Қазақстан соңғы жылдары ауқымды саяси жаңғыру кезеңіне қадам басты. Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау және халықтың мемлекеттік шешімдер қабылдауға қатысу мүмкіндігін кеңейту бағытында маңызды реформалар жүзеге асуда. Осы өзгерістердің бірі – Құрылтай институтының қалыптасуы.
Бүгінде еліміз үшін экономиканы әртараптандыру, ауыл шаруашылығын дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, жастардың әлеуетін арттыру, білім беру мен денсаулық сақтау сапасын жақсарту секілді міндеттер өзекті. Сонымен қатар инфрақұрылымды жаңарту, цифрландыру, қоршаған ортаны қорғау және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету мәселелері де тұрақты назарды қажет етеді. Осы бағыттардың барлығында тиімді заңнамалық негіздің маңызы зор.
Алдағы Құрылтай депутаттарының сайлауы – ел болашағы үшін маңызды саяси таңдау. Сайлаушылар өз өңірінің мәселесін жақсы білетін, білімі мен тәжірибесі жеткілікті, халық алдындағы жауапкершілігін сезінетін азаматтарға қолдау білдіруі маңызды. Өйткені Құрылтайдың сапалы жұмысы елдегі реформалардың нәтижелілігіне және азаматтардың өмір сапасын арттыруға тікелей ықпал етеді.
Құрылтайдың қалыптасуы – саяси жүйені жаңғыртудың бір бағыты ғана емес, халық пен билік арасындағы өзара сенімді арттыруға бағытталған маңызды қадам. Оның жұмысы ашық әрі нәтижелі болған жағдайда азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімі де нығая түспек.
Ұлар САПАРҒАЛИЕВА,
Н. Островский атындағы
№8 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Талдықорған қаласы





