісулық шаруалардың қолынан шыққан 54  өнім ұсынылды. Жетісу облысы астаналық тұрғындарға алып келген ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі – 214,4 тонна. Бұл – өте мол өнім. Екі күндік жәрмеңкеге 21,6 тонна ет, 7 тонна балық өнімдері, 14,3 тонна сүт өнімдері, 19,8 тонна көкөніс өнімдері, 13,4 тонна картоп және 8,1 тонна жеміс-жидектермен қатар 134,6 тонна басқа өнімдер жеткізілді.  

Жетісу облыстық ауылшаруышылығы мен жер қатынасары басқармасы басшысының орынбасары Бақтияр Шампиковтың айтуынша, Астана қаласының тұрғындары өнімдердің бағасына дән риза.

–  Жетісу мен Алматы облыстарының тауар өндірушілерінің өнімдерін Астана төріне алып келу аса маңызды деп есептеймін. Себебі астаналық тұрғындар Жетісу облысының өнімін қатты күтеді. Тіпті, мен былтыр сауда жасаған кісілерді биыл да көрдім. Тұтынушыларға жәрмеңке тиімді болсын деген ниетте біз  жергілікті сауда орындарындағы бағадан 10-15 пайыз төмен баға ұсынып отырмыз. Мұндай шешімді біз Астана қалалық әкімдігімен бірге ақылдасып, келістік. Нәтиже халықты қуантқанын байқадық. Жетісу облысынан алып келген өнімнің бәрі екі күндік жәрмеңкеде сатылып кетеді деп ойлаймын. Біз халыққа таза, табиғи, қолжетімді бағада өнім ұсынатын болғандықтан, тұтынушылар да дән риза. Дәл бүгінгідей қарқынмен сауда көркі қызса нәтиже жаман болмайды , –дейді ол.

Арнайы Жетісу облысына берілген азық-түлік сөрелері лық толы. Сатушының жұмысы қызып тұр. Әр тұтынушы келген сайын сауда қыза түсуде.

–  Таңмен таласа басталған қызу тіршілік  бәрімізді тамсантып тұр. Жетісу өнімдер сұранысқа ие екенін осыдан аңғаруға болады. Біз Панфилов ауданынан көп өнім алыпк келдік. Жеміс-жидектің біразы өтіп кетті. Екі   күнде алып келген барлық тауарымызды сатуды жоспарлап отырмыз. Бастықтардың талабы да осы. Біз  тұтынушылардың көңілінен шығып, жақсы сауда жасайтын болсақ көздеген мақсатқа да тез әрі оңай қол жеткізе аламыз. Алайда біз жыл сайын алып келген өнімнің бірін қалдырмай өкіземіз. 2012 жылдан бері бас қалада сауда жасау бұйырып келеді. Ендігі тілек – еткен еңбегіміз ақталып, көпшіліктің алғысына бөлену, – дейді жаркенттік  сатушы Жәмилә Жұманиязова.

Жәрмеңкенің алғашқы күнінде өте көп сұранысқа ие болған –  Текелідегі «Алақай» ЖШС-нің өнімі. Астана қаласының тұрғыны Райса Манахованың жыл сайын  Жетісу жерінің өнімін алуға келеді. «Дәл қазір Текелінің тәтті тоқашын (Прянигін)алдым. Келесі жолы сүт өнімдері көп болса деген тілек бар. Жетісудың алмасы мен алмұрты өте дәмді. Бағасы да қалта көтерерлік. Алманы біздің қаладан 400 теңгеге алу мүмкін емес. Алмұртты бар болғаны 600 теңгеге ғана сатып тұр. Мұндай баға өте қолжетімді. Әсіресе, біз сияқты зейнеткерлер үшін үлкен мүмкіндік», дейді.

Расымен де, Текелі қаласының тәтті өнімін алушылары қатары көп. Ұзын сонар кезекке тұрғындардың бәрі осы өнімді алуға құмар.

– Текелідегі «Алақай» ЖШС-і шығаратын тәтті өніміне сұраныс барлық жерде көп. Қазір Жетісу жерінде бұл өнімді білмейтін жан жоқ. Бренд өнімге айналған тәтті тоқаштың екі сағаттың ішінде біршама қорабы өтіп өтті. Жәрмеңке жыл сайын  ұйымдастырылғандықтан, тұрғындар да қандай өнім келетінін жақсы біліп, күтіп отырады, –  дейді Арман Кәріпбаев Текелі қаласы ауылшаруашылық және жер қатынастары бөлімінің басшысы.

Қой, сиыр, жылқы еттері сөреге лық толып тұр. Таза ет өнімін іздеушілер дәл осы жерге келіп, сауда жасауда. Астаналық Қанипа Ағзамованың         айуынша, күнделікті жұмыста жүрген жандар үшін жәрмеңке өте ыңғайлы.  «Қазір таза ет табу өте қиын. Біз арнайы Жетісу облысынан қой етін алдық. Бағасы өте қолайлы. Қазіргі уақытта бәрі қымбат.  Мал өсіру де, егін егу де үлкен еңбек. Сол үшін әрбір  адамының еңбегі бағаланса деймін. Осы шараны ұйымдастырып жүрген азаматтарға рақметтен басқа ештеңе айтпаймын», – дейді ол.

Сөреде тізілген өнімдер көз жауын алды. Алма, алмұрт, жүзімнің алуан түрі, ет өнімдеріне кезекке тұрғандар көп. Балдай қауын мен қарбыз алушылар қатары көп.  Қызыл картошка мен балдың тіл үйірер дәмі көпшілікті тамсандырды. Қарынға сақталған сары      май мен құрттың алуан түрі де көптің көңілінен шықты.

Астана төрінде өтіп жатқан ауылшаруашылық жәрмеңкесі жексенбі күні де жалғасады.

Еңлік Кенебай
Астана қаласы

Қатысты жаңалықтар

«Turgyndar amanaty» жобасы таныстырылды

«Turgyndar amanaty» жобасы таныстырылды

07.05.2026
Құрылысы қарқынды, сәулеті келісті

Құрылысы қарқынды, сәулеті келісті

07.05.2026
Ел қорғаған егіздер

Ел қорғаған егіздер

07.05.2026
Қапалдағы волейболдан облыстық турнир

Қапалдағы волейболдан облыстық турнир

07.05.2026
Жол жұмыстары жандануда

Жол жұмыстары жандануда

07.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.