Талдықорған: +19°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ЖОЛ САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ МАМАНДЫҚТАРҒА СҰРАНЫС АРТЫП КЕЛЕДІ

29.05.2020
ЭКОНОМИКА
ЖОЛ САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ МАМАНДЫҚТАРҒА СҰРАНЫС АРТЫП КЕЛЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Мектеп бітіруші түлектер мен колледж тамамдаған жастардың кейбірі тағы да оқуын жалғастырып, мамандық алуға бел буады. Өз ісінің нағыз маманы атану оңай шаруа емес. Ол үшін ең алдымен таңдаған мамандығыңды сүйіп, құрметтей білуің қажет. Ол сонда ғана өз нәтижесін береді. Қазіргі уақытта мамандыққа деген көзқарас жаңаша қалыптаса бастады. Жаңа ғасырдың азаматтары жалпылама тірлікке емес, нақтылыққа бет бұрды.

Бүгінгі жастарды сот, мұғалім, дәрігер, полицей деген қызметтен гөрі, табысы мол, сауда-саттыққа жақын, комерциялық агенттіктер, туристік, финанстық менеджерлер сияқты кәсіптердің қызықтыра бастағанын өмірдің өзі көрсете бастады. Қалай десек те, қазақ жастарының негізгі бөлігі экономикалық, өндірістік және техникалық мамандықтарға әлі де селқос қарайтынын ашық айтқанымыз жөн. Ал шындығында қызмет те, атақ та, ең аяғы байлықтың көзі де осы өндіріс пен экономика саласында екеніне  мән бермей келеміз.

Кез-келген ел үшін жол — экономиканың күретамыры. Оның қадір-қасиетін, яғни, автомобиль ағыны ұлғайған сайын біле түскендейміз.

Мысалы, Қазақстан автобизнес қаумдастығының өткен жылғы мәліметіне сүйенсек, еліміздігі барлық типтегі көліктердің саны 4 566 198-ге жеткен екен. Олардың 3 755 890-ны жеңіл автокөліктер болса, 446 475-і ауыр жүк көліктерінің қатарына жатады. Биыл бұл көрсеткіштің саны әдеуір өскені де анық. Сол себептен күре жолдың заманауи әрі сапалы болуы мемлекетіміздің бет-бейнесі ғана емес, даму жолына түскен өркениеттің өлшемі десек те болады.

Ойды ой қозғайды. Соңғы он жылдықта ғасыр жобасы немесе Ұлы Жібек жолының баламасы атанған «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» мегажобасының іске қосылғанын біріміз білсек, енді біріміз жете мән бермегендейміз. Жоба құрылысы бойынша үш мемлекеттің мыңдаған елді-мекендердің тас жолдары жаңартылды. Жоба құны 5,5 миллиард доллар.

Атап айтқанда, ғасыр құрылысы «Санкт-Петербор — Мәскеу-Төменгі Новгород — Казан — Оренбор — Ақтөбе — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — Үрімші — Ланьчжоу — Ляньюньгай» бағдары бойынша жүрді. Жолдың жалпы ұзындығы 8445 шақырым болса, оның 2233 шақырымы Ресей, 3425 шақырымы Қытайға, 2452 шақырымы Қазақстан аумағына тиесілі.

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізін жүзеге асыру үшін барлық банктер, атап айтқанда Дүниежүзілік банк, Еуропалық банк, Ислам банкі, Азия банкі және Жапон банкісі де үлкен қолдау танытқан. Ол 7,9 миллион адамды, яғни, еліміздегі халықтың жартысы мекен еткен 5 облыс аумағын қамтыды. Ауқымды шараға жұмылдырылған жұмысшылар саны 30 мыңнан 50 мыңға дейін жетті. Аталған жоба еліміздің экономикалық дамуына үлкен әсерін тигізді. Бұрындары Қытай елі Еуропаға тауарларын  Ресей жерімен немесе теңізбен жеткізу үшін 45 тәлік уақыты кетсе, енді Қазақстан территориясы арқылы 10 күнде қалаған жеріне жеткізетін болды.

Сөзіміздің дәлелі ретінде ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің 2018 жылдың қыркүйек айында Үкімет сағатында сөйлеген сөзінен үзінді келтіріп көрейік: «2016 жылы аяқталған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі мемлекет экономикасына оң әсерін тигізді. Жүк тасымалы көлемі 33 миллион тонна және транзиттік 900 мың тонна, яғни 2,5 есеге артуы есебінен жылдық орташа экономикалық пайда 190 миллиард теңгені құрады. Жолда жүру уақыты 2 есеге, жол-көлік оқиғалары 27 пайызға, өлім-жітім 35 пайызға қысқарды», — деді министр.

Одан бергі екі жыл уақытта тағы қаншама жолдар салынып, ел игілігіне берілді. Алдағы уақытта да салынатын халықаралық, республикалық жолдардың жұмысы қызу қарқын алуда.

Қысқасы, бүгінгі таңда жол саласының мамандықтарына сұраныс өте жоғары екенін ашық айтқанымыз абзал. Жоғары білімді, дипломды мамандарды айтпағанның өзінде, қарапайым жұмысшы жастардың өзі күні бүгінге дейін жетіспей жататынын несіне жасырамыз?! Содан барып, көрші елдердің азаматтары жұмысқа тартылса, соларды көреміз де «өзіміздің қаракөздеріміз қайда?» деп дабыл қағып, ұлттық намысты көтерген болып, «айғайға аттан қосатынымыз» да жасырын емес.

Мысалы, бүгінгі таңда жол құрылысына жол шеберлері, инженерлер, зертханашылар, асфальт-бетон төсеушілер, автогрейдерлер, механизаторлар, қайта өңдеушілер, арнайы техника жүргізушілер, механиктер, токарьлар, дизайнерлер, картографтар, метеорологтар, тіпті, жол ғылымын тереңдете зерттеп жүрген ғалымдар да ауадай қажет. Сол себептен жол саласына мамандарды тарту мәселесі бүгінгі күннің ең өзекті тақырыбына айналғаны рас.

Осы ретте құрылғанына жыл толған «Жол активтері ұлттық сапа орталығының» жастарға кәсіби бағдар берудегі ерен еңбегін ерекше атап өткеніміз орынды. Ол туралы «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК бас директоры Замир САҒЫНОВ:

— Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев бәсекеге қабілетті мамандар елімізге қажет екендігін ерекшелеп айтты. Сол тапсырмаға сәйкес, биыл жол саласы мамандықтары бойынша кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында «1000 мектеп» акциясын қолға алдық. Қалыптасқан жағдайға қарамастан жастарға сабақ өткізуді онлайн түрінде өткізудеміз. Осы салада оқып жатқан студенттер практиканы жол саласында өткізуге толық мүмкіндігі бар. Әр облыстағы 17 филиалдан 3-4 студенттен алсақ, олардың жалпы саны 60-қа жетеді. Тағы бір ерекшелігі, олардың әрқайсысына 85 мың теңгеден айлық төленетінін де айтқымыз келеді, — деп ашығын айтты.

Дәл осындай жұмыстар «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» Алматы облыстық филиалында да өз жалғасын тауып отыр. Қаңтар, ақпан айларында филиал мамандары қала, аудан мектептерінде болып, жол саласы мамдарының қыр-сырымен таныстырып өтсе, наурыз, сәуір, мамыр айларында мектеп оқушыларымен онлайн түрінде кездесулер ұйымдастырылуда. Кездесу барысында оқушылырдың сұрақтарына қарай жол мамандығының өзіне тән ерекшеліктерін әңгімелеп, жол саласына оқуға түссе тәжірибеден өту кезінде еңбекақыларын ала жүріп тәжірибеден өтетінін, диплом алып, маман болған соң жұмыссыз қалмайтынын кеңінен түсіндіруде.

Еліміздегі уақытша карантиннің енгізілуіне байланысты  республикадағы жол саласы бойынша білім беретін 15 жоғары оқу орны мен 90-нан астам колледж студенттері де қашықтан білім алуда. Осындай кезеңде «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК бас директоры Замир Сағынов мырза аталмыш оқу орнындағы шәкірттермен онлайн байланысқа шығып, жол саласы бойынша дәріс беруде. Осындай қамқорлықты сезінген жастардың патриоттық сезімі оянып, рухты азаматтар болатынына сенімдіміз.

Сөзімізді қорыта келе айтарымыз, жол саласына қазақ жастары жаппай бет бұрса деген тілегіміз бар. Ынталы, жігерлі жасқа, мемлекеттің қолдауы да ұшан-теңіз екенін айтып отырмыз. Ең негізгісі, өмірлік мамандықты дұрыс таңдаған жөн!

Ақбөпе ЖИЕНҚҰЛОВА

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» жартылай финалда

«Жетісу» жартылай финалда

26.04.2026
Дәстүрлі медицина дәруіш пе?

Дәстүрлі медицина дәруіш пе?

26.04.2026
Сән мен болмыс

Сән мен болмыс

26.04.2026
Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

26.04.2026
Болашаққа бала шақтың қандай әсері бар?

Болашаққа бала шақтың қандай әсері бар?

25.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.