Талдықорған: +3°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АҚТОТЫ РАЙЫМҚҰЛОВА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНА КЕЛІП, СПОРТШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

7 қараша 2021
КҮНДЕРЕК
АҚТОТЫ РАЙЫМҚҰЛОВА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНА КЕЛІП, СПОРТШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғандағы «Өркен» спорт кешенінде ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында ҚР жеке командалық чемпионаты басталды. Жарысқа еліміздің әр өңірінен іріктеп келген 200-ге жуық спортшы қатысты. Зілтемірді білегінде ойнатқан толағайлардың бәсекесін тамашалауға арнайы ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, облыс әкімі Амандық Баталов, ҚР Мәдениет және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі Ислам Байрамуков, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің бас директоры Серік Қасқабасов, ҚР ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Алдияр Нұралинов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев келді.

Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған Ақтоты Райымқұлова:

– Елбасы мен Мемлекет басшысының сындарлы саясатының арқасында халықтың экономикалық әл ауқатымен қатар спорт та қарыштап дамып келеді. Спорт ­– ел дамуының басым бағыттарының бірі. Үкіметтің қолдауымен Қазақстан спорты әлемдік бәсекеге қабілетті деңгейімен танылды. Осы іске үлес қосып, республикалық шараның жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсеткен облыс басшылығына, Ауыр атлетика федерациясына ризашылығымды білдіремін, ­– деп жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Өз кезегінде Амандық Ғаббасұлы:­­­­ «Бұл жарысты өткізу біз үшін үлкен мәртебе. Қасиетті Жетісу жерінен әлемдік ареналарда топ жарып жүрген спортшылар көптеп шығуда. Байрақты бәсекеде ел намысын абыроймен қорғап жүрген тау көтерген толағайлар да жыл санап артып келеді. 2015 жылдан бүгінге дейін облыста 13 спорттық сауықтыру кешені салыды. Биыл олимпиадалық жүзу бассейні пайдалануға берілді. Тағы 4 спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Осындай қолдау шараларының арқасында облыс спортшыларының жетістіктері артып, бүгінгідей айтулы шаралар тұрақты өткізіліп келеді», ­– деп, облыстағы спортшылардың жетістігін айтты.

Осыдан кейін Араб түбегінің Джедда қаласында өткен әлем біріншілігінде жеңістің желкенін көтерген облыс спортшысы Руфина Чалкарова мен Қызылорда облысының ауыр атлеті Рахат Бекболатқа ҚР Мәдениет және спорт министрі мен Ауыр атлетика федерациясының Алғыс хаты және ақшалай сыйлық табысталды.

Толағайлардың бәсекесі тартысты басталды. Еліміздің әр қиырынан 15 команданың спортшылары 20 түрлі салмақ дәрежесі сынға түсті. Әрқайсысы жеңімпаз атану үшін барын салуда. Айта кетейік, ел біріншілігі 11 қарашаға дейін жалғасады.

Осыдан кейін Мәдениет және спорт министрі қолбасшы-батыр Жолбарыс Жылқайдарұлың ескерткішіне барды. Келесі кезекте  «Жастар» спорт сарайына бас сұғып, «Жетісу» волейбол клубының қыздарымен әңгімелесті. Қазақстанның 8 дүркін жеңімпазы болған волейболшы қыздармен естелік суретке түсіп, спортшылардың алдағы жарыстарына сәттілік тіледі.

Сапар соңында Ескелді ауданындағы дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешенін аралап, ондағы жұмыс барысымен танысып, жас спортшылармен кездесті.

Айдар ҚАЛИЕВ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

30 қазан 2026
Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

30 қазан 2026
Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

30 қазан 2026
Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

30 қазан 2026
Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

30 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.