Талдықорған: +21°C
$ 469.49
€ 552.59
₽ 6.24
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қатаң бақылауға алды

05.04.2025
КҮНДЕРЕК
Қатаң бақылауға алды
WhatsAppTelegramFacebook

Соңғы 10 жылда Қазақстанда тіркелген үкіметтік емес ұйымдардың саны 20 мыңға жуықтаған. Мамандардың айтуынша, олардың 2 мыңдайы  ғана  жұмыс  істеп тұр. Себебі, бұл ұйымдардың  тағдыры тікелей қаржыға келіп тіреледі. Облыс бойынша шамамен 500-ге жуық үкіметтік  емес ұйым тіркелсе, соның 200-ге жуығы белсенді жұмыс атқаруда.

Облыс  әкімінің орынбасары Диас Есдәулетовтың  төрағалығымен  өткен  облыс әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің кезекті отырысында  бірқатар келелі мәселе  қаралды. 

Мемлекеттік  органдардың басшылары мен аудан әкімінің орынбасарлары  қатысқан отырыстың негізгі  «Хаттамалық тапсырмалардың орындалуы» туралы   баяндаманы  облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Бауыржан Әбибеков  жасады.  

Баяндамашының сөзінше, хаттамадағы 11 тармақтың  3-еуі толық орындалса, қалған тармақтар  бойынша  тапсырмалар  беріліп, бақылауға алынған. 

«Атап айтқанда, білім басқармасы тарапынан 2025 жылға арналған мемлекеттік  әлеуметтік  тапсырыс аясындағы жобаларға қаражат бөлінбеді. Облыс бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы жобалар «Мемлекеттік  әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылу мониторингі және нәтижелерін бағалау қағидаларына» сәйкес жүзеге асырылуда», – деген Б. Бақытұлы  аудандық, қалалық әкімдіктермен 2025 жылға мемлекеттік  әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылатын әлеуметтік   жобалардың тақырыптарын бекіту, техникалық сипаттамаларын әзірлеу және мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа қаражат қалыптастыру  мақсатында үкіметтік емес ұйымдардан ұсыным жинау, тыңдау  және талқылау  үшін ҮЕҰ-мен кездесу ұйымдастырып, жария талқылау үшін ресми сайтқа тізбелерін жариялап, қаржы мәселесін шешу бойынша мәслихат және экономика, бюджеттік жоспарлау басқармасымен тиісті жұмыстар уақытылы жасалмағанын айтты. 

Хаттама бойынша жария талқылау Алакөл ауданында өт­кен жылдың қараша айында, ал Ақсу, Ескелді, Панфилов аудандары, Талдықорған мен Текелі қаласында осы жылдың қаңтар айында жүргізілсе, қалған аудандарда әлі күнге дейін жүргізілмеген. 

Баяндамашы  хаттамаға сәйкес аудан, қалаларға 2025 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың көлемін ұлғайту бойынша  тапсырма берілгенін де тілге тиек етті. 

2025 жылға облыс бойынша 90 жоба қарастырылса,  күні бүгінге 52 лотқа конкурс жарияланған. Ал  18 лотқа конкурстық рәсімдер жүргізілуде,  20 лот бойынша конкурс жарияланбапты. 

Отырыстың күн тәртібіндегі екінші мәселеде сараптамалық  кеңестің құрамы бекітілсе, «Жергілікті атқарушы органдардың ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі жұмыстары»  бойынша  Кербұлақ, Панфилов аудандарының, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасарлары мен Жетісу облысының Азаматтық альянсының президенті Дания Қыдырбаева баяндама жасады. 

Кеңесті қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Диас Рахметұлы көтерліген мәселелер төңірегінде  ұсыныс енгізілу қажеттігін, осы  бойынша   нақты тапсырма жүктеп, оның орындалуы қатаң  қадағалауға алынатынын  қадап  айтты.  

Сарби ӘЙТЕНОВА
Суретті түсірген Дмитрий ЕРОФЕЕВ

Қатысты жаңалықтар

Текелідегі қайғылы жағдай: Жөндеу жұмыстары кезінде электр маманы мерт болды

21.04.2026

Алматыда студенттермен әскери қызметке шақыру бойынша кездесу өтті

21.04.2026
Дәмнен басталған дәулет

Дәмнен басталған дәулет

21.04.2026
Мүгедектігі бар азаматтарға 1,1 трлн теңге бөлінді

Мүгедектігі бар азаматтарға 1,1 трлн теңге бөлінді

21.04.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік архивтерге «Ұлттық» мәртебе беру қағидаларын бекітті

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік архивтерге «Ұлттық» мәртебе беру қағидаларын бекітті

21.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.