Талдықорған: +13°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«ҚАРШАДАЙ БАЛА»: ҚАПШАҒАЙДА ЖАС ҚАЛАМГЕРДІҢ ӘДЕБИ КЕШІ ӨТТІ

28 қазан 2019
КҮНДЕРЕК
"ҚАРШАДАЙ БАЛА": ҚАПШАҒАЙДА ЖАС ҚАЛАМГЕРДІҢ ӘДЕБИ КЕШІ ӨТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Өзегінде өлең бүрлеген ақын атаулының дені өмір заңдылықтарын айна-қатесіз бедерлейді. Солардың саф туындылары тіршілік түйткілдерінде санасы сарғайған оқырманмен қауышып, жанына жалау, рухына алау болып, бойына қуат дарытпақ. Мезгіл әуендерін жүрегіне қондырып, махаббат пен ғадауат арасындағы пенде күйін періште мүсін сомдағандай мөлдірете шеберлікпен өрнектер поэзия өкілдері жас таланттарға кенде болып көрген емес. Соның бірі – ғасырдан астам ғұмыры бар «Жетісу» газетінің тілшісі, ақын Мәулен Әнербай.

Қапшағай қаласы Мәдениет үйінде біз сөз еткен Мәулен Әнербай ныспылы жас таланттың «Болашақты жасайық жүрші бірге» атты шығармашылық кеші өтті. Оған өңірімізге белгілі зиялы қауым, қаламгер, журналистер, зерделі оқырман қатысты. Олар алдымен аудандық кітапхана ұйымдастырған «Жырдың жас тарланы» көрмесін тамашалады.

Кеш барысында алғашқы болып сөз алған «Нұр Отан» партиясы Қапшағай қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ержан Ешмұхамедұлы:

– Қасиетті Күреңбел өңірінде өмірге келіп, Қонаевтың қолтаңбасы қалған Қапшағай қаласында мектеп бітіріп, асқақ арманға қанат қаққан қазақтың қаршадай баласы Мәулен Әнербайдың алғашқы шығармашылық кеші көңіл толқытады. Қапшағайдың ақжал толқынындай көңіл тебіренткен бұл кеште поэзия мен проза жанрына қатар қалам тартқан жас талантқа ақ жол тілегім келеді, – дей келе, шаһар әкімінің құттықтау хатын оқып, ақ сәлемін жеткізіп, сый-сияпатын табыс етті. Одан кейін Ержан Ешмұхамедұлы мен көрнекті ақын, «Жетісу» газеті бас редакторының бірінші орынбасары Нүсіпбай Әбдірахым кеш кейіпкерінің «Күн қызы» атты қанатқақты туындысының лентасын қиды.

Салтанатты рәсімнен кейін сөз алған Нүсіпбай Додабайұлы соңғы жылдары ата басылым табалдырығын бір топ жас саңлақтар аттағанын, соның ішінде Мәулен Әнербайдың қолтаңбасы ерек екенін жеткізді. Айбоз ақын Әміре Әрін басқаратын «Жетісу» газеті ұстаханасынан өткен жас таланттың болашағы жарқын екенін атап өтті. Өз кезегінде кешті жүргізген «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары Жұматай Оспанұлы қос басшысын кешінде сөйлеткен Мәуленнің мықтылығын әзілмен әдемі өрнектей келе, кеш кейіпкерін сахнаға шақырды.

– Көңілім көкжиекпен астасқандай күйде тұрмын. Өйткені, арман күлігін алғаш ерттеп, қасиетті қаламды саусағыма қапсырған сәттер осы қалада өткен еді. Енді үмітімді үкілеген сол шаһардың Мәдениет үйінде алғашқы шығармашылық кешім өтуде, – деген кеш кейіпкері осы қуанышқа ұйытқы болған Қапшағай қаласы әкімдігіне, аудандық кітапханаға, өзге де мекеме басшылықтарына алғысын жеткізді. Сонымен қатар, ғазиз жүректі анасына және отбасының темірқазығы болған әкесіне деген жүрек лебізін жырмен жеткізіп,сыйлығын табыс етті.

Мәулен Әнербай қазақ әдебиетінің қос өзенінен шөл қандырып, қос соқпақта өз ізін қалдырып келе жатқан ақын һәм жазушы, сондай-ақ, ата басылымда еңбек етіп келе жатқан жалынды журналист. Оның кештің өтуіне себеп болған «Күн қызы» кітабында осы уақытқа дейін басылым бетінде жарық көріп келген мөлтек сырлары, әсерлі шағын әңгімелері, өлеңдері бедерленген. Тұмадағы тұнық, нәрлі судай сезімге толы сыршыл жазбалары әлі де талай оқырманның тебірентіп, әсем кештерде өрнектелетіні сөзсіз. Аталмыш кеш барысында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті жанынан құрылған «Мизам» әдеби бірлестігінің өнерлі де өрелі өнерпаздары оқыған туындылар көрерменді бір тебірентіп әкетті.

Ән әуелеп, жалынды жыр оқылған кеште қапшағайлық Алтыншаш Жақиянова, Мақпал Мыса, Алтынбай Сиқымбек, сондай-ақ, талдықорғаннан ат арылтып келген Қазақстан Жазушылар Одағы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Жангелді Немеребай бастаған қаламгерлер қауымы сөз алып, ақынның болмысы мен шығармашылығының ерекше екенін, қаламы жыл өткен сайын терең сырлы, мазмұнды тундылар тудырып келе жатқанын атап өтіп, болашағынан зор үміт күтетіндіктерін атаусыз қалдырмады. Ал Қапшағай қаласындағы №3 орта мектеп оқушылары ақын өлеңін оқыса, Кербұлақ сәлемін арқалап жеткен Азамат Үмбетов секілді өнерпаздар ән әуелетіп, кештің көркін қыздырды.

Қасиетті сөз өнерін жанына серік еткен жас таланттың шығармашылық кеші қаламынан туған «Бір уыс бидай» әңгімесіне арнап сахналанған қойылыммен мәресіне жетті.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қапшағай қаласы

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Бүгін, 16:46
Махаббат ол…

Махаббат ол…

Бүгін, 16:09
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

Бүгін, 14:53
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

Бүгін, 14:00
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Бүгін, 13:05

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.