Талдықорған: +13°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Асыл тұқымды түлік – табыс көзі

4 наурыз 2024
КҮНДЕРЕК
Асыл тұқымды түлік – табыс көзі
WhatsAppTelegramFacebook

Елдегі ет, сүт өнімдерінің сапасын арттыруда мал тұқымын асылдандырудың маңызы зор. Талдықорғандағы «Асыл» ЖШС-гі ұзақ уақыттан бері етті-сүтті бағыттағы сиырларды қолдан ұрықтандырып Жетісу облысындағы асыл тұқымды мал басының көбеюіне сүбелі үлес қосып отырған бірден бір орталық. Ондағы зертхана заман талабына сай германиялық «Минитюб» деп аталатын қондырғымен жабдықталған. Жаңа құрылғы мал ұрығын бір ғасырға дейін сақтауға мүмкіндік береді. Қазір  зертханада асыл тұқымды бұқалардан алынған ұрықтың бірнеше миллион дозасы сақталған.  

Бүгінде орталықтан таратылатын асыл тұқымды «Алатау», «Герефорд», «Гоштин», «Щвиц», «Ақбас», «Әулиекөл» «Қара ангус», «Қызыл ангус» сынды аталықтардың ұрығына сұраныс жоғары. Өңірдегі малын қолдан ұрықтандыртып жүрген ірі шаруа қожалықтармен  бірге еліміздің өзге аймақтарынан тапсырыс жиі түсіп тұрады.

Талдықорған қалалық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Абзал Секенұлының айтуынша, «Асыл» мал тұқымын асылдандыру жауапкершілік шектеулі серіктестігі 1996 жылы Талдықорған қаласы және Алматы облысының  Құрметті азаматы  марқұм  Бекен Ерденовтің тікелей бастамасымен құрылған. 2003 жылы ресми түрде жекешелендіріліп өз алдына жұмыс бастаған. Осыдан бастап орталық тізгінін өз қолына алған Бекен Қасқарбекұлы асыл тұқымды мал өсіретін қожалық  құрып, етті-сүтті бағыттағы мүйізді ірі қара малын қолдан ұрықтандыруға кіріскен. «Көш жүре келе түзеледі» деген ғой. Іскер жан алдымен қора-жайды реттеп, мал ұрықтандыруға арналған  пункттің құрылысын  жүргізіп, оған қажетті заман талабына сай құрал-жабдықтарды толықтайды. Алыс-жақын шетелдермен байланыс  орнатып мол тәжірибе жинайды. Уақыт өте келе орталықтың жұмысы жанданып, қарамағындағы ірі қара мал тұқымын асылдандыруды қолға алады. Біраз уақытта мал тұқымын асылдандырудың тиімділігін дәлелдеп шыққан орталыққа Үкіметтен арнайы субсидия бөлініп, кедергісіз жұмыс жасауға жол ашылады. Тындырымды іс оң нәтиже бере  бастаған соң өңірдегі жекеменшік шаруашылықтардың малы ауылшаруашылығы аумақтық басқармасы арқылы тегін ұрықтандырылады. Осылайша бірнеше жылда нәсілі төмен ірі қаралардың орнын «Алатау» асыл тұқымды сиырлары басады. Мал шаруашылығы саласы мамандарының пікірінше,  етті-сүтті бағыттағы бұл сиыр тұқымдары Жетісу жерінің қысына төзімді, жайылымына үйлесімді. Малдардың  басты артықшылығы – әртүрлі кеселге қарсы иммунитеті жоғары, кез-келген  дерт-дербезге оңай-оспақ бой алдыра қоймайды.

«Асыл» серіктестігінің басшысы Мұхтар Ерденовтің сөзінше, негіз асыл тұқымды түлік – табыс көзі. Орталық тек мал тұқымын асылдандырумен ғана шектелген емес. Мемлекет қолдауының арқасында жылдан жылға тың жобаларды қолға алып, шаруашылық көлемін ұлғайтуда. Жақында  «Алатау» асыл тұқымды ірі қараларының санын 140 басқа жеткізіп, 80 сауын сиырдан күніне 700 литр сүт алып, қаладағы сүт өнімдерін өңдеумен айналысатын ең ірі «JLC» сүт зауытына өткізуде. Ал, сиыр сауынына арналған қондырғылар заман талабына сай. Орталықта 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Келешекте асыл тұқымды қазақтың «Ақ басы» аталынып кеткен ірі қараларды Жетісуға жерсіндіріп, мал басын көбейту жосапарда.

Айдын КӘЛІМХАН

Қатысты жаңалықтар

Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

7 қараша 2026
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

7 қараша 2026
Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

7 қараша 2026
Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

7 қараша 2026
«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

7 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.