Талдықорған: +3°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АРМАНДА, ӨМІРДІ СҮЙ! МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ ТЕЛЕБАҒДАРЛАМАСЫ

15 қараша 2021
КҮНДЕРЕК
АРМАНДА, ӨМІРДІ СҮЙ! МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ ТЕЛЕБАҒДАРЛАМАСЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Айгүл Өкенова жетекшілік ететін «Baby Day» қоғамдық бірлестігінің «Рухы мықты» атты жобасы үш жыл бойы талай қамкөңіл жанның арманын жүзеге асырып, жүрегіне сенім ұялатып келеді.

Аталған жоба мүмкіндігі шектеулі жандардың арман-тілегін ескеріп, оны қоғамға паш етуді мақсат етеді. Сол бағытта түрлі тақырыпта бағдарлама түсіріліп, олардың арманын, үмітін, табандылығын, жетістігін насихаттап, он екі мүшесі сау адамдар сияқты қоғамға өзіндік үлес қоса алатындығын ұғындырып, шабыт беруде.

Аталған бағдарлама екі аптада бір рет, сенбі күні кешкі 20.20-да «Жетісу» телеарнасының эфирінен көрсетіледі. Айта кетерлігі, «Рухы мықты» (Сильные духом) түсірілімінің журналисі, жүргізушісі де мүмкіндігі шектеулі жандар. Олар 2019 жылдың 1 шілдесінен бүгінге дейін сан түрлі тақырыпта 38 бағдарлама түсіріп, көрермен назарына ұсынды. Осы арқылы өздерінің өміршең талпынысын көпшілік алдында дәлелдеді.

Бағдарламаның негізгі продюсері «Baby Day» коғамдық бірлестігінің жетекшісі Айгүл Абайқызы, ал операторы Дмитрий Дрюков. Аталған бағдарламаның алғашқы түсірілім жұмысын жүргізіп, эфирде көрсету, журналистер мен жүргізушілерге бағыт-бағдар беріп, оларды үнемі шабыттандыруда Сергей Юдин мен Огай Стелла және «Жетісу» телеарнасының жүргізушілері Антон Хатиновский мен Радима Боранбаева көп қолдау танытты. Қазір олардың тәрбиесінен өткен қыздар мен жігіттер бағдарламаны өздері дайындауға әбден машықтанып алды. Бүгінде бағдарламаның сценарийін жазып, түсірілім жұмысына тікелей араласатын жас журналисі, жүргізушілер  Алмагүл Чубинская ІІ топтағы, Сергей Миньков І топтағы мүгедек.

«Baby Day» қоғамдық бірлестігі «Рухы мықты» атты телевизиялық жобаны жүргізумен қатар мүмкіндігі шектеулі талай жанның мүмкін болмайтын арманын орындауға да барынша назар аударды. Олардың кезекті түсірілім барысындағы кейіпкері І топтағы мүгедек жас Нұрсұлтан Нұрмұхаметов әскерге баруды қатты армандап жүргенін жеткізеді.

Мұндай жандардың әскери борышын өтеуі заңда қарастырылмаған. Десе де, бірлестік жетекшісі мен түсірілім тобы әскери бөлім басшылығымен сөйлесіп, Нұрсұлтанды Талдықорған қаласындағы 18404 әскери бөлімде екі сағат экскурсия жасатып, әскерилермен қатар сапқа тұрғызып, әскери киім кигізіп, өмірлік арманын орындауға мұрындық болды. Мұндай жағдай елімізде бірінші рет болып отыр. Айта берсек, мүмкіндігі шектеулі жандардың талай арманы өз деңгейінде орындалды.

Расында, тағдыр – Алланың адамға берген сыйы. Ең бастысы, сол сыйды ризашылықпен қабылдап, берілген мүмкіндіктерді толық пайдалану керек. «Рухы мықты» жобасы алдағы уақытта да осы мақсатта жұмыс істейтін болады.

Қажет АНДАС

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

30 қазан 2026
Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

30 қазан 2026
Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

30 қазан 2026
Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

30 қазан 2026
Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

30 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.