Талдықорған: +12°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

18 мамыр – Халықаралық музей күні

18 мамыр 2024
КҮНДЕРЕК
18 мамыр – Халықаралық музей күні
WhatsAppTelegramFacebook

Биыл Халықаралық музей күнінің аталып өтіп келе жатқанына 46 жыл. Кәсіби мереке ретінде Халықаралық музейлер кеңесінің ХІ конференциясында бекітілген болатын. Ел игілігіне, руханият үшін сүбелі қызмет істеп келе жатқан мұражайлар өңірде жоқ емес. Солардың бірі де бірегейі облыстық Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі. Ширек ғасырлық шежіресі бар бұл ордада небір құнды жәдігерлер сақталған.

Бұл музей ғылыми-зерттеу және жинау жұмысымен, ғылыми-қор ісімен, ғылыми экспозициямен, көпшілік-ағарту және баспасөз негізіндегі бес бағыт бойынша жұмыс атқарады.

М.Тынышбайұлы атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің қарамағында 11 филиал бар. Оның қорына осы жылдар аралығында Жетісу өлкесінің табиғи байлықтары, флорасы мен фаунасы туралы, археологиялық құндылықтар, қазақ халқының тұрмыстық заттары, қолданбалы өнер туындылары, халық ақындары, батырлары, мемлекеттік қайраткерлер, тарихи оқиғалар жайлы материалдар жинақталды. Сонымен қатар, соғыс ардагерлері мен ауылшаруашылығының дамуына күш салып, тер төккен еңбеккерлердің жеке заттары мен өңірден шыққан тұлғалардың құжаттары таптырмас құндылықтардың бірегейі.

Мекеме қорында 1990 жылы 16000 музейлік маңызы бар материал, ал 2000 жылы қор есебінде 23 400 зат, 48 мыңнан аса жәдігер сақталуда.

Аталған облыстық тарихи-өлкетану музейі Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің бұйрығымен 1974 жылы Талдықорған облыстық тарихи-өлкетану музейі ретінде құрылды. Алғашқы жылдары оған бұрын қалалық Пионерлер сарайының, қазіргі Көркемсурет галереясының ғимаратынан №14,15,19 кабинеттері беріледі. Осы жерде қызметкерлер қорға материалдар жинаумен айналысты. Соның нәтижесінде І. Жансүгіровтің әдеби музейі орналасқан үйде мұражайдың ең алғашқы экспозициясы жасалып, көрермендерге есігін ашты. Екі қабаттан тұратын ғимарат 1980 жылы арнайы салынып, желтоқсан айында музей осында көшірілді.

Кейіннен бұл руханият ордасында «Өлке табиғаты», «Археология және этнография», «Кеңес кезеңі» атты үш бөлімнің он екі залынан тұратын экспозиция безендіріліп, қосымша халық батырларына арналған бір зал көпшілікке есігін айқара ашты. Мұнда әр жылдары өзгерістер енгізіліп, ішінара толықтырулар жасалып отыр.

– 2003 жылы Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласына ауысуына байланысты музей  ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, «Жетісудың табиғаты» залы  қор бөлмелері және қызметкерлер кабинеттері есебінен, «Көне және ортағасырлық тарих» залы да кеңейтілді. Сол жылдың аяғында экспозиция залдарын заман талабына сай безендіру жұмысы басталды. Музей бұл күні «Жетісудың табиғаты», «Жетісудың көне және ортағасырлық тарихы», «Қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысы», «Жетісу Кеңес дәуірі кезеңінде», «Тәуелсіз Қазақстан» атты залдар мен бөлмелерден тұрады, – дейді облыстық М. Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі Жазира Тауетова.

Қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби теміржолшы-инженер, мемлекет және қоғам қайраткері, тарихшы М.Тынышбайұлының 145 жылдығына, облыстық музейдің құрылғанына 50 жыл толуына және музей қызметкерлерінің төл мерекесі 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай осы ретте «Музей – өңір тарихы мен ұлт руханияты» атты мерекелік мәдени-танымдық шара өтті. Мұндағы мамандар айтулы күннің ешбірін елеусіз қалдырмақ емес.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

8 қараша 2026
Махаббат ол…

Махаббат ол…

8 қараша 2026
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

8 қараша 2026
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

8 қараша 2026
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

8 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.