Талдықорған: +21°C
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Алқапты сумен түлеткен

08.08.2026
КҮНДЕРЕК
Алқапты сумен түлеткен
WhatsAppTelegramFacebook

Облыста дискретті суару технологиясы жүгері шаруашылығын дамытуға жаңа мүмкіндік беруде. Аймақта 2030 жылға дейін су үнемдеу технологияларымен қамтылған егістік көлемін 175,2 мың гектарға жеткізу көзделген. Қазіргі уақытта су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап көлемі 43,1 мың гектарды құрайды. Сонымен бірге бағасы қолжетімді әрі қолдануға ыңғайлы дискретті суару тәсілі облыстағы 35 шаруашылыққа тиесілі 3,7 мың гектар алқапта қолданылуда. Жаңа тәсіл суармалы суды 30 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл тәсіл, әсіресе, жүгері өсіруге тиімді. Жүгерінің қажетті кезеңде жеткілікті мөлшерде су алуы өсімдіктің біркелкі жетілуіне және өнімділіктің артуына ықпал етеді.

Ақсу ауданында биыл жалпы егіс алқабы 62 172,77 гектар болса, 10 073 гектар алқаптың 35,8 пайызына су үнемдеу технологиялары енгізілген. Ал дискретті суару тәсілі қолданылатын алқап көлемі 2 200 гектарға жетті. Ирригациялық инфрақұрылымды реттеу бағытында аудандағы иесіз каналдар коммуналдық меншікке өткізіліп, пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жұмыстары да жалғасуда.

Ақсу ауданында агроөнеркәсіп саласы тұрақты даму қарқынын көрсетіп отыр. Дәндік жүгері алқабы ұлғайып, су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Қазір дискретті суару жүйесі қолданылатын алқап көлемі 2 200 гектарға жетті. Алдағы міндетіміз – егін жинау науқанын сапалы әрі шығынсыз аяқтау, су үнемдеу тәсілдерін одан әрі кеңейту және пайдаланылмай жатқан жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына енгізу, – дейді аудан әкімінің орынбасары Әсет Серікболов.

Су үнемдеу технологияларының жүгері шаруашылығына беретін нақты нәтижесін «Жетісу агро комплексі» ЖШС-нің Қызыл-ағаш ауылы маңындағы жүгері алқабындағы жұмыстан көруге болады. Серіктестік заманауи суару жүйесін енгізу арқылы бұрын толық игерілмеген қуаң алқаптарды ауыл шаруашылығы айналымына қосып, өндіріс көлемін ұлғайтқан.

Бұрын дискретті суару жүйесі енгізілмеген кезде кәсіпорын 700 гектардан артық жерді толық игере алмаған. Қазіргі уақытта шаруашылық 1 150 гектар жерді игеріп отыр. Оның 650 гектарына жүгері егілген. Қалған аумақта күнбағыс, қауын және қарбыз өсіріледі.

Қазір біз тұрған алқапқа дискретті суару жүйесімен су жеткізіледі. Өз тәжірибемізге сүйенсек, бұл әдіс арықпен суаруға қарағанда суды 40 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұрын бұл қуаң алқап болатын. Биыл жаңа жүйеге көшкеннен кейін оның жұмысқа да, өнімділікке де қолайлы екенін көріп отырмыз. Су ысырап болмайды, алқапты суару жұмыстары жылдам атқарылады, – дейді «Жетісу Агро комплексі» ЖШС-нің директоры Қайрат Саниязов.

Жаңа жүйе суды ғана емес, еңбек күшін де үнемдеуге мүмкіндік берген. Қазір шаруашылықта 15 адам тұрақты еңбек етеді. Олардың қатарында гидротехник, механизаторлар мен сушылар бар. Жалпы суару жұмысына төрт адам жауапты.

Егер осы аумақты бұрынғыдай арық арқылы суарсақ, әрбір 50 гектарға кемінде екі адамнан қажет болар еді. Сонда тек суару жұмысын жиырмаға жуық адам атқаратын. Ал қазіргі технологияның арқасында төрт адам осыншама аумақты толық қамтып отыр. Бұл – уақытты, суды және еңбек күшін үнемдеудің нақты нәтижесі, – дейді шаруашылық басшысы.

Кәсіпорын егіс көлемін арттырумен қатар техника паркін де кезең-кезеңімен жаңартып келеді. Қазіргі уақытта шаруашылықта жеті трактор және екі заманауи тұқым сепкіш бар. Әрбір тұқым сепкіш бір күнде 120 гектарға дейін дән себуге қауқарлы.

Шаруашылықтың жері 14 бөлек алқапқа бөлінген. Олардың әрқайсысына пісу мерзімі әртүрлі жүгері сұрыптары егілген. Ерте пісетін жүгеріні жинау тамыз айының 20-да басталады. Қалған алқаптардағы өнім пісу мерзіміне қарай кезекпен жиналады.

Өткен жылы шаруашылық осы алқаптағы жүгерінің әр гектарынан орта есеппен 6 тоннадан өнім алған. Биыл агротехникалық жұмыстарды жетілдіру және суару мәселесін реттеу нәтижесінде әр гектардан 10 тоннадан астам өнім жинауды жоспарлап отыр.

Шаруашылық егістікке қажетті суды Қызылағаш су қоймасынан алады. Келесі жылы серіктестік егістік көлемін 1500 гектарға жеткізуді және жаңбырлатып суару технологиясын енгізуді жоспарлап отыр. Бұл су ресурстарын одан әрі тиімді пайдаланып, жүгері өнімділігін арттыруға мүмкіндік бермек.

«Жетісу агро комплексі» ЖШС-нің тәжірибесі су үнемдеу технологиясын дұрыс қолдану арқылы бұрын игерілмеген қуаң жерлерді өнімді алқапқа айналдыруға болатынын көрсетіп отыр. Заманауи техника, тиімді суару жүйесі және ғылыми негізделген агротехникалық жұмыстар өңірдегі жүгері шаруашылығын дамытудың негізгі тетігіне айналуда.

Қажет АНДАС
Ақсу ауданы

Қатысты жаңалықтар

Алқапты сумен түлеткен

Алқапты сумен түлеткен

08.08.2026
Құрылысшыға құрмет

Құрылысшыға құрмет

08.08.2026
Жергілікті әкімдіктер 2392 грант бөлді

Жергілікті әкімдіктер 2392 грант бөлді

08.08.2026
Үштөбеде «Таза Қазақстан» рейді өтті

Үштөбеде «Таза Қазақстан» рейді өтті

08.08.2026
Жолшы еңбегі – ел игілігі

Жолшы еңбегі – ел игілігі

07.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.