Кербұлақ ауданы, Қызылжар ауылындағы №195 сайлау учаскесінде «Қызылжар» өндірістік кооперативінің 50 қызметкері Құрылтай сайлауына бірлесе қатысып, өз таңдауларын жасады.
Өндіріс ұжымының ұйымшылдықпен сайлауға қатысуы – азаматтық жауапкершілік пен ел өміріне белсенді араласудың жарқын көрінісі. Бір мақсатқа жұмылған еңбек адамдарының бұл қадамы әр азаматтың ел болашағына қатысты маңызды шешімдерге өз үлесін қосуының маңызын көрсетеді.
– Елдің болашағы әр азаматтың белсенділігіне байланысты. Сондықтан сайлауға қатысып, өз таңдауымызды жасау – азаматтық міндетіміз деп білеміз. Біздің ұжым үшін елдегі тұрақтылық пен еңбек етуге қолайлы жағдайдың болуы өте маңызды. Өз таңдауымыз арқылы ел дамуына деген көзқарасымызды білдірдік, – деді кооператив мүшелері бір ауыздан.
Қызылжар» өндірістік кооперативі ұжымының белсенділігі еңбек ұжымдарындағы бірлік пен жауапкершіліктің, сондай-ақ ел болашағына деген жанашырлықтың өнегелі үлгісін танытты.





