Талдықорған: +15°C
$ 444.40
€ 488.97
₽ 5.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Арзан азық-түлік: Қазақстанда «Береке Fest» акциясы басталды

26 қыркүйек 2025
КҮНДЕРЕК
Арзан азық-түлік: Қазақстанда «Береке Fest» акциясы басталды

baq.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанның ірі және аймақтық сауда желілерінде Сауда және интеграция министрлігінің бастамасымен «Береке Fest» акциясы басталды, – деп хабарлайды 7-su.kz BAQ.KZ тілшісі.

Айта кетерлігі, акция бүкіл ел аумағында 25 қыркүйек пен 30 қазан аралығында өтеді. Бағдарлама Қазақстан бойынша 80 сауда желісі қатысады. Олармен жасалған арнайы меморандум да бар. Келісімге сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына үстеме баға 5-10%-дан асырмау қажет.

Ең басты міндет – отандық өндірушілердің өнімін халыққа қолжетімді бағамен жеткізу. Президент биыл ауыл шаруашылығында мол өнім жиналғанын атап өтті. Біздің мақсатымыз – осы өнімді делдалсыз тікелей сауда желілеріне шығарып, тұтынушыларға қолжетімді ету, – деп түсіндірді Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаев.

Акция аясында ет, жұмыртқа, май және басқа да өнімдер белгіленген бағамен сатылады. Мәселен, Астанада сиыр етінің жауырын-кеуде бөлігі – 3 300–3 500 теңгеден, ал еттің таза бөлімі – 3 800 теңгеден аспай сатылып жатыр. Жұмыртқаның бір данасы 55 теңгеден аспауға тиіс.

Бағдарлама өңір әкімдіктері және Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп жүргізілуде. Өнімдер отандық өндірушілерден тікелей сауда желілеріне жеткізіліп, дүкендер әлеуметтік жауапкершілік аясында баға саясатын ұстануға міндеттелді.

Егер дүкен сөресіндегі баға мен кассадағы баға сәйкес келмесе, тұтынушылар өз өңірінің Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне ресми шағым түсіре алады. Біз міндетті түрде шара қолданамыз, әкімшілік жаза қарастырылған, – дейді ведомство өкілі.

Бағдарлама бағаны мемлекеттік бақылау және бұзушылықтарға дер кезінде әрекет етуді мақсат тұтып отыр.

«Береке Fest» акциясына қатысатын супермаркеттерде арнайы белгілер, баннерлер мен ақпараттық тақталар орнатылып, сатып алушылар жеңілдетілген бағамен өнімді оңай таба алады.

Еске салайық, бүгін ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Астанадағы «Анвар» супермаркетіне барып, «Береке Fest» акциясы аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің сатылу барысын тексерді.

Қатысты жаңалықтар

Негізгі Заңда жеке деректерді қорғау мен ауыл бюджетін арттыру мәселелері бекітілді

Негізгі Заңда жеке деректерді қорғау мен ауыл бюджетін арттыру мәселелері бекітілді

Бүгін, 09:18
Ғалымдар қатерлі ісікті гендік деңгейде анықтап, жасушалық өнімдер әзірлеуде

Ғалымдар қатерлі ісікті гендік деңгейде анықтап, жасушалық өнімдер әзірлеуде

Бүгін, 09:07
Ет қақтап, шұжық айналдырған

Ет қақтап, шұжық айналдырған

Бүгін, 09:00
150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

16 қараша 2026
Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

16 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.