Талдықорған: +21°C
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Алғашқы депутаттар

13.10.2024
КҮНДЕРЕК
Алғашқы депутаттар
WhatsAppTelegramFacebook

Биыл 15 наурызда бұрынғы Талдықорған облысы, қазіргі жер жаннаты Жетісу облысының құрылғанына 80 жыл толды. Облыс жұрты талай тарихи кезеңнен өтті, соның бірі 24 маусымда Қазақ Советтік Социалистік Республикасында тұңғыш өткен Жоғарғы Кеңестің депутаттарының сайлауына 86 жыл толады. Бұл қазақ тарихындағы алғашқы мемлекетті басқаруда әрі демократия институттарын дамытуда жоғарғы өкілетті органның рөлі аса зор еді. Сондықтан сол алғашқы халық қалаулыларының бүгінгі егеменді елде өмір сүріп жатқан ұрпақтары қазақ парламентаризмінің тарихын және онда қызмет атқарған, сайланған жеке тұлғалардың тарихын, өмір деректерін зерттеп қарауы керек.

Жер жаннаты Жетісуда бірінші халық сайлауында 35 сайлау округінен 30 депутат сайланған екен. Қолда бар құжаттарға сүйеніп қазіргі Жетісу облысынан КСР Жоғарғы Кеңеске сайланған алғашқы депутаттардың өмір деректеріне қысқаша тоқталмақпыз.

1938 жылы 24 маусымда республика көлемінде өткізілген Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының І Жоғары Кеңес сайлауда жалпыға бірдей тең және жасырын дауыс берілді.

1938 жылы 1 қаңтарда республикада 5 млн. 230 мың халық тіркеліпті. Оның 2 млн. 980 мыңы дауыс беруші. Бұлар 300 сайлау округіндегі 7717 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Сайлау қорытындысы бойынша 99,2%-ы сайлауға қатысты. Осы сайлауда сайланған 300 депутаттың ішінде 112 жұмысшы, 116 колхозшы, 72 советтік интеллигенция болды. Оның ішінде қазақтар 152 адам, орыстар 94 адам және 54-і басқа ұлт өкілдері еді. Сайланған депутаттардың арасында 60-ы әйел, оның ішінде 27-сі қазақ. Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің депутаттығына 241 коммунист сайланды. Олардың арасында Нұрипа Досқожанова, ақын Жамбыл Жабаев, Күләш Байсейітова, сынды белгілі тұлғалар бар. 1938 жылы 18 маусымда өткен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясын халық ақыны Жамбыл Жабаев жырмен ашты.

Алғашқы депутаттар 1938 жылдан 1947 жылға дейін, яғни екінші шақырылымдағы Жоғарғы Кеңес сайланғанға дейін өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарды. Осы жылдар аралығында Жоғарғы Кеңестің сессиясы 9 мәрте шақырылды. Оның ішінде 6 сессия Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанға дейін, 7-ші сессия 1944 жылы сәуір айында, 8-ші сессиясы 1945 жылдың шілде айында өтті.

Жер жаннаты Жетісудың 35 сайлау округінен 30 депутат сайланды. Олар туралы мәліметтер арнайы анықтамалықтарға жарияланды.

1. Ақсу ауданы: Әбдірахманов Жұмабек (Бақалы ауылы), Щербаков Петр Васийлевич (Ворошилов атындағы колхоз).

1938 жылдың шілдесінен 1943 жылдың маусым айына дейін Қапал ауылының тумасы Иқтисамова Сарби Рамазанқызы (1904-1982 ж.ж.) Қазақ КСР Әлеуметтік қамсыздандыру халық комиссары болғанын айта кеткен жөн болар.

2. Балқаш ауданы: Әбдірахманова Әлиман (Бөрілітөбе, Балқаш аудандарында басшылық қызмет атқарған).

3. Бөрілітөбе ауданы: Ержанова Мәкен (Бөрілітөбе, Шелек аудандарына басшылық қызмет атқарған).

4. Дзержинский ауданы: Крухмолев Семен Степанович (Колпаковский МТС комбайншысы, Ақсу, Қапал аудандарында совхоз директоры).

5. Еңбекшіқазақ ауданы: Жүнісбаева Базнеш (Калинин, Садыр колхозы, Қоғалы ауданы Ленин совхозында басшылық қызмет атқарған).

6. Шарипов Сабдық (Аутпартком бірінші хатшысы, Алматы қаласы, Гурьев облысында басшылық қызмет атқарған).

7. Жаркент ауданы: Ашықбаев Нұрасыл (қалалық Кеңес төрағасы, т.б. жұмыс атқарған).

Бірінші сайланған Қазақ КСР Жоғарғы депутаттары (1938-1946 ж.ж.) тұсында Жаркент өңірінен 1943-1946 жылдары Елубаев Оспанбай (1910-1984 ж.ж.) Қазақ КСР Әлеуметтік қамсыздандыру халық комиссары, министрі болғанын еске салайық.

8. Қаратал ауданы: Ерастов Константин Васильевич (аудандық аурухананың дәрігері).

Қожамұратов Ысқақ (Киров атындағы Талдықорған қант зауытының бригадирі, Киров поселкілік кеңесінің төрағасы, Қаратал ауданының «Большевик» колхозының төрағасы).

9. Қаскелең ауданы: Төлемісов Шәкір (Екпінді, Полиотдел, Сталин атындағы колхозда жұмыс істеген).

10. Қастек ауданы: Жамбыл Жабаев халық ақыны (Ерназар атындағы колхоз).

11. Кеген ауданы: Жайсамбаев Нұрғали (Кеген, Ақсу, Ұйғыр ауатком төрағасының орынбасары болған).

12. Қоғалы ауданы: Бәжіков Әшім (Қоғалы, Қаскелең ауатком төрағасы, Шығыс Қазақстан облысында басшылық қызмет атқарған).

Турченко Архип Петрович (Қоғалы МТС комбайншысы, Холмогоров ауылдық кеңесінің төрағасы).

13. Іле ауданы: Кеншенбаев Бейсенбай (№7 қой совхозының директоры, Қапал ауданы, Бүйенақсу совхозының директоры).

14. Сарқан ауданы: Жұмағұлов Осман Ғалиевич (Алматы облпартком екінші хатшысы, Сарқан, Ақсу аупартком хатшысы, Қазақ КСР совхоздар халық комиссары, Жамбыл, Ақмола облысында басшылық қызмет атқарған).

Гарагаш Александр Диментьевич (аупортком хатшысы, Алматы, Ақмола, Қызылорда, Семей облыстарында басшы қызметін атқарған).

15. Ұйғыр ауданы: Саттарова Салиман  Искендирова (Ұйғыр музыкалық Қазақ академиялық драма театрының әртісі).

16. Шелек ауданы: Орунтаев Сұлтан («Жаңашаруа» колхозының төрағасы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік, Асы, «Милонпан» колхоздарының төрағасы).

17. Октябрь ауданы: Әміреев Әбуғали (аупартком төрағасы, Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аупартком төрағасы, Алматы облысының комсомол комитетінің бірінші хатшысы).

18. Алматы облысынан: Карпов Александр Хрисофович (Алматы аяқкиім фабрикасының директоры, Алматы облпартком хатшысы, партия коллегиясының хатшысы).

Мининберг Вульф Абрамович (Алматы облпартком хатшысы, Қазақ КСР жергілікті өнеркәсіп халықком орынбасары, т.б.)

Газет беті көтермейтіндіктен және 1939 жылға дейін Алматы облысының құрамында болған Қордай, Шу, Аягөз, Үржар, Мақаншы аудандары мен Қазақстан Компартиясы және Қазақ КСР Орталық Атқару Комитетінен, Түрксіб саласынан сайланған депутаттардың өмір деректері берілмеді.

Өзім туып-өскен Көксу, Қаратал өңірлерінен І Жоғарғы Кеңеске сайланған депутаттарға тоқталайын.

Бірінші, 1910 жылы Қаратал ауданы Қарашеңгел ауылында туған Шажабек Бәймишев Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне Алматы облысының №23 Талғар сайлау округі бойынша депутат болып сайланған. Ол туралы «Кто есть кто в Казахстане» атты өмірбаяндық энциклопедияның 1912 жылғы 12-інші басылымында жазылған. Шажабек Бәймишев депутаттыққа сайланғанға дейін 1928-30 жылдары Қаратал ауданында кедейлер комитетінің хатшысы, 1930-32 жылдары Қаратал ауатком хатшысы, 1932 жылы Қаратал аудандық тұтыну комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, 1932-33 жылдары Қазақ КСР Нарком сынап курсының курсанты, 1933-38 жылдары Іле ауатком төрағасы болған. 1942 жылы Жоғарғы Кеңес Президиумының хатшысы және Жастар комитеті одағының бірінші хатшысы қызметін атқарған Бәймишев 1942-44 жылдары соғысқа қатысады. Соғыстан кейін Кеген, Балқаш аудандарында атқару комитетінің төрағасы сынды басшылық қызмет атқарып, 1975 жылы зейнеткерлікке шығады. Шажабек ағамыз 1997 жылы 87 жасында өмірден өтті. Артында 1 ұл, 4 қызы қалды. Шажабек Бәймишевке Қаратал өңіріне беделді Таңатар Иманғалиев «Рухани жанашыр» кітабында 3 беттік естелік арнаған.

Екінші, 1906 жылы 30 желтоқсанда Қаратал ауданы Сарыбұлақ ауылында туған Мәмекбай Бисапанов 1938 жылы Қостанай облпартком бірінші хатшысы ретінде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне Қостанай облысының №169 сайлау округінен депутат болып сайланған. Дегенмен оның қызметінен кейінгі өзгерістер жөнінде еш мәлімет жоқ. Мұрағаттық жинақта өмір дерегіне қатысты басқа дерек жазылмапты.

«Кто есть кто в Казахстане» атты энциклопедияда 1914-20 жылдар батырақ болып жалданғаны, 1920-24 жылдары Көксу ауылшаруашылық мектебінің студенті, 1924-25 жылдары Троицк волоском хатшысы, 1925-27 жылдары Талдықорған уездік комитетінің бөлім меңгерушісі, 1927-28 жылдары Талдықорған уездік партком бөлім меңгерушісі, 1928-30 жылдары Ақсу, Серпихов, Түрксиб уком, райком басшысы, 1930-31 жылдары Малайсары ауылдық компартия хатшысы, 1931-38 жылдары Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай аудандық компартия хатшысы, 1938 жылы мамырдан 1939 жылы желтоқсанға дейін Қостанай облыстық партком бірінші хатшысы болып қызмет атқарғаны жазылған.

Сөздің орайы келгенде айта кететін бір жағдай, сайланған 300 депутаттардың 15-і «халық жауы» деген қара таңбамен айыпталып, сотталған. Соның бірі жерлесіміз Мәмекбай Бисапанов. 10 жылға жаза кесілген ол 1950 жылы маусымда бар айыптан арылып, 1955 жылы зейнеткерлікке шығыпты. 1961 жылы 9 қарашада өмірден озды.

Үшінші, Нұрипа Досқожанова 1915 жылы қазіргі Көксу ауданы Сарыбастау тауының етегінде туған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне Алматы облысының №49 Екінші Талдықорған сайлау округі бойынша депутат болып сайланып, округте тіркелген 11511 сайлаушының 11435-і қолдауын алған. Талдықорған ауданы «Екпінді» колхозында алдыңғы қатарлы қызылша звеновойы болып істеген Нұрипа Досқожанова кейін республикалық ауылшаруашылық техникумын бітіріп, «Екпінді» ұжымшарының партия бастауыш ұйымының хатшысы болып сайланған. Жетісулық әйелдердің арасынан алғашқы болып «Екпінді» колхозының төрайымы болған. Зейнеткерлікке шығар алдында ферма меңгерушісі ретінде абыройлы қызмет атқарады. Нұрипа апамыз Ескелді би, батыр, әулие елінің жігіті Серғазинов Жақсылықпен тұрмыс құрып, тату-тәтті өмір сүрген. Ұлдары Болат жас күнінде өмірден өткен екен.

Қазақ Ғылым академиясының Шоқан Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтының 1967 жылы шығарған «Культура и быт казахского колхозного аула» деген ғылыми кітапта Нұрипа апамызға бірнеше бет арналған. Бұл кітаптың жауапты редакторы Қазақ КСР ҒА академигі Әлкей Марғұлан.

Ескелді ауданынан бірінші Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған Нұрипа Досқожановаға Қарабұлақ кентіндегі бір көшеге аты беріліпті. Өзі өскен, басқарған Екпінді ауылындағы мектепке, кітапханаға есімін беріледі деп сенеміз. Қалталы азаматтар Екпінді ауылына ескерткіш немесе ескерткіш тақтасын қояды деген үміттеміз.

Төртінші, 1902 жылы 22 тамызда қазіргі Көксу ауданы Сарыбастау тауының етегінде Сыпатайлар шоғырланған елді мекенде өмірге келген Шағыраев Баймұханбет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне Батыс Қазақстан облысының №143 Орда сайлау округі бойынша депутат болып сайланыпты. 1938 жылы Қазақ КСР халық комиссары болып қызмет атқарған Шағыраев туралы басқа дерек жоқ. Тек: «Құжаттарда қызметіндегі, кейінгі өзгерістер жөніндегі мәліметтер жоқ» – делінген.

«Наркомы Казахстана. Биографический справочник» атты анықтамалық пен «Кто есть кто в Казахстане» деген энциклопедияда ағамыздың аты-жөні «Чагыраев» деп жазылған. 1918-21 жылы Күшік – Балғалы ревкомының хатшысы, 1921-23 жылдары Талдықорған уезкомының нұсқаушысы, 1925-26 жылдары ВКП(Б) жанындағы курстың тыңдаушысы, 1926-28 жылдары Ленин уезкомының үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, 1928-30 жылдары Малайсары, Еңбекшіқазақ, Қазталы, Қарабалық райпартком хатшысы, 1933-38 жылдарға дейін Маңғыстау, Алматы, Сталин райком партиясының басшысы қызметтерін атқарған Баймұханбет Шағыраев 1937-39 жылдары Қазақ КСР Әділет Наркомы, КСРО Жоғарғы сотының мүшесі болып, 1939-41 жылдары 15 «халық жауының» қатарында айыпталып, темір тордың арғы жағында отырады. 1941-53 жылдары Қарағанды, Ақмола облыстық НКВД қарауында болған ол 1954 жылы қыркүйек айында ақталып шығады. 1956 жылы зейнеткерлікке шыққан. «Құрмет белгісі» (1957 жыл) орденімен, басқа да медальдармен марапатталған. 1986 жылы 28 қыркүйекте өмірден өтті.

Көксу, Қаратал өңірлері туралы айтқанда, жергілікті жұртшылыққа жақын туыс, жанашыр дос болып кеткен алғашқы депутаттың бірі Осман Жұмағұлов жайында сөз қозғамауға болмайды. 1895 жылы Павлодар қаласында туған ол 1938 жылы Алматы облыстық партия комитетінің хатшысы міндетін атқарған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне Алматы облысы №43 Матай сайлау округы бойынша депутат болып сайланған. Кейіннен Сарқан, Ақсу аупартком хатшысы болған Жұмағұлов Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің бірінші және екінші сессияларында Алматы облысының депутаттары атынан сөз сөйлеген. Қазақ КСР халық комиссары, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жамбыл облысындағы ұйымдастырушылық комитетінің төрағасы, Ақмола облысы, Калинин ауартком төрағасы болған О. Жұмағұлов 1934-37 жылдары Үштөбе ет кеңшарының директоры, 1937-38 жылдары Сарқан және Ақсу аудандық партия комитетінің хатшысы, Алматы облыстық партия комитетінің екінші хатшысы, 1938 жылдың шілдесінен 1939 жылдың қазанына дейін Қазақ кеңшарлар халық комиссары ретінде адал қызмет атқарған. 1960 жылы зейнеткерлікке шығып, 1965 жылы өмірден озды.

Жетісу өңіріне Сарыарқадан қызмет бабына орай ауысып келген Жұмағұловтар әулетінің тағы бір мүшесі Сыздық Жұмағұлов Андреевка аудандық партия комитетінде қызмет етеді. Қазақ тарихындағы алғашқы депутаттың бірі Осман Жұмағұловтың қарындасы, бұрынғы Талдықорған облысына көп еңбек сіңірген Клара Сыздыққызы Жаркент педучилищесін 10 жыл басқарды. Көксу ауданында 1971-91 жылдар аралығында аудандық партия комитетінің үшінші хатшысы болып абыройлы еңбек еткен Клара Жұмағұлова қоғам және мемлекет қайраткері, «Көксу ауданының Құрметті азаматы» атанды.

Дәм-тұзы жарасып, көксулық заңгер Әбілмәжін Байсұлтановпен отбасын құрып, Арман деген ұл сүйген Клара Сыздыққызы әлі күнге дейін ат үстінде, қоғамдық жұмысқа белсене қатысып, білгенін, көргенін, өсиетін, жас ұрпаққа айтып келеді. Ара-тұра аудандық «Нұрлы Көксу» газетіне естеліктер жариялап тұрады. Жер жаннаты Жетісуда 73 жыл өмірін өткізіп, 20 жыл тапжылмай бір ауданның идеология саласын басқарған Клара Сыздыққызына «Талдықорған, Алматы облыстарының Құрметті азаматы» атағы бұйырмады. Осы мәселе облыс, аудан басшыларын ойландырар демекпіз.

Заман өзгереді, заң өзгереді. Соған сәйкес, өзіміз бастан кешкен тарихи кезеңде халық депутаттары кеңесінен екі палаталы (Сенат, Мәжіліс) кәсіби парламентке өттік. Бүгінде екі палаталы парламенттің құрылымы жалпыреспубликалық және өңірлік мүдделерді біріктіруге мүмкіндік береді. Қазір биліктің заң шығару органын нығайту – экономикалық өркендеудің, әлеуметтік, азаматтық қоғам құрудың міндетті талаптарының бірі болып отыр. Сонда да болса Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің бірінші сайлауы ел тарихының бір қайталанбас парағы екендігін ұмытпайық.

Бұл мақаланы жазу себебім, «ер есімін ескермесек, естен кетеді» немесе «адам қайтыс болған күні өлмейді, есімі ел санасынан ұмытылған күні өледі» деген сөзді тағы бір жаңғырту, кейінгі ұрпақтың есіне салу. Кейінгі толқын өткенді жаңаша танып, зерттеп, зерделеп жазар деген үміттеміз.

Құлтай НҰРҚАЛБАЙҰЛЫ,
тарихшы, өлкетанушы
Талдықорған қаласы

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

09.08.2026
Азияда топжарды

Азияда топжарды

09.08.2026
Бағалау өзгерді, білім сапасы ше?

Бағалау өзгерді, білім сапасы ше?

09.08.2026
Қара өлеңнің Қастегі

Қара өлеңнің Қастегі

09.08.2026
Сашка бәрін біледі

Сашка бәрін біледі

09.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.