Талдықорған: +26°C
$ 469.83
€ 536.83
₽ 5.97
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«ҚАТЕЛІК ЖАСАУДАН ҚОРЫҚПАУ КЕРЕК»: МИНИСТР ТҮЛЕКТЕРГЕ ҮНДЕУ ТАСТАДЫ

25.05.2020
КҮНДЕРЕК
"ҚАТЕЛІК ЖАСАУДАН ҚОРЫҚПАУ КЕРЕК": МИНИСТР ТҮЛЕКТЕРГЕ ҮНДЕУ ТАСТАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Білім және ғылым министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ биылғы түлектерді мектеп бітіруімен құттықтап, ҰБТ-да сәттілік тіледі. Сондай-ақ, өзінің кешенді тестілеу кезінде грантқа түсе алмай, қайта тапсырғаны жайлы айтып берді. Бұл туралы «Tengrinews.kz» тілшісі Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ақпарат таратты.

Министр Асхат Аймағамбетов елімізде алғаш рет қашықтан оқу форматындағы білім жүйесінде табандылық танытқан ұстаздарға, қолдау көрсеткен ата-аналар мен жауапкершілікпен атсалысқан оқушыларға алғыс білдірді.

— Қымбатты оқушылар, құрметті әріптестер, ардақты ата-аналар мен түлектер! Барлығымыз үшін биылғы 25 мамыр ерекше форматта өтіп жатыр. Әлемдік пандемия біздің күнделікті өмірімізді түбегейлі өзгертті. Биылғы оқу жылы 4 миллионнан астам оқушы мен студенттің есінде қашықтан оқыту форматына көшумен сақталады. Қысқа уақыттың ішінде барлығыңыз жұмысты дұрыс ұйымдастыра білдіңіздер. Бұл — мұғалімдердің, ата-аналардың, оқушылардың бірлескен әрекетінің нәтижесі деп білемін.

Бүгін мен әрқайсыңызға жеке-жеке үндеу тастағым келіп отыр. Сіздер жаңа жағдайда жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, ерлік таныттыңыздар. Ұстаздарға деген алғысымды бір сөзбен жеткізу мүмкін емес. Сіздер қиын жағдайға қарамастан, оқушыларды білім нәрімен сусындатып, оқыту барысында тынымсыз еңбек еттіңіздер. Сіздердің арқаларыңызда төртінші тоқсан толықтай қашықтан оқыту форматында өтті, бұл — білім саласында бұрын-соңды болмаған оқиға. Қиын кезде балаларына тіреу бола білген ата-аналардың да еңбегі өлшеусіз. Сіздердің қолдауларыңыз, балаларыңызға үйде отырып білім алуға жағдай жасауларыңыз қашықтан оқытуды ұйымдастыруға мүмкіндік берді, — деді министр.

— Иә, сын көп айтылды, дегенмен сіздер түсіністік танытып, жеңіл қабылдадыңыздар. Сол үшін сіздерге алғыс айтамын. Оқушыларға деген ризашылығым шексіз. Олар жауапкершілікті ата-аналарымен теңдей бөлісіп, тәртіпті және алғыр бола білді. Енді, міне, білімге деген құштарлықты жоғалтпай, оқу жылын ойдағыдай аяқтап жатыр. Бұл — шын мәнінде ересек адамдарға тән қасиет, — деді А.Аймағамбетов. Сондай-ақ, министр 2020 жылдың түлектеріне жеке тоқталды.

— Құрметті мектеп бітірушілері, колледж бен университет түлектері! Әркім болашағының жарқын болғанын армандайды. Сіздер мықты ғалым, табысты кәсіпкер ғана емес, адамгершілігі мол, жақсы адам, биік тұлға болатындарыңызға сенімдімін. Тәуекелге бару арқылы ғана әркім өзі армандаған мамандықтың иесі бола алады. Ең бастысы, мүмкіндіктерді пайдалана білу керек. Еш қорықпаңыздар. Алған беттен қайтпау — өте маңызды екенін білемін. Нақты қадам жасап, ойыңыздағыны іске асыру қажет, — деді ол.

Асхат Аймағамбетов өзі ҰБТ тапсырған кезде грантқа түсе алмағанын, бірақ бір жыл табандылықпен дайындалып, қайта тапсырып, тегін оқығанын атап өтті.

— Мәселен, мен мектеп бітірген соң бірден грантқа түсе алмадым. Одан ұялудың қажеті жоқ. Менің алдымда екі таңдау тұрды: біріншісі — ақылы түрде оқу, екіншісі — бір жыл дайындалып, кейін Ұлттық бірыңғай тестілеуді қайта тапсыру. Сол кезде бір жыл дайындалып, тестті қайта тапсырамын деп шештім. Бір жыл уақытымды табанды дайындық пен жұмысқа арнадым. Нәтижесінде келесі жылы армандаған грантқа қол жеткіздім, — деді ол.

Министр түлектерге ҰБТ-ның ең оңай сынақ екенін айтып, «қателік жасап, бәрін қайта бастаудан қорықпауға» шақырды.

— Жақында басым көпшілігіңіз ҰБТ тапсырасыздар. Тестілеуден қорқудың қажеті жоқ, бұл жай ғана сынақ, оның үстіне бұл өмірлеріңіздегі ең жеңіл емтиханның бірі болмақ. Айналадағы адамдар қолдарыңнан ештеңе келмейді десе де, табандылық пен сабырлық, күнделікті қажырлы еңбек пен алға қойған мақсаттарыңыз белгілі бір нәтиже әкелетінін естен шығармаңыздар.

Нәтиже өз бетімен келмейді, ол қателікпен қатар жүреді. Кішкентай кезімізден бізді қателік жасау дұрыс емес, кешірімсіз деп сендірген. Мектеп қабырғасынан бастап қателік жасамау – біздің санамызға құйылып келді. Табысты адам ешқашан қателеспейді деген қате ұғым қалыптасты. Алайда бәрі қателік жасайды, ең бастысы – одан сабақ алып, тәжірибе жинақтай білу қажет. Қателік жасап, бәрін қайта бастаудан қорықпау керек, — деді ол.

Сөзінің соңында түлектерге деген сенімін жеткізді.

— Сіздер Қазақстанның тарихында ғана емес, әлем тарихындағы ерекше түлексіздер! Сіздер жақсы тәжірибе жинақтап, ой түйіп, әлемді жақсартуға үлес қосасыздар деп сенемін. Елге пайдасы тиетін жаңалық ашып, толағай табысқа жетесіздер деп үміттенемін. Сіздер тамаша кезеңде өмір сүріп жатырсыздар, өйткені қазіргі кезең – армандайтын, батыл шешімдер қабылдайтын уақыт.

Белгісіздік пен өзгерістердің уақытында сіздердің басты құндылықтарыңыз адалдық, әділдік, махаббат, қарапайымдылық пен батылдық болуы керек. Сәттілік серік болсын! Армандарыңызға қол жеткізіп, өмір құндылықтарын естен шығармаңыздар. Мереке құтты болсын! — деді Асхат Аймағамбетов.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Аптапта сая болған су мерекесі

Аптапта сая болған су мерекесі

17.07.2026
Ауызсумен толық қамтылады

Ауызсумен толық қамтылады

17.07.2026
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі

17.07.2026
Доллар 500 теңгеге жете ме? Сарапшылар 2026 жылға жаңа болжам жасады

Доллар 500 теңгеге жете ме? Сарапшылар 2026 жылға жаңа болжам жасады

17.07.2026
Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі іске қосылады

Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі іске қосылады

17.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.