Талдықорған: -1°C
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Аида Балаева отандық кино саласының қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді

08.11.2025
КҮНДЕРЕК
Аида Балаева отандық кино саласының қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді
WhatsAppTelegramFacebook

Мәдениет және ақпарат министрлігіне бұқаралық ақпарат құралдарынан түрлі бағыттағы сұрақтар жиі түседі. Сол сауалдардың бір бөлігі – кино саласына қатысты. Бұл ретте қазақстандықтардың ұлттық мәдениет пен отандық киноның дамуына бейжай қарамайтыны қуантады.

Кейінгі жылдары көпшілік көрерменнің, соның ішінде шетелдік аудиторияның да қазақ фильмдеріне деген ықыласы артып келеді. Тек 2024 жылдың өзінде ғана отандық фильмдер прокаттан жиырма екі миллиард теңгеден астам табыс тапты. Біздің картиналар халықаралық байқауларда жиі жеңіске жетіп жүр. Соңғы бес жылда отандық фильмдер үш жүзден астам фестивальге қатысып, жүз жетпіс жеті марапатқа ие болды.

Биыл кейінгі 30 жылда алғаш рет Қазақстан Канн қаласында өткен ең ірі кинонарықтардың бірі – Marché du Film алаңында өз стендін ұсынды. Бұл – отандық продюсерлер мен дистрибьюторлар үшін үлкен жетістік.

Сонымен қатар біз «Еуразия» халықаралық кинофестивалін қайта жаңғырттық. Бұл нақты қадамдардың бірі деп білемін.

Бірақ біз үшін фильмдеріміздің шетелдік фестивальға ғана емес, өз көрерменіне де кеңінен жетуі аса маңызды. Биыл еліміздің кинотеатрларында «Тезек», «Фейковый Арман», «Қайтадан» секілді отандық 10 фильм көрсетілді.

Солардың ішінде «Қайтадан» фильмі прокатта 1 миллиард теңгеден астам табыс тауып, мемлекет салған қаражатты толық қайтарды. Бұл – кино саласында жаңғыртудағы бағытымыздың дұрыс екенінің бір дәлелі.

Қазір көрермен көбіне жеңіл жанрдағы фильмдерді таңдап, авторлық туындыларды көп көре бермейді. Сол себепті енді жобаларды іріктеу кезінде біз идея және сценариймен қатар, фильмнің көрерменге қаншалықты қызық болатынына да мән береміз.

2024 жылдан бастап мемлекет тарапынан қолдау тапқан әрбір фильм алдымен ел кинотеатрларында көрсетілуге тиіс деген міндетті шарт енгізілді. Тек содан кейін ғана онлайн-платформаларға шығарылады. Аталған шешім фильмдердің қолжетімділігін арттырып, көрерменмен байланыс орнатуға себеп болады.

Біз тарихи әрі патриоттық бағыттағы жобаларды да тұрақты түрде қолдаймыз. Соның айғағы – жуырда жарық көрген «Капитан Байтасов» фильмі. Бұл туынды – ерлік, намыс пен борыш алдындағы адалдық жайында терең ойға жетелейді. Халық қаһарманы, полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың ерлігіне арналған бұл фильм көпшілікті ізгі құндылықтарға үндейді.

Сондай-ақ тағы бір айрықша жоба – «Әлия» фильміне тоқталып өткім келеді. «Microcosm Pictures» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірлескен жоба былтыр Ұлттық киноны қолдау орталығы өткізген байқауда жеңімпаз атанған еді. Алайда продакшн-компания қаржылық себептерге байланысты түсіруден бас тартты. Соған қарамастан, алдағы уақытта бұл идея қайта жанданып, Әлия Молдағұлова туралы фильм міндетті түрде көрермендерге жол тартады деп сенеміз.

Сондай-ақ, кино өндірісін барынша ашық әрі заманға сай ету мақсатында е-Кино атты цифрлық платформа құрылып жатыр. Онда фильмдердің түсірілімі, табысы, көрерменнің саны сияқты барлық дерек жиналады. Бүгінде еліміздегі кинотеатрлардың жартысы осы жүйеге қосылды. Бұл бағытта жұмыс жалғасуда.

е-Кино жүйесі нарықтағы нақты жағдайды ашық көруге жол ашады.

Нақты өзгерістер өз нәтижесін бере бастады. Нәтижесінде мемлекет қолдауына ие болған елу жеті жобаның 40-ы – жас режиссерлердің жұмысы. Ал қазақ тіліндегі фильмдердің үлесі бүгінде 75 пайызға жетті.

Кинематография туралы заңға енгізілген жаңа түзетулер мемлекетке қаржыландырудың 30 пайызын тікелей «Қазақфильм» киностудиясына бөлуге жол ашты. Бұл – ұлттық кино индустриясының көшбасшысы үшін үлкен мүмкіндік.

Бүгінде «Қазақфильм» белсенді дамып, серіктестермен бірлесіп жұмыс істеп, техникалық мүмкіндіктерін арттырып келеді. Киностудия ұлттық кино қорын цифрландыру және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Сонымен бірге «Қазақанимация» жобасы іске қосылып, елімізде алғаш рет анимацияны креативті индустрияның бөлігі ретінде дамыту тұжырымдамасы әзірленді.

Біздің міндетіміз – шығармашылық еркіндікке жағдай жасау және автор мен көрермен арасында сенімді диалог орнату.

Барлық ұйымдастырушылық және техникалық шешімдер ашық әрі заң аясында қабылданады. Қазір Ұлттық киноны қолдау орталығын «Қазақфильм» киностудиясымен біріктіру мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл – өндіріс процесін жеңілдетіп, тиімділікті арттыруға бағытталған қадам. Мәдениет және ақпарат министрлігі алдағы уақытта да отандық киноны дамыту бағытындағы жұмысын жалғастыра береді.

Бізге қоғам тарапынан түрлі сұрақтар жиі түседі. Солардың кейбірі қосымша түсіндіруді қажет етеді. Мысалы, жақында көп талқыланған тақырыптардың бірі – режиссер Рүстем Омаровтың «Офсайд» атты сериалының YouTube желісінен өшіріліп, автордың Instagram парақшасының бұғатталуы болды. Бұл жағдайдың жеке, яғни нақты бір аккаунтқа қатысты жайт екенін атап өткім келеді. Мұндай кезде аккаунт иесі өз бетімен онлайн-платформаның әкімшілігіне хабарласып, парақшаны қалпына келтіру және себептерін анықтау туралы өтініш бере алады.

Сонымен қатар, отандық онлайн-сериалдар мен бейнежобаларда әдепсіз сөздердің қолданылуына байланысты да сұрақтар көтерілді. Бұл ретте ескеретін жайт – қазіргі заңнамада мұндай әрекет үшін нақты жауапкершілік белгіленген. Яғни, қоғамдық орындарда әдепсіз сөз айту — ұсақ бұзақылық деп танылады. Ол үшін 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу, 20-дан 60 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылған. Құзырлы органдар әрбір осындай жағдайды жеке қарастырады.

Биыл жыл басынан бері интернеттегі мониторинг нәтижесінде осындай елуден астам құқықбұзушылық анықталып, олардың барлығы бойынша Ішкі істер министрлігіне тиісті хабарлама жолданды.

Біз әрдайым ашықтықты, шығармашылық еркіндікті және көрерменге деген жауапкершілікті басты мақсат етеміз. Кино мен медиа саласының дамуы қоғамға, мәдениетке және бәрімізді біріктіретін ортақ құндылықтарға құрметпен қарауға негізделуі тиіс.

Бірлескен жұмыстар нәтижесінде отандық кино бұдан да биік белестерді бағындыра береді деп сенеміз!

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Жетісудың әлеуметтік-экономикалық әлеуеті

Жетісудың әлеуметтік-экономикалық әлеуеті

12.12.2025
«Қолма-қолсыз» төлемдер жалпы операциялар саны мен карталарды шетелде пайдалану көрсеткіші бойынша бірден екі рекордты жаңартты.

«Қолма-қолсыз» төлемдер жалпы операциялар саны мен карталарды шетелде пайдалану көрсеткіші бойынша бірден екі рекордты жаңартты.

12.12.2025
Білім саласында сүйінші жаңалық: Министр мәлімдеме жасады

Білім саласында сүйінші жаңалық: Министр мәлімдеме жасады

12.12.2025
Жетісу облысы: үш жылда 1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 276 әлеуметтік нысан жаңартылды

Жетісу облысы: үш жылда 1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 276 әлеуметтік нысан жаңартылды

12.12.2025
Бейбіт Исабаев: «Туристерге қолайлы жағдай жасау – басты міндеттің бірі»

Бейбіт Исабаев: «Туристерге қолайлы жағдай жасау – басты міндеттің бірі»

12.12.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.