Талдықорған: +35°C
$ 473.59
€ 544.68
₽ 5.94
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Алғашқы қазақ мектебі

22.03.2024
КҮНДЕРЕК
Алғашқы қазақ мектебі
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісудың шұрайлы өлкесі Ақсу өңіріндегі «Мамания» мектебінің орны тарихтан сыр шертеді. Қазір кезіндегі алғашқы қазақ мектебінің іргетасы да қалмаған.  Құран оқыта барғанымызда байқағанымыз, топырақ пен шөптің арасынан құрылысқа пайдаланылған жақпар тастарды табуға болады. Қазір мал су ішіп жүрген тұма сол кездегі қазақтың зиялылары мен ұлтты білім нәрімен сусындатамыз деп мектеп тұрғызған  атымтай жомарт азаматтардың шөлін қандырған бұлақ. Мөлдір бұлақтың суын алақаныма толтырып  тұрып, Сұлтанмахмұд Торайғыровтың «Бір адамға» деген өлеңінің:  «Кесені қолыма алып қарай бердім, ішінде нақақ көзден жас бар ма деп» деген жолы тіліме оралды.  Шөлімізді қандырған салқын судан сыр іздегендей болдым.  Бірақ, табиғат тамашасы  өткен күннен дерек бермеді. Тек, дәл осы қалпымда ғасырлар бойы адамзатқа күш беремін дегендей сылдырап аға берді. Орнында бардың оңалатынын  ұғындырғандай.  

«Қарағаш»  қалашығының орнында Үкімет тарапынан қойылған белгітас бар. Онда бұл жер «Мамания» мектебінің орны екендігі жазылған. Тарихты  Маман құт әулетінің  зираттары  дәлелдеп тұр.

Қасиетті қара шаңырақты ақтың әскері қиратқан. Бұл жайында Қарағаш коммуна жастар мектебінің оқушысы  Алтынай Есболатқызы қаз-қалпында айтып берген еді. Паровоз жүргізгендіктен ол кісіні ел-жұрты «Паровоз апа» атап кеткен. Әскери қызметте болған апа ғасырға жуық ғұмыр кешті. Өзінің айтуынша, жас кезінде  басына ауыртпалық түскен жандарға қамқор болған кейуана ұзақ жасауының сырын сол адамдардан алған алғыспен астастыратын. Есін білер-білмес кезінде жетім қалыпты. Ашаршылық жылдары өз қолымен тоқыған тоқымасын көрші ауылға апарып тоқашқа айырбастап  келемін  деп кеткен анасы шаңырағына қайта оралмаған.  Көршілері  апаң келгенше коммуна мектебінде  оқи тұрасың деп Қарағаш мектебіне апаруға  алып шығады. –Қыстыңгүні еді. Бір сайдан өтіп бара жатқанымызда анамның күртешесі мен аяқ киімін көрдім. Сөйтсем мені аш қалдырмайын деп тамақ алып келе жатқан анашымды қасқыр жеп кетіпті,– деп күрсінген.  Алтынай апа.  –Біз оқуға барған 30-шы жылдары «Мамания» мектебі жоқ еді. Қарағаш ауылы мен Мамания мектебінің ғимараты 1918 – 1920 жылдары  ақтардың бекінісіне айналды.  Ақтардың атаманы Анненковтың қарамағындағы Бедарев пен Осиповтың отрядтары Қарағашқа бекініп, 1920 жылы Қытайға ауарында мектепті өртеп кетіпті.

Ал, 1924 жылы осы мектепті үйлердің өртенбей қалған жерлерін қайта қалап, мектеп-интернатқа айналдырыпты.   «Мәкей Еркінбеков, Төтенов деген директорларымыз болған.  Мәкейдің әйелі Сара тәрбиеші еді. Абдоллаев, тараншы Қасым Мәсімов, Немеребаев, Төребаев, Үсенов, Прошулин деген ұстаздарымыз болды.  Маман –Тұрысбектердің 12 бөлмелі үйінде оқыдық.  Атала, қаракөже қайнатып беретін. Бір күні орыстар трактор әкеліп,    Маман қажыға  қойылған құлпытасты құлатты. Бір жеті жүріп, қақ ортасынан бөлді.  Күміспен латынша жазылған жазуы болған.  1930  жылы қызылдардың осындай оспадар қылықтарына ренжіген  тұрғындар көтеріліске шықты. Көтерілісшілер: «Бөрібай, Бөрібай» деп атпен шауып келгенде  көпшілік бір орынға жиналатын. Сол жерде ақылдасу, қару-жарақ жинау, мінетін ат беру мәселесі айтылатын.  Олардың келгенін ауылға айту бала болсам да маған да жүктелген. Үйдің төбесіне шығып отырамын, көтерілісшілер келе жатса бар даусыммен әндетемін. Сонда ауылдағылар бөрібайшылардың   келе жатқанын білетін.  Балалар үйінің тәрбиеленушілерін жазда Баласаз жайлауына апаратын. Бүлдірген жейтінбіз. Кейіннен 32 жылы  балаларды Қарағаштан  Тақыртұмаға жаяу апарды. Неге өйткенін  білмедім. Шыққанда  қырық адамға бір адам жетпейтінбіз (39).  Тақыртұмаға 18-і ғана жетті. Ірілеу едім «тәте, тәте» деп жылаған бір қызды өзім арқалап бардым.  Қалғаны жүре алмай жолда қалды. Сол жылы қараша, желтоқсанда аштық қатты қысты. Бірақ, мұғалімдер бізді аш қалдырмады. Қатты ашыққанда «Қаракеней» деген шөптің тамырын, «Жаужұмырдың» пиязын жейтінбіз,–деген Алтынай апа  Қарағаш коммуна мектебінде оқыған кезін еске алатын.  Ол сол кездегі бір жағдайды жаны ауыра отырып баяндайтын. «Түн ортасы ауғанда жатақханамыздың терезесінің алдына бір апаның сұлбасы келетін.  Ол Маман әулетінің анасының рухы еді. Сенесіңдер ме, мен сол апаның кескінін көзіммен көрдім.  Ақ кимешек киген апа еді. Терезенің қасына келіп: «Құртты-ау, бүлдірді-ау, қиратты-ау–деп зарлап, жылайтын. Баларының   ақ ниет, еңбекпен салған  мектебінің күлге айналғанына  күйініп, күңіренетін. Сол апаның рухының келетін уақытын да біліп жататынмын»,– дейді Алтынай апа.  Жарықтық,  «Паровоз апа» қиындықты көп көрсе де мойымады.  Шежіре қарт 100 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

Алғашқы қазақ мектебінің іргетасын кімдер қалады?  Мектепті ашушылардың оқу бағдарламасы,  үлгі-өнегесі жалғасын тапты ма?   Ақсудағы «Мамания» мектебінің 125  жылдығына орай қандай шаралар жүргізіліп жатыр?  Енді сол жайында қалам тербесек.

«Қазақтарда бір Мамановтар мектебінен басқа мектеп, медресе жоқ. Тіпті, оқыту үшін қайғырушы бір адам жоқ», – деп  «Айқап» газетінің 1912 жылғы  №3 санында  Сабыржан Ғаббасов «Қапалға да ай туды» деген мақаласында  жазған екен.

Сол Мамановтар, яғни «Мамания» мектебін тұрғызу жайлы бастама   1899 жылдан басталған. Алдымен Хасен мен азаншы Омар оқушыларға  Құран сүрелерін оқытады. Білім орнында  дін және жадитше дәріс беріледі.  Бұл жөнінде  Адай Есенқұлов  «Ғасыр ғұмырлы мектеп» атты мақалада

«Мамания» медресесінде қазақ тілі, есеп, иман-шарт, Құран, орыс тілі, пайғамбарлар тарихы, жағрапия, зоология, ислам діні тарихы, татар тарихы, хадис (Пайғамбарлар өсиеті) оқытылғандығы туралы жазылғандығы тіркелген.

Маман-Тұрысбек әулеті  «Мамания» мектебін Ғалия медресесі сияқты  сапалы білім беретін  ордаға айналдыруды мақсат етеді. Төрт кластық мектепке Қарқаралы уезінің қаракесек руынан Мұстақым Малдыбаев меңгеруші болып тағайындалды.  Қарағаштағы Маман әулетінің қаржысына салынған «Мамания» медресесі   3 жылдықтан басталып, 1904 жылы 6 жылдыққа, кейін 1909 жылы 8 жылдыққа ұзартылып, мектеп дәрежесін иеленеді.   Қарағаштағы «Мамания» мектебінің ашылу салтанатына Барлыбек Сырттанов пен Мұстақым Малдыбаевтың арнайы шақыртуымен атақты әнші Майра Уәлиқызы келеді.  Ол бір жылдай  оқушыларды өнерге баулып, содан кейін еліне қайтады. Сол кезде:

«Хош боп тұр, туған жерден алыстағы ел,
Мектеп ашып, той жасап, толысқан ел.
Лепірген асау Ақсу өзеніндей,
Әндері дәулетімен молысқан ел.
Қарағаш ән шырқадым баурайында,
Сөзімді ізгілерге арнадым да», – деп кетерінде «Қоштасу» әнін арнайды.

Мектеп ашылған жылдары 8 оқу бөлмесі, 4 үлкен зал, 60 орынды интернат үйі болған. Маман құттың ұлдары Тұрысбек, Сейітбаттал, Есенқұл қажылар білікті мұғалімдерді «Қазақ» және «Айқап» журналдары арқылы мектепке  шақырады. Білім-білігі жоғары, жаңаша дәріс беретін, бірнеше тіл білетін мұғалімдер әлеуметтік жағдайының жан-жақты жасалатынын естіп, көптеп келеді.  Олардың барлығына үй салып береді.   Білім шаңырағына ұстаздар  Стамбұл, Қазан, Уфа қалаларынан шақырылады. Файзрахман Жихангеров,  Мұхаметқали және Фатима Есенгелдиндер өте білімді дәріскерлер еді.  Ал Ғабдолғазиз Мұсағалиев ұстаз Каир университетін бітірген заң қызметкері, сегіз елдің тілін білген ғалым, ойшыл-философ, шығыс елдері тарихы мен әдебиетінің зерттеушісі. Ғабдолғазиз Мұсағалиев Барлыбек Сырттановтың шақыруымен келеді.

Бүгінде Ақсу ауданында «Мамания» атында мектеп бар. Онда тарихи мектептің оқу бағдарламалары жүргізіледі.  Ақсу ауданының әкімінің орынбасары Күләйхан Дәулетбековадан «Мамания» мектебінің 125 жылдығы аясында қандай шаралар ұйымдастырылып жатқандығы жайлы сұраған едік. – Мектепті тарихи орынға айналдыру жайлы ұсыныстар айтып жатырмыз. Оған мемлекет тарапынан қаржылай көмек керек екенін білесіздер.  Өз тарапымыздан сәуір айында  тазалық күнін өткізбекшіміз. Оның да   жоспары жасалуда.  Білім шаңырақтарында «Алғашқы қазақ мектебі»  тақырыбында жазылған шығармаларға байқау жарияланып, тәрбие сағаттары өтіп жатыр.  Шығармалардың қорытындысы күзде жарияланады.  Қазан айында ғылыми конференция өткізбекшіміз.  Алқалы басқосудағы  баяндамалардың мағлұматы мол, пайдалы болуына мән бермекшіміз. Сондай-ақ,  жақсы-жайсаңдар   тиімді  бастамалар көтеруіне мән бермекшіміз,–дейді Күләйхан Тұрсынбекқызы.

Биыл Байқажы әулеті салдырған «Мамания» мектебінің 125 жылдығы.  Мектеп орны тып-типыл. Өткенімізді білмей, жаңаны қадірлеу мүмкін емес. Сондықтан, тарихи орынға жол салынып,  Қарағаштар мен қасиетті бұлақ қорғауға алынса. Мектеп құрылысына пайдаланылған жақпар тастарды пайдаланып, оқу ғимаратының шағын ғимаратын жасаса.

Гүлжан  ТҰРСЫН

 

 

Қатысты жаңалықтар

Биылғы сайлау науқаны саяси бәсекенің жаңа кезеңін айқындады

Биылғы сайлау науқаны саяси бәсекенің жаңа кезеңін айқындады

02.08.2026
Ауыл жағдайы айтылса

Ел болашағын айқындайтын маңызды науқан

02.08.2026
«Балаусаға» шыққан балдырғандар

«Балаусаға» шыққан балдырғандар

02.08.2026
Орманды өрттен сақтайық!

Орманды өрттен сақтайық!

02.08.2026
Алғашқы алтын

Алғашқы алтын

02.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.