Африкалық жылқы обасы (бұдан әрі – АЖО) қызба, ісіну, геморрагиялық құбылыстар, тыныс алу органдарының зақымдануы, бір тұяқтылардың өлімімен сипатталатын вирустық, векторлық (қан соратын жәндіктермен жұқтыру) ауру.
Табиғи жағдайда бір тұяқты жылқы, қашыр, есек және зебра ең сезімтал жануарлар. Иммундық жатырдан шыққан жас құлын алғашқы 5 айында төзімді болады. Инфекция қоздырғышының көзі – ауру жануарлар. АЖО негізінен ылғалды, ойпатты жерлерде кездеседі. Жылы, ылғалды климаты бар аймақтарда ауру стационарлық болып келеді. Вирустың қан соратын жәндіктермен таралуы дәлелденді. Жануарлар ауруды әдетте түнде жайылымда жұқтырады. Қорада ұсталатын жылқылар ауырмайды.
Ауру жазда, әсіресе жылдың ыстық және жаңбырлы кезеңінде байқалады. Ал қыста ауру жағдайы тіркелмейді. Ауру және сау жануарларды бірге ұстау кезінде жұқпайды. Вирус – жануар денесіне жәндіктер шағып алған кезде тері арқылы енеді. Содан кейін вирус аритроциттермен бірге бүкіл денеге таралады. Қан тамырлары өткізгіштігінің бұзылуы у мен қан бірге араласуымен байланысты. Жануарлардың өлімі өкпе ісінуі және жүрек соғысының жеткіліксіздігінен болады. Емдеудің нақты құралдары жоқ. Жүрек пен өкпе функцияларын сақтауға бағытталған симптоматикалық емдеу жүргізіледі. Ауру және күдікті жылқылар өлтіріледі.
Вакциналау қолайсыз жерлерде жыл сайын қан соратын жәндіктер пайда болғанға дейін 1-2 ай бұрын жүргізіледі. Сезімтал жануарлар биік жерлерге ауыстыру арқылы қан соратын жәндіктердің шабуылынан қорғалған күнде жайылады. Түнде жабық жерде ұсталып, мезгіл сайын жәндіктерді тежейтін құралдармен өңделеді. Нақты қолайсыз және қауіпті аймақтарда бір тұяқты жануарларды алдын ала жалпы вакциналау арқылы жүзеге асырылады.
Қуаныш САЙДАХМЕТОВ,
«Ветеринарлық пункттері бар Панфилов ауданы ветстансысы»
ШЖҚ МКК бас маманы





