Талдықорған: +35°C
$ 474.63
€ 544.50
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Алматы мен Жетісу облыстарында мыңдаған адам айлығын ала алмай отыр – депутат

17.01.2024
КҮНДЕРЕК
Алматы мен Жетісу облыстарында мыңдаған адам айлығын ала алмай отыр – депутат
WhatsAppTelegramFacebook

Мәжілістің кеңейтілген отырысында Алматы және Жетісу облыстарының шаруаларының жай-күйі көтерілді. Депутат Болат Керімбектің айтуынша, мыңдаған адам жалақысын ала алмай, көмек сұрап отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Жүгері өндірісі – өсімдік шаруашылығының басқа да бағыттары сияқты нарықтық экономика принциптеріне тәуелді сала. Мүмкін солай да болар, бірақ нарықтық принциптерге еш ықпал етпей, баға еркіндігіне ғана иек артып отыратын болсақ, осы екі өңірде туындаған жүгері мәселесін қалай шешпекпіз? Мыңдаған адам жалақысын ала алмай отыр, жүздеген шаруашылық қарызға батқан. Онымен қоса, нарықтың жолымен жүру үшін, ең алдымен сол нарықтың тиісті деңгейде қалыптасуын қамтамасыз ете алдық па? Жоқ! Өкінішке қарай, әзірше Жетісу мен Алматы облыстарында жүгері нарығы толығымен қалыптасты деп айтуға келмейді», — дейді депутат.

Бұл облыстарда нарықтық инфрақұрылым жоқ. Жүгеріні терең өңдеу зауыты өндіріс ошақтарынан тым алыс.

«Логистика дамымағандықтан оның құны қымбат. Цифрландыру саласын дамытсақ та, форсайттық зерттеулерге қаражат бөлсек те, қай өнімді егу тиімді екені туралы нақты бағыт-бағдар берілмейді. Ресей жүгерісінің Қазақстанға жаппай ағыла түсу тәуекелдері мемлекет тарапынан терең зерделенбегені айдай анық. Қытайға сату қиындықтары мен баж салығының бар екенін де естен шығармайық», — дейді депутат.

Аталмыш өңірлерге іссапармен барып келген депутаттар тобы мына деректерді келтірді: қазіргі таңда Жетісу облысында 125 мың тонна, ал Алматы облысында 30 мың тоннаға жуық жүгері сатылмай отыр. Оның 10 пайызы ылғалдылықтың кесірінен қамбаларда қызып, шіруге жақын тұр. Көгеріп мал азығына да жарамай қалған жүгері жетерлік.

«Біздің қатысуымызбен Алматы мен Жетісу облыстарының әкімдері Ауыл шаруашылығы министрімен кездесу өткізді. Ол жиналыста шаруалар да өз талаптарын жеткізді.  Айта кету керек, Жетісу мен Алматы облыстарының да, Ауыл шаруашылығы министрлігінің де қосымша бөлетін қаражаты жоқ. Жетісу облысының өзі Республикалық бюджетке тәуелді өңір. Сол себептен, бірден айтайық – жүгеріні сату проблемасын Үкімет қана нақты шеше алады», — деді депутат.

Болат Керімбек 2024 жылға қарастырылған бюджеттің тиімсіз бағыттары қысқартылып, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясына» 5 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінгенін мәселенің шешімі деп қарастыруға болатынын айтты.

«Берілген қаражатқа «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» жүгеріні элеваторларға жеткізіп, құрғатып, оны сақтау жұмысын ұйымдастырып, шет елге сату жағын шешуі тиіс. Сонымен қатар, «Аграрлы несие корпорациясы» мен «Қазагроқаржы» акционерлік қоғамдары, қаржыландыруға қатысы бар басқа да квазимемлекеттік ұйымдар шаруалардың берешегін бір емес, үш жылға шегеруін сұраймыз. Қажет болған жағдайда жүгеріні пайдаланатын қарыз алушы ұйымдарға жиналған көлемді сатудың амалын ойластырған жөн. Аталған ұйымдардан несие алған құс фабрикалары, бордақылау алаңдары, тіпті бос тұрған жем дайындайтын мекемелер осындайда жұмылдырылуы тиіс. Олар несие алған соң, қарыз берушінің талаптарын орындауға мәжбүр. Сол тетікті пайдаланып, екі жаққа да тиімді шешім қабылдауға ықпалдасу қажет», — деген ұсыныс айтты.

Сондай-ақ «қарызды шегеру мүмкіндігі суармалы егістіктерде берілмейді» деген қағиданы уақытша тоқтатып, қаржылық қиындыққа ұшыраған ірі шаруашылықтарға пролонгация беруді талап етті.

Мемлекет басшысы өткен жылғы Қазақстан халқына жасаған Жолдауында «Ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор. Бірақ біз қолда бар мүмкіндіктерді әлі де толық пайдаланбай отырмыз» — деп айтқан болатын.

«Расында да біз ауыл шаруашылығы, оның шінде өсімдік шаруашылығы саласының әлеуетін дұрыс пайдалана алмай отырмыз.  Шаруалардың жүгеріге қатысты туындаған проблемалары «AMANAT» партиясының да жіті бақылауында екендігін атап өткім келеді», — деп қорытындылады сөзін Мәжіліс депутаты.

Коллаж: Azattyq Ruhy / Әбілқасым Есентаев

Қатысты жаңалықтар

Ашық диалог орнады

Ашық диалог орнады

30.07.2026
Жетісу жаңа өндіріс кезеңіне қадам басты

Жетісу жаңа өндіріс кезеңіне қадам басты

30.07.2026
Текеліде аумақтық қорғаныс күштерінің оқу-жаттығуы аяқталды

Текеліде аумақтық қорғаныс күштерінің оқу-жаттығуы аяқталды

30.07.2026
Байқаушылар институтының құқықтық сауаттылығы

Байқаушылар институтының құқықтық сауаттылығы

30.07.2026
Орманды өрттен қорғайық!

Орманды өрттен қорғайық!

30.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.