Алакөл ауданындағы дауыс беру учаскелерінің бірінде ПЧ-43 ұжымының 50 қызметкері Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, өз азаматтық таңдауын жасады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Жергілікті төтенше жағдайлар мен өрт қауіпсіздігі саласының мамандары сайлау учаскесіне ұйымшылдықпен келіп, өздерінің конституциялық құқығын жүзеге асырды. Еңбек ұжымының саяси науқанға белсене қатысуы өңірдегі қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамытуға зор үлес қосады. Жергілікті деңгейдегі саяси процесстер ауылдық аймақтар мен аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуына, инфрақұрылымды жақсартуға оң ықпал етеді.
Сайлау бойынша нақты әрі өзекті ақпаратты, сондай-ақ дауыс беру ережелерін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ресми ресурсынан қарауға болады.
Өз азаматтық борышыңызды орындап, туған өңіріңіздің келешегіне үлес қосыңыз!





