Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ардагерлер аманаты

31 шілде 2025
КҮНДЕРЕК
Ардагерлер аманаты
WhatsAppTelegramFacebook

Тарихты төрге оздырған, ұрпақты ұлағатқа бастаған «Ардагер өсиеті» атты республикалық жастар марафоны Талдықорған қаласында жалғасын тапты. Мәңгілік алаудың маңында өткен бұл жиын – ұрпаққа бағытталған ұзақ жолдың берік тұтқасы.

Шараны ұйымдастырған ««Jetіsý jastary» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Мақсат – майдангердің мұрасын ұлықтау, кейінгі жасқа елжандылықтың дәнін егу, буындар арасындағы рухани сабақтастықты бекемдеу.

Бұл бастама алғаш Ақтөбе өңірінен бастау алды. Жолай талай облыстың жастарын ортақ рухқа үндеп, бір арнаға тоғыстырды. Жетісу жұртына ол Алматы облысынан аманат хат арқылы жетті. Енді киелі керуен Шығыс Қазақстанға жол тартты.

Орталық алаңда өткен жиын­да жастар ардагерлермен жүздесті. Жүздесіп қана қоймай, жүрекке жылу, санаға сәуле сыйлаған сырлы әңгімелерін тыңдады. Өткеннің өрелі жолы бүгінгі ұрпаққа бағдаршам. Ардагерлердің әрбір сөзі тасқа басқан таңбадай.

Мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылып, ел қорғаған ерлердің рухына тағзым етілді. Қарт сарбаздарға зор құрмет көрсетіліп, естелік сыйлар табысталды. Әрине, бұл үлкен құрметтің белгісі.

Шара барысында сөз алған «Jetіsý jastary» мекемесі директорының орынбасары Арнай Рақымберліұлы:
– Ардагерлер жүріп өткен жол жас ұрпаққа өнеге. Олардың жарқын істері өшпесін десек жастар санасына ел мен жердің қадірін, ардагерлердің өсиетін насихаттауымыз қажет. Бұл марафон елдік жолдың елшісі. Тағдырлы тарих пен тағылымды тұлғалар жайлы сөз қозғалса, жастарға өнеге болатын дүние осы. Ардагердің аманатын арқалаған буын адаспайды, – деп салмақты ой өрбітті.

«Ардагер өсиеті» өткеннен жеткен аманат. Аманатқа қиянат жасалмайды. Мұндай марафон ел есінде сақталар, рух пен ұрпақты жалғайтын мәңгілік көпір.

C. КӘКІМҰЛЫ

Қатысты жаңалықтар

Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Бүгін, 10:51
Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13
Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.