Талдықорған: +35°C
$ 473.59
€ 544.68
₽ 5.94
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қарыздан сауат қана құтқарады

15.02.2024
КҮНДЕРЕК
Қарыздан сауат қана құтқарады
WhatsAppTelegramFacebook

Қазір қарыз емес адам жоқ шығар, сірә?! Көптің сөзіне құлақ түрсең, қаптаған қарыз, ар-намысты таптаған қарыз, соттаған қарыз… Біреу жүр несиеден боп зәрезап, біреу жүр кредиттен көріп бір азап. Ресми сандарды сөйлетсек, 8,4 млн. қазақстандықтың мойнында қарыз қамыты бар. Бәрі несие. Шамамен 18 трлн. теңге. Талайдың артынып та, тартынып та жүргені осы сома. Өйткені 90 күннен аса қарызын қайтармағандардың ұзын саны 1,7 млн. адамға жеткен. 

Оны қоя беріңіз, кейбір микроқаржылық ұйымдар айлығы шайлығына жетпейтіндерді тұқырта түскісі келді ме, бәлки қалай болғанда жұртқа қарыз беріп, сол арқылы несібесін арттырғысы келді ме, әйтеуір тұрмысы төмендерге несие беріп сабылтып жүр. Қазір қазақстандықтардың микроқаржылық ұйымдар алдындағы қарызы 190 млрд. теңгеге жуықтаған. 

Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Елімізде 1 млн. адамның табысы күнкөріс деңгейіне де жетпейді» деген еді. Президенттің тапсырмасымен бірнеше жыл бұрын 580 мыңға жуық қазақстандықтың жалпы сомасы 120 млрд. теңге болатын несиесі кешірілген-ді. Алайда, бұл мәселені толыққанды шеше алмады. Несие алғандар қатары одан артып, кредиті мен кредитордан талайлар қашып жүр. Енді қайтпек керек? Әдетте біздің қоғамда, жалпы, елімізде көп мәселенің салдарымен күресу басым да, себебімен күресу кемшін. Қарызға батқандардың жағдайын қаржы беріп шешу мүмкін емес. Өйткені, кей отандасымыз қаржыны тиімді жұмсауды, ақша үнемдеуді білмейді. Міне, осындай жайларды ескерген «AMANAT» партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасын әзірлеп, ел Үкіметіне ұсынған еді. Президенттің мақұлдауымен аталмыш жоба елімізде қолға алынып отыр. 

Биыл «Қарызсыз қоғам» арқылы Үкімет 750 мың қазақстандықтың қаржылық сауатын жетілдірмек. Негізі жоба 2024-2026 жылдар аралығында жүзеге асады. Мәселенің салдарымен емес, себебімен күресетін бастаманың өзегінде тек ересектерді қаржылық сауаттылыққа оқыту көзделмеген. Ақшаны тиімді жұмсау, ұқыппен қарау жайын мектеп жасынан қалыптастыруға баулу жайы да пысықталған. Жоспарға сай мектеп оқушылары мен жоғары оқу орны, колледж студенттерін сауаттаныру үшін 7,5 мың мұғалімге де дәріс беру көзделген. Нәтижесінде, 2026 жылға дейін еліміздегі 5-11-сынып аралығындағы барлық оқушы және 100 мыңнан аса студент қарызға батпау, ақшаны үнемдеуге үйренеді. 

Аталмыш жоба бойынша Жетісу өңірінің тұрғындары да қаржылық сауаттылығын арттыруға кірісті. Бүгінде оқыту жұмыстары Панфилов, Ақсу, Ескелді, Көксу аудандары мен Талдықорған қаласында жүзеге асуда. Жыл соңына дейін 6500 жетісулықты оқытуды көздеген «Қарызсыз қоғам» жобалық кеңесінің облыстағы жетекшісі Зәмзагүл Сламбекова сауаттылық арттыру дәрісіне жазылғандар 5 күн оқытылатынын, жоба бойынша 90 күннен астам уақыт несиесі төленбеген тұрғындарға бар басымдық берілетінін алға тартты.

– «Қарызсыз қоғам» жобасы біреудің несиесін жауып, қарызын өтеп бермейді. Басты мақсат – қолда бар қаржыны тиімді жұмсап, банк алдындағы берешегі бар азаматтарға қарызынан құтылудың жолдарын айқындап беру. Яғни, қаржы мәселесі қалай пайда болатынын, несие қарызын азайтудың қандай жолдары бар екенін, алаяқтық әрекетті анықтау жолдарын және қаржы пирамидасынан қалай аулақ болу керегін түсіндіреміз, – деді Зәмзагүл Сламбекова.

«Қарызсыз қоғам» жобалық кеңесінің облыстағы жетекшісінің сөзінше, әрбір қатысушы қаржы кеңесшісінен дәрістен бөлек enbek.kz порталына тіркелу мен ЖК ашудан бастап, соттан тыс банкроттықты сүйемелдеу және берешекті өтеу кестесін жасау сынды кеңестер ала алады. Айта кететін жайт, қаржылық сауаттылығын арттыруға ниетті тұрғын «AMANAT» партиясының филиалдарына және жергілікті әкімдікке байланысқа шыға алады.

Дастанбек САДЫҚ
Фото: arna-news.kz

Қатысты жаңалықтар

Темірге өрнек салған

Темірге өрнек салған

01.08.2026
Сәні қашқан саябақ

Сәні қашқан саябақ

01.08.2026
Өрт сөндіру бекеті ашылды

Өрт сөндіру бекеті ашылды

01.08.2026
Білім ошақтары жаңаруда

Білім ошақтары жаңаруда

01.08.2026
Олжас Бектенов бизнесті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Олжас Бектенов бизнесті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

31.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.