Талдықорған: +3°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АГРОХОЛДИНГ ҚҰРҒАН ЭКС-МИНИСТР ӨМІРДЕН ОЗДЫ

1 қараша 2021
КҮНДЕРЕК
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АГРОХОЛДИНГ ҚҰРҒАН ЭКС-МИНИСТР ӨМІРДЕН ОЗДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірхан Досмұхамбетов өмірден озды. Қазаға байланысты ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Темірхан Мыңайдарұлы еліміз үшін еселі еңбек етіп, Қазақстанның саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени дамуына бар күш-қайратын арнағанын атап өтті. «Ол Туризм және спорт министрі, Президент Іс Басқармасының басқарушысы, Елорда әкімі лауазымдарын абыроймен атқарып, іскерлік қабілетін таныта білді. Әрдайым өзіне жүктелген маңызды міндеттерді үлкен жауапкершілікпен орындады. Сондай-ақ, Ұлттық Олимпиада комитетінің жетекшісі ретінде отандық спорт саласының өркендеуіне сіңірген еңбегі өте мол. Соңғы жылдары кәсіпкерлікті жаңа деңгейге көтеруге атсалысып, ауыл шаруашылығын ғылыми тұрғыда дамытуға зор үлес қосты. Әріптестері мен замандастарының ортасында сыйлы болды. Темірхан Мыңайдарұлының жарқын бейнесі халқымыздың жадында мәңгі сақталады. Марқұмның жаны жаннатта, иманы саламат болсын!» – деп жазылған Мемлекет басшысының жеделхатында.

Айта кетейік, Темірхан Досмұхамедов педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор болды. Марқұм осыдан үш жыл бұрын 70 жасын атап өткен еді. Темірхан Мыңайдарұлы ҚР Жастар істері, туризм және спорт министрі; ҚР Білім және Мәдениет министрлігі Туризм және спорт департаментінің директоры; ҚР Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі Туризм және спорт комитетінің төрағасы; ҚР Президенті Іс басқармасының басшысы, Астана қаласының әкімі; ҚР Туризм және спорт министрі, ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті атқарушы комитетінің мүшесі, президенті; Су спорты федерациясының президенті секілді лауазымдарды абыроймен атқарған. Өмірінің соңғы жылдары агрохолдинг құрып, еліміздің ауылшаруашылығын дамытуға да елеулі үлес қосты.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

30 қазан 2026
Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

30 қазан 2026
Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

30 қазан 2026
Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

30 қазан 2026
Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

30 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.