Біздің бүгінгі жасап жатқанымыз келешек үшін. Оның жарқын болып, кемелденуі тікелей бүгінгілердің қолында. Ұрпақ алдында ұялып қалмас үшін, бүгін дұрыс шешім қабылдап, ілгерлеу мақсатын айқындауымыз қажет.
Әр саналы азамат елінің тағдырына бей-жай қарамау – басты парыз. Спорт саласындағы жетістіктермен жеңістер кездейсоқ болмайтындығы белгілі. Жүйелі жұмыс, нақтыланған жоспар арқылы ретімен келеді. Осы тұрғыда ел ертеңі үшін жасалып жатқан саяси оқиғадан қалмай, бірауыздан шешім қабылдап, болашаққа нық қадам жасауға тиіспіз.
Тәуелсіздіктің тұғырын биік ұстау, елдіктің іргесін нығайту – ортақ міндет. Елдің бірлігімен бекемдігі, ынтымағымен тыныштығы қашанда бағалы?! Бүгінгі таңдағы әр дұрыс қадам – ертеңгі гүлденген мемлекеттің негізі. Бұл саяси кезеңді абыроймен өткізіп, дұрыс шешім қабылдап, елдің гүлденуімен көркеюіне әсер етейік. Жаһан алдында еліміздің еңсесі биік, абыройы жоғары болсын.
Қайырхан Амандосов
Талдықорған қаласының тұрғыны





