Талдықорған: +13°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АДАМ ӨЛІМІН БОЛДЫРМАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

28 шілде 2020
КҮНДЕРЕК
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АДАМ ӨЛІМІН БОЛДЫРМАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қала және аудан әкімдерінің қатысуымен селекторлық жиын өткізді. Жиынға, сондай-ақ, мүдделі департамент, басқарма басшылары да қатысты.

Күн тәртібінде аймақтағы коронавирус инфекциясын тежеу бағытындағы жұмыстар мен өнеркәсіп, ауылшаруашылығының дамуы сынды мәселелер қаралды. 
Аймақтағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты облыс әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқов баяндама жасады. Баяндамашының айтуынша, ағымдағы жылдың 27 шілдесіндегі жағдай бойынша аймақта коронавирус инфекциясын жұқтырудың 4104 жағдайы тіркелген. Оның 32 пайызы симптомды болып табылады. Вирус жұқтырудың өсу қарқыны 1,6 пайызға төмендеген. 27 шілде күні 1 тәулік ішінде 75 науқас анықталды. Тәжвирусын жұқтыру қарқыны Қаратал, Ескелді және Көксу аудандарында жоғары.

– Облыс бойынша бір аптаның ішінде 3402 тест сынамалары алынған. Бұл осыған дейінгі алынған тестпен салыстырғанда 1,8 есеге аз. Тест тапсыру мәселесіне қатысты сауал туындаған жағдайда Алматы маңындағы аудан тұрғындары оңтүстік астананың жеке зертханаларына не болмаса Қарасай аудандық ауруханасына жүгіне алады. Емхана басшылығымен тиісті келісімшарт жасалынып, заң жүзінде бекітілген. Нәтижесінде індетке байланысты соңғы ақпараттарға ие бола аламыз, – деген Жеңіс Тұяқовтың баяндамасынан соң Амандық Ғаббасұлы ПТР сынамаларды күніне 8 мыңға дейін көбейтуді, сонымен қатар, облыстың медицина мекемелерін барлық қажеттермен, ең алдымен өкпені жасанды желдету аппараттарымен және компьютерлік томографиямен жеткілікті деңгейде жабдықтауды тапсырды. Мұндай жабдықтар медиктерге коронавирус инфекциясы мен пневмонияны ерте анықтау үшін қажет.

Өкінішке қарай, жұқпалы аурудың таралуына жекелеген өңірлер тұрғындарының карантин режимін сақтамай көп адамдар қатысатын шараларды өткізуі себеп болып отыр. Жеке тасымалдаушылар да санитарлық нормаларды сақтай бермейді. Осы айтылғандарға байланысты жаңағыдай кемшіліктерді болдырмау үшін нақты шаралар белгіленіп отыр.

– 21 шілдеден бастап облысымызда індеттен адам өлімін болдырмау бойынша ситуациялық кеңес беру орталығы жұмыс істей бастады. Мұның барлығын біз халқымызды, соның ішінде облыс тұрғындарын қауіпті індеттен қорғау үшін жасап отырмыз, – деп атап өтті Амандық Ғаббасұлы. 

Күн тәртібіндегі екінші мәселе ауылшаруашылығы мен өнеркәсіп саласының дамуы және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға арналды. Аталған мәселе бойынша облыс әкімінің орынбасарлары Лаззат Тұрлашов пен Жеңіс Тұяқов баяндама жасады. 

Коронавирус індетінің өршіп тұрғанына қарамастан негізгі капиталға инвестиция 243 млрд.теңгені құрады. 478 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша 24 млрд.теңге игерілген.

Өз кезегінде мәліметтерді облыстық білім басқармасының басшысы Майгүл Омарова толықтырды.

– Бүгінде жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Қыркүйек айында облысымыздың 760 мектебі 422 866 оқушыны қабылдайды. Оқу процесі  бірнеше кезеңге бөлінген. 642 мектеп қашықтан оқытуға көшеді. Республикалық «Әл-Фараби», «Ел арна» және өңірлік «Жетісу» телеарнасынан аптасына 5 уақыт бейне сабақтар көрсетіледі. Ата-аналармен байланысты күшейту бағытында call-орталықтар іске қосылған. 2019-2020 оқу жылында компьютер тапшылығы байқалды. Осыған орай бюджеттен жаңа құрылғыларды сатып алуға қаражат бөлінді. Биылғы жылы бірінші сыныпқа 45 мың бала барады деп жоспарлануда. Оқулықтарды толықтыру жұмыстары да атқарылу үстінде. Оқушыларға 70 жаңа автобус сатып алу жоспарланған болса, бүгінге дейін оның 35-і сатып алынды, – деді Майгүл Тілеутайқызы.

Жиынды қорытындылаған Амандық Ғаббасұлы көтерілген мәселелерге байланысты тиісті тапсырмалар жүктеді.

Осы күні облыс әкімі Президентке есеп беріп, аймақтағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жайында баяндады.

Еңлік ҚАБДЕШ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

7 қараша 2026
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

7 қараша 2026
Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

7 қараша 2026
Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

7 қараша 2026
«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

7 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.