Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ҚАРУСЫЗ ТОНАЛДЫМ

6 сәуір 2025
КҮНДЕРЕК
ҚАРУСЫЗ ТОНАЛДЫМ
WhatsAppTelegramFacebook

Әлеуметтік желіге кіре қалсаңыз «Бір аптада 100 мың табыс», «Аз уақытта қомақты қаржы» дейтін онлайн жұмыс жарнамасынан көз сүрінеді. Бірақ барлығына сенуге болмайды. Зерттеп алмасаңыз онлайн жұмыс берушілер халықты қару-жарақсыз тонап, тақырға отырғызатын алаяқ болуы мүмкін. Мен де айдың-күннің аманында алаяқтарға алданғандардың бірімін. Менің қателігімді басқа жұрт жібермесін деген ниетпен басымнан өткен оқиғаны жазуды жөн көрдім.

Әуелі «дроп» деген не екенін түсіндіріп өтейін. «Дроппер» немесе «дроп» – бұл алаяқ ұрлаған ақшаны өзінің банк картасы арқылы өткізетін адам. Яғни, алаяқтар «дропперді» заңсыз алынған ақшаны банк картасына аудартып алу үшін жалдайды. Бұл қылмыскерлердің ізін жасыруға және тергеу жұмысын қиындатуға мүмкіндік береді. Осылайша жұмыс іздеуші өзінің қылмыстық жүйеге қалай кіріп кеткенін білмей қалады. Өйткені алаяқтар өз әрекеттерін «заңды бизнес» деп жариялайды. Аударымдар әртүрлі адамдардың атынан жасалуы мүмкін. Дроппер өз жұмысы үшін банк картасы арқылы аударылған ақшаның пайызын ала алады.

Инстаграмм желісі арқылы онлайн жұмыстың жарнамасын көріп, соған қызығып сілтеме арқылы байланысқа шықтым. Олар өздерін криптовалютамен айналысатын үлкен компания ретінде таныстырып, күнделікті табысым 30000-50000 теңге аралығында болатынын айтты. Қуанғаным соншалық, мен сөйлескен адамнан компанияның атын да сұрамадым. Тездетіп жұмысқа орналасып, табысымды қолыма алсам деген ой ғана болды. Интернет алаяқтар маған анкета толтыруымды ұсынды. Қолданатын банк қосымшасын жазып алу керектігін, банк қосымшасы неғұрлым көп болса, соғұрлым табысым да өсетінін айтты. Сұрағандарының барлығын өткіздім. Олар маған ертеңгі күні таңғы сағат 9.00-де жұмыстың басталатынын ескертті.

Таң ата маған әртүрлі адамдардан ақша түсе бастады. Мен өздері айтқандай 5 мың теңгесін алып, қалғанын өздері айтқан жерге аударып отырдым. Соңғы түскен ақшаны өздеріне аударып жіберген соң олар желіден жоқ болып кетті. Маған еліміздің түкпір-түкпірінен бөтен нөмірлер қоңырау шалып, ақшаларын сұрағанда алаяқтарға алданғанымды түсіндім. Алаяқтар қаншама адамды тақырға отырғызып, несие алдыртып, артынан із қалдырмау үшін менің банктегі есепшотымды пайдаланыпты. 

Ақша таптым деген қуанышымның барлығы су сепкендей басылды. Қаншама адамның көз жасына қалдым ғой деген уайым мазалаған соң полиция қызметкерлеріне арыз жаздым. Ең өкініштісі полиция қызметкерлері алаяқтардың табылуы екіталай екенін жеткізді. Неге дейсіздер ғой? Олар қазақстандық емес, шетелдің азаматтары екен. Полиция қызметкерлері қазір екінің бірі қуларға алданып жатқанын, менің арызым қаралмайтынын және менің үстімнен қылмыстық іс қозғалмайтынын айтты. Бұлай жалғаса берсе қарапайым халықтың алдануы да азаймайды деген сөз.

Жұртшылыққа айтарым, жеңіл ақшаға қызықпаңыздар. Өздеріңіздің жеке ақпараттарыңызды ешкімге жібермеңіздер. Егер біз өз сауатымызды ашпайтын болсақ, осылай алаяқтарға алданып өмір сүреміз…

Сабина ӘЛІМЖАН
Фото: zko.sud.kz

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Бүгін, 16:19
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Бүгін, 16:13
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

Бүгін, 15:44
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

Бүгін, 14:55
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.