Талдықорған: +27°C
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ІЗГІЛІК ІЗІ

Көксу ауданында көпбалалы отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді

02.06.2026
ІЗГІЛІК ІЗІ, ӘЛЕУМЕТ
Көксу ауданында көпбалалы отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді
WhatsAppTelegramFacebook

«Алакөл Желтоқсан ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан азаматтардың ерлігі мен елдік ұстанымын ұлықтап, тарихи жадты жаңғырту бағытында жұмыс істеп келеді. Бірлестік қайырымдылық шараларын тұрақты өткізіп тұрады.

Биыл Көксу ауданы Мұқаншы ауылдық округінің орталығы Көксу ауылында тұратын Ербол Әбілмажіновтің отбасына қайырымдылық көмек көрсетті. Бұл шаңырақта тоғыз бала өсіп келеді. Жақында ғана балалардың анасы өмірден өтіп, отбасының барлық жауапкершілігі жалғыз асыраушы – отағасының мойнына түскен. Сонымен бірге бұл үйде 90 жасқа келген, көру қабілетінен айырылған қарт әже де тұрады.

Бірлестік төрайымы Ләззат Мақатқызы бұл шараның мәні терең екенін атап өтті.

– Бұл отбасының жағдайын естіген соң қарап отыра алмадық. Қайырымдылық – тек материалдық көмек емес, қиын сәтте адамның жалғыз емес екенін сезіндіру, жанға демеу болу, үміт сыйлау. Бүгінгі игі іске бірлестіктің Жетісу, Алматы, Ақтөбе облыстары мен Алматы қаласындағы өкілдері атсалысты. Алдағы уақытта да мұндай қайырымдылық шаралары жалғасын табады, – дейді Ләззат Мақатқызы.

Отбасының үлкен ұлы Әрсен Әбілмажінов көрсетілген көмекке ризашылығын білдірді. Оның айтуынша, бауырлары колледжде, мектепте оқиды, балабақшаға баратындары да бар.

– Біз анамыздың аманатына адал болып, бауырларымыздың бір-бірінен ажырамай, жақсы азамат болып өсуін қалаймыз. Ауыл әкімдігі тарапынан да қолдау көрсетіліп тұрады. Мектептегі бауырларым жазғы лагерьге тегін барады, ыстық тамақпен қамтылған. Оқу жылы басталғанда киім-кешек, оқу құралдары жағынан көмек беріледі. Бүгін арнайы келіп, жағдайымызды сұрап, көмек көрсеткен «желтоқсаншы» ағай-апайларға отбасымыздың атынан алғыс айтамын, – дейді Әрсен Әбілмажінов.

Бұл отбасы бүгінде Көксу ауылындағы жалдамалы үйде тұрып жатыр. Ай сайын 7 мың теңге көлемінде жалдау ақысын төлейді. Алайда тоғыз баланың «бір күні осы үйден айырылып қаламыз ба?» деген алаңдаушылығы да жоқ емес. Осы мәселеге қатысты заңгер Лязат Жапашева баспананы жекеменшікке беру мүмкіндігін заң аясында қарастыруға болатынын айтты.

– Бұл үй Кеңес одағы кезінде салынған ескі баспана. Сондықтан отбасының әлеуметтік жағдайын, балалардың мүддесін және үйдің нақты жай-күйін ескере отырып, мәселені жеке тәртіппен қарастыруға негіз бар. Аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, балалар құқығын қорғайтын ұйым өкілдері және жауапты мекемелер ортақ қорытындыға келсе, аудан әкімдігінің қаулысы арқылы баспананы отбасының меншігіне беру мәселесін заң аясында шешуге болады, – деді заңгер.

Қайырымдылық акциясына Мұқаншы ауылдық округінің әкімі Мұхит Мамыр да қатысып, отбасының жағдайы ауылдық әкімдіктің тұрақты назарында екенін жеткізді. Шара барысында айтылған ұсыныстарды тиісті орындарға жеткізіп, оң шешім табуына ықпал етуге тырысатынын білдірді.

Қажет АНДАС
Мұқаншы ауылдық округі,
Көксу ауданы

Қатысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев құқықтық нигилизмге қарсы батыл шаралар қолдануды тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев құқықтық нигилизмге қарсы батыл шаралар қолдануды тапсырды

02.06.2026
Президент «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын орындауды конституциялық міндет деп жариялады

Президент «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын орындауды конституциялық міндет деп жариялады

02.06.2026
Мемлекет басшысы GREEN ЕСО жылыжай кешенімен танысты

Мемлекет басшысы GREEN ЕСО жылыжай кешенімен танысты

02.06.2026
Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығының әлеуетін арттыруды тапсырды

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығының әлеуетін арттыруды тапсырды

02.06.2026
Президент Алатау қаласын дамытудың стратегиялық бағыттарын айқындады

Президент Алатау қаласын дамытудың стратегиялық бағыттарын айқындады

02.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.