Талдықорған: +10°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АНА МЕН БАЛА ӨЛІМІ, ЖОЛ АПАТЫ, ӨРТ: АПТА ІШІНДЕГІ ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒАЛАР

17 қазан 2021
КҮНДЕРЕК
АНА МЕН БАЛА ӨЛІМІ, ЖОЛ АПАТЫ, ӨРТ: АПТА ІШІНДЕГІ ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒАЛАР
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысында бір аптаның ішінде бірнеше қайғылы оқиға болды. Сарыөзекте ана мен бала көз жұмса, облыстың тағы бірнеше өңірінде жол апаттары, өрт оқиғалары тіркелді.

Алдымен Кербұлақ ауданындағы ана мен бала өліміне тоқталайық. «Қазақпараттың» жазуынша, марқұм болған ана Айжан Шепенованың туыстары қайғылы жағдайға дәрігерлерді кінәлап отыр. Сөздерінше, жүктіліктің 41 аптасы толған әйелді бір апта бойы перзентханада босандырмай, жатқызып қойған. Ал Айжанның өзі дәрігерлер салған толғақ дәрісінен кейін де толғағы келмей жатқанын жақындарына жеткізген.

Марқұмның жақындары Айжанның денсаулығына дәл осы толғақ дәрісі кері әсер берді дейді. Себебі, толғақтың дәрісін салған әйелге кесір тілігін жасағаннан кейін қан тоқтамай, ана да, бала да көз жұмды деп отыр. «Балаға да, өзіне де дәрігерлер қарамаған. Қарамағандықтан өлтіріп отыр. Бала ішінде қансырап тұншығып өлді. Содан бізге айтпаған, хабарламаған, күйеуі тыным таппағаннан кейін түнгі он екі жарымда барса, атам заманда қайтыс болып кеткен. Ешқайсысы қарамай өлтіріп отыр», — дейді марқұм Айжан Шепенованың енесі Дәмет Ерментаева.

Марқұмның жақындары ана мен баланың қайтыс болғанын дәрігерлер хабарламады деп қапалы. Ол аздай, Сарыөзектен Талдықорғанға баланың да, ананың да мүрдесін марқұмның жақындары өздері әкеліпті. Ешбір құжатсыз берілген мәйітті мәйітханадағылар қабылдамай, әлекке түскен.

Ал дәрігерлер ана мен баланың өмірін сақтап қалуға тырыстық дейді. «Сарыөзек орталық ауруханасына 1 қазан түсті. 7 қазан айында толғағы басталды. Сағат 18:30-дан кейін жағдайы нашарлап, қан қысымы төмендеп кетті. Шұғыл түрде кесір тілігіне операцияға алынды. Операция кезінде жүрегі тоқтап қалды. Барлық реанимациялық шаралар жасалды. Бірақ соған қарамастан сағат 21:45-те әйел қайтыс болды», — дейді Кербұлақ аудандық ауруханасының дәрігері Гүлнәр Тыныбаева.

Сарыөзектегі ауруханаға төртінші баласын босанамын деп барып, сәбиімен бірге қайтыс болған Айжан Шепенова мұғалім болған. Денсаулығына еш уақытта шағым айтып көрмепті. Марқұмның артында үш ұлы, жары қалды.

***

Өткен аптада тағы екі жол апаты тіркелді. Оның бірі Алматы-Көкпек-Көктал жолында болған. «Өте қорқынышты. Мына көліктің қалғаны осы. Алдыңғы бөлігі міне жатыр»,- деді бейнежазбаға түсірген автор. Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Еңбекшіқазақ ауданында 20 жастағы Mersedes Benz көлігінің жүргізушісі Алматы-Көкпек-Көктал тас жолының 39 шақырымында рульге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан Audi C4 және Toyota Camry көліктеріне соғылған. Mersedes Benz көлігінің жүргізушісі оқиға орнында мерт болды. Тағы екі адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті. Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Ал екінші оқиға Есік қаласында тіркелді. 8 жасар оқушы иттен қорқып, жолға жүгіріп шыққан. Оны жүк көлігі басып кеткен. «Isuzu» жүк көлігінің 35 жастағы жүргізушісі Малькеев көшесінің бойымен келе жатып, бүлдіршінді қағып кеткен. Тротуармен келе жатқан 8 жасар бала иттен қорқып қашып, жолға жүгіріп шыққан. Бала алған жарақаты салдарынан оқиға орнында қаза тапты. Қазір сотқа дейінгі сараптама тағайындалған.

***

Өткен аптада Талдықорған қаласында орналасқан Алматы облысының полиция департаменті ғимаратының сол жағының бірінші қабаты отқа оранды. Алматы облыстық полиция департаменті қылмыстық істер мен қызметтік құжаттардың отқа оранбағанын, қаз-қалпында сақтаулы екенін мәлімдеді. «8 қазан күні сағат 19:40-та Алматы облысының полиция департаменті ғимаратының сол жағының бірінші қабаты отқа оранды. Бұл жерде департаменттің техникалық қызметі орналасқан. Сағат 20:05-те қызыл жалын ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Алдын-ала болжам бойынша өрт электр сымдарының тұйықталуы салдарынан болуы мүмкін. Мекемедегі барлық құжаттар сақтаулы», — делінген ведомство хабарламасында.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

30 қазан 2026
Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

30 қазан 2026
Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

30 қазан 2026
Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

30 қазан 2026
Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

30 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.