Талдықорған: +25°C
$ 521.57
€ 601.01
₽ 6.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Әлеуметтің әлеуеті зор

05.06.2025
КҮНДЕРЕК
Әлеуметтің әлеуеті зор

inbusiness.kz

2022 жылдың жазында еліміз жаңа бетбұрыс жасап, Жетісу жеке облыс болып қайта құрылды. Бұл уақыт көп пе, аз ба? Қалай десек те 3 жыл – бүтін бір өңірдің бағытын өзгерткен кезеңге айналды. Бүгінде біз сол 3 жылдың жемісін, әсіресе әлеуметтік саладағы серпілісті бағамдамақпыз.

Жеке облыс болып құрылған кезден бастап өңірде 15 әлеуметтік нысан іске қосылды. Нақты айтсақ, Алакөл, Сарқан, Панфилов және Қаратал аудандарындағы елді мекендерде мүгедектігі бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 30-50 орынды 4 жаңа орталық ашылды. Бұл нысандардың ашылуы мүгедектігі бар балаларын өз қаражаты есебінен Алматы, Астана қалаларына барып емдететін ата-аналар үшін өте тиімді болды. Енді ерекше балалар оңалту шараларын ешқайда бармай-ақ тұрғылықты жерінде тегін ала алады. Сондай-ақ, елімізде алғашқылардың бірі болып, 2023 жылы 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар үшін Алакөл көлінің жағасында 40 орынды «Жансая» жазғы сауықтыру лагері ашылып, өткен жылы 142 бала ата-анасымен бірге демалса, биыл 160 бала қамтылады деп күтілген. Ал болашақта Балқаш көлінің жағалауында да осындай лагерь ашу жоспарланған.

Бұдан өзге, облысымызда алғаш рет Панфилов ауданы Жаркент қаласында «Мерей» балаларды оңалту орталығының базасында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған модульді «Иппотерпия» орталығы ашылды. 2023 және 2024 жылдары Панфилов, Сарқан, Алакөл, Кербұлақ, Қаратал аудандары мен Текелі қаласында «Жанұя» отбасын қолдау орталықтары бой көтерді. Биылғы жылы Ескелді, Көксу және Ақсу аудандарында ашылады деп жоспарланған. Ал Талдықорған қаласында «Жанұя» орталығы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қызмет атқаруда. Бұл орталықтар қызмет алушыларға экономикалық, заңгерлік, психологиялық, медициналық және әлеуметтік қызметтер ұсынады.

Ал бой көтерген 15 әлеуметтік нысанның үшеуі Талдықорған қаласында ашылды. Атап айтсақ, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдарға арналған жаңа заманауи құрылғылармен жабдықталған «Асар» спорттық-оңалту орталығы; зейнеткерлік жастағы азаматтарға сапалы қызмет көрсету мақсатында ашылған «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» және «Қазақстан халқына» қорымен бірлескен аутизм және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған орталық. Бұл мекемелерге жүгінетіндер әлеуметтік қызметтің барлық түрін алуда. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2025 жылы Талдықорған қаласында 150 орынды мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту құрылысы басталмақ. Құны 8,8 млрд. теңге болатын нысанды салу үшін конкурс құжаттары әзірленуде. Жоспарға сәйкес жаңа нысан 2026 жылдың соңына дейін аяқталып, іске қосылуы тиіс.

Талдықорған қаласында 25 мыңға жуық зейнеткер тұрады. Осы орайда облыс әкімі Б. Исабаевтың тапсырмасы бойынша ашылған қаладағы зейнет жасындағы адамдар үшін «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» өткен жылдың қаңтарынан бері жұмыс істеп келеді. Ашылғалы бір жарым жылдай уақыт өткен орталықтың қазіргі тыныс-тіршілігінен хабардар етуде мекемеге арнайы барып, онда еңбек етіп жүрген қызметкерлер мен келушілерге жолығып, тілдесіп қайтқан едік.

Мекеме басшысы Әсет Оразбекұлының айтуынша, қазіргі таңда орталыққа мыңға жуық зейнеткер тіркеліп үлгерген. Оның ішінде қалаға жақын аудан, ауылдардан келетіндер де бар. Күніне 250-ге жуық адам келеді.

– Мұндай орталық қалада бұрын да болған, бірақ оның жұмысын жүргізіп, дамыту үшін қоғамдық ұйымдар арасында конкурс ойнатылатын. Енді орталық коммуналдық мемлекеттік мекеме форматында қайта ашылып отыр. Орталықта қаржылық және компьютерлік сауаттылық, ағылшын тілі, қазақ тілі, би үйірмесі, йога, вокал, шахмат-дойбы, үстел теннисі бойынша сабақтар жүргізіледі, скандинавиялық жүру ұйымдастырылады. Күнде таңертең келушілеріміздің қаладағы «Жеңіс», «Ардагерлер» саябағына барып, табиғат аясында демалып қайтуына да жағдай қарастырылған. Аптасына екі мәрте орталық жүзу бассейніне, сонымен қатар «Жастар» спорт кешеніне бильярд ойнауға да барады. Келушілердің ең үлкені 80 жастан асқан. Ал қызмет түрі олардың сұранысы мен қызығушылығына қарай көрсетіледі. Қазіргі таңда 30-дай қызметкер жұмыспен қамтылған. Бүгінде орталық қызметін тұтынушылар саны артты. Дейтұрғанмен, жаз мезгілінде келушілер саны қыстағыдай емес, саябырсиды. Өткен жылы жазда зейнеткерлерімізді өңірдегі киелі жерлерге апарып, аралатқан едік. Биыл да осы үрдісті қолға аламыз деген ойдамын. Қызметтер тегін көрсетілетін Желтоқсан көшесі, 59-үй мекенжайында орын тепкен орталыққа қаладағы зейнет жасындағы кез келген тұрғын келе алады. Келушілер жеке- басын куәландыратын құжат пен зейнеткердің жеке куәлігін көрсетуі тиіс, – дейді мекеме басшысы Ә. Оразбекұлы.

Белсенді өмір сүрудің зейнеткерлерге тигізер пайдасы зор десек, орталық қызметкерлері де өз жұмысын мінсіз атқарып келеді. Орталықтағы дәрігер күнде таңертең келушілердің қан қысымын өлшеп, арнайы журналға тіркейді.

Медицина саласында 40 жылға жуық жұмыс істеген Гүлнәр Абаева орталық ашылғалы еңбек етіп келеді. Айтуынша, зейнет жасындағылар белсенді өмір салтын ұстануы үшін барлық жағдай қарастырылған. Алғаш келген кезде олардың жасы мен денсаулығына қарай қандай қызмет түрін алуы керек екенін анықтайды. Келушілердің физикалық қана емес, ақыл-ойының үздіксіз дамуына да барынша ден қойылған.

– Жас келген сайын, бәрі болмаса да адамдардың басым бөлігінің бойында ұмытшақтық пайда болатыны белгілі. Сол үшін олардың психикалық белсенділігін арттыруда қазақ тілі, ағылшын тілін оқу мен миды жұмыс істететін шахмат пен дойбы ойынын ойнаудың да маңызы зор. Орталықта осы қызмет түріне ерекше ден қойылған. Ән салып, би билеп, жаттығулар жасау арқылы өмір сүруге деген ынтасы артқандар қатары қалың. Жалғызбасты адамдар үшін дос тауып сырласуына, белсенді өмір салтын ұстауға да тиімді. Мұнда келіп ауруын ұмытып, қалыпты өмірге қайтқандардың қарасы көп. Сонымен қатар, қан қысымы реттелгендер де баршылық. Келушілер арасында құдды бір жұмысқа келгендей таңнан кешке дейін жүретін зейнеткерлер де бар. Негізі күн сайын қалмай келетіндер үшін (денсаулығына қарай) массаж кабинетіне арнайы бонус беріледі. Зейнет жасындағы адамдардың өмір сүру салтын қалыпты ұстауда осындай орталықтардың ашылғаны көңіл қуантады, – дейді дәрігер Гүлнәр Бәкірқызы.

Қазақ тілінен сабақ беретін Сәуле Арнайқызы да орталық ашылғалы еңбек етіп келеді. Бала оқытып, өмірін ұстаздық жолға арнаған ол зейнеткерлікке шықса да үйде отырмай, бойындағы білімін орталыққа келушілермен бөлісуде.

– Зейнеткерлікке шықсам да қазақ тілінен сабақ беріп жүргеніме қуанамын. Орталықтағы мемлекеттік тілді үйренсем, білсем дейтіндер қатары 70 пен 75 жастың аралығындағы адамдар. Екі топ бар: бастауыш және жалғастырушы. Екі топ та 10 шақты адамнан. Қазір жаз мезгілі болғандықтан келушілер саны саябырсыды. Күзге қарай адам саны толығады. Аптасына бес мәрте сабақ өткіземін. Сабақ барысында мемлекеттік тілді түсініп қана емес, сөйлей бастағандары да бар, – дейді С. Арнайқызы.

Жетісу облысы қайта құрылғанда жұрт көкейінде «Бұл өзгеріс не береді?» деген заңды сауал туындағаны рас. Дейтұрғанмен, бүгінде бұл сұрақтың жауабы нақты істермен айшықталды. Өңірде ашылған әр жаңа нысан соның айқын дәлелі.

Сәрби ӘЙТЕНОВА

Қатысты жаңалықтар

Уанас батыр

Уанас батыр

22.06.2025
Жайсаң жан еді

Жайсаң жан еді

22.06.2025
Әлия апа

Әлия апа

22.06.2025
«Жарығың сөнбесін» дейді жаны нәзік электрик

«Жарығың сөнбесін» дейді жаны нәзік электрик

22.06.2025
Дәуір уыты: есірткіге еліткендер азаяр емес

Дәуір уыты: есірткіге еліткендер азаяр емес

22.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.