Талдықорған: +13°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ҚАПШАҒАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАҢА ӘКІМІН ТАНЫСТЫРДЫ

25 мамыр 2020
КҮНДЕРЕК
АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ҚАПШАҒАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАҢА ӘКІМІН ТАНЫСТЫРДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының əкімі Амандық Баталов Қапшағай қаласының жаңа əкімі Нұрлан Құматаевты таныстырды. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігі хабарлады.

Ең алдымен Амандық Баталов Қапшағай қалалық мəслихатының кезектен тыс 71-ші сессиясында депутаттармен кездесіп, Талғат Қайнарбековтің басқа жұмысқа ауысуына байланысты жаңа əкімнің кандидатурасы Президент Əкімшілігінің келісімімен ұсынылып отырғанын айтты. Нұрлан Орынбасарұлының өмірбаянына қысқаша тоқталған облыс басшысы жаңа əкімнің бар жинақтаған тəжірибесін, күш-жігерін қаланың дамуына арнайтынына сенім білдірді. Депутаттар кандидатураны бірауыздан қолдады.

Мұнан соң Амандық Баталов Т.Қайнарбековтің тындырымды жұмысына ризашылығын білдіріп, бұған дейін Іле ауданы əкімінің орынбасары болған Нұрлан Құматаевқа қаланы дамытуда үлкен міндеттер жүктеді.

— Талғат Қанатұлы қаланы төрт жылға жуық басқарды. Қапшағай — ерекше қала. Сондықтан, кадр іріктеуде біз əрқашан аса салмақты шешім қабылдаймыз. Бұл ретте Талғат Қанатұлы қаланың əлеуметтік-экономикалық дамуында едəуір жұмыстар атқарды. Жаңа кəсіпорындар ашу, жаңа жұмыс орындарын құру, халықтың əл-ауқатын арттыруда оң нəтижелерге қол жеткізді. Негізгі капиталға 8,7 млрд.теңге инвестиция тартылды. Қалаға биылғы жылы 4,6 млрд.теңге бөлініп отыр. Қалада тұрғын үйлер, демалыс орындары салынып, көл жағалауы абаттандырылды, аулалар қалпына келтірілді, ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда. Қаланың жаңа басшысының алдында осы істерді, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын, Қапшағайдың əлеуметтік-экономикалық дамуын одан əрі жалғастыру міндеті тұр, — деп атап өтті А.Баталов.

Облыс басшысы жаңа әкімге экономикалық дамуды қалпына келтірудің кешенді жоспарын іске асыру, Жұмыспен қамту жол картасын нəтижелі орындау, індетпен күрес кезеңінде жұмыс орындарын сақтау мен жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында түбегейлі шаралар қабылдау, өңірге инвесторлар тарту жұмысын ары қарай жүзеге асыруды тапсырды.

— Қапшағайда ірі өнеркəсіп орындары көп. Олардың жұмысы төтенше жағдай кезінде тоқтаған жоқ. Бұл ретте негізінен зардап шеккен шағын жəне орта бизнес, сондықтан сол салаға қолдау көрсету керек. Қазір облыста 51 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегінде тұр. Осы кезектегі азаматтарды баспанамен қамтуда  жаңадан қабылданған «5-10-20» бағдарламасының тиімділігі зор. Оған қоса «Бақытты отбасы», «Нұрлы жер», «7-20-25» бағдарламалары арқылы да, сол қатарда жеке құрылыс жүргізушілер есебінен де тұрғын үйлер салу көлемін арттыру керек. Қаланың əлеуметтік-экономикасын көтерудегі барлық игі істеріңе облыс əкімі ретінде қолдау көрсетемін, — деді А.Баталов жаңа əкімге қарата.

Мұнан соң Т.Қайнарбеков өзімен қоян-қолтық жұмыс істеген депутаттарға, əріптестеріне, қала  тұрғындарының атына ризашылығын білдірсе, Н.Құматаев өз сөзінде өзіне артылған сенімді ақтайтынына сендірді. Қалалық мəслихат депутаты Сəуле Нұрсұлтанова да тілек білдіріп, ой қосты.

Атап өтсек, Қапшағай қаласының əкімі лауазымына тағайындалған Нұрлан Орынбасарұлы Құматаев бұған дейін Іле ауданында бірқатар лауазымды мемлекеттік қызметтер атқарған, 2016 жылдың ақпан айынан бүгінге дейін Іле ауданы əкімінің орынбасары болған.

Толық өмірбаянына тоқталсақ, Нұрлан Орынбасарұлы 1970 жылы туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын стоматолог дəрігер, Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер, Шет тілдер жəне іскерлік карьерасы университетін экономика бакалавры мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алматы қаласындағы №4 стоматологиялық емханасының стоматолог дəрігері болып бастаған. Əр жылдарда Іле ауданы Жетіген ауылдық округі əкімінің орынбасары, Іле ауданы əкімі аппараты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы, Іле ауданы Байсерке ауылдық округі əкімінің орынбасары, Іле ауданы əкімі аппараты шағын жəне орта бизнес, жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің бастығы болды.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қапшағай қаласы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

8 қараша 2026
Махаббат ол…

Махаббат ол…

8 қараша 2026
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

8 қараша 2026
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

8 қараша 2026
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

8 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.