Талдықорған: +12°C
$ 453.71
€ 505.80
₽ 5.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АҒЫЛШЫН ТІЛІН ТЕЗ ҮЙРЕНУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК? МАМАННЫҢ ЖАУАБЫ

30 қараша 2021
КҮНДЕРЕК
АҒЫЛШЫН ТІЛІН ТЕЗ ҮЙРЕНУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК? МАМАННЫҢ ЖАУАБЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазіргі заман талабына сай, кең ауқымда қолданылатын ағылшын тілі – байланыс тілі болғандықтан жастарымыз бұл тілді жетік меңгеруі тиіс. Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше. Сондықтан да мектептерде ағылшын тілі пәні міндетті пән ретінде оқытылады.

Мектеп оқушыларына ағылшын тілін оқытуда ең әуелі тілге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру мақсатында мұғалімдер әлемдік озық тәжірибелерді, жаңа технологиялар мен әдістерді кеңінен қолданады. Жалпы, мектеп қабырғасында ағылшын тілін оқыту кезінде кез келген бір әдістемені қолдану әртүрлі шарттарға байланысты болып келеді. Ағылшын тілі мұғалімі оқушылардың тіліне деген қызығушылығын арттыру үшін тек қана оқулықты ғана емес, басқа да қосымша материалдарды, мысалы, газет-журналдардан, тіпті, интернет көзінен де қолдануы тиіс. Бірақ бұл әдіс-тәсілдер төмендегідей талаптарға сай болуы тиіс:

1.Әдіс-тәсілдер арқылы өзін-өзі еркін сезіну үшін жағымды атмосфера жасап, оқушы қызығушылығын ынталандырып, тілді практикада қолдануға деген қажеттілігін тудыру қажет.

2.Оқушы тұлғасын толығымен оқу процесіне тарту керек. Оның эмоциялары, сезімдері қажеттіліктерімен байланысты болуы тиіс.

3.Оқушылардың тілдік шығармашылық қасиеттерін жоғары бағалап, үнемі ынталандырып отыру керек.

4.Оқушыны оқу процесінің басты тұлғасы ретінде белсенді етіп, басқа оқушылармен тығыз байланыстыра отырып, олардың ынта-жігерін тіл үйренуге баулып отырған жөн.

5.Оқушыға өз физиологиялық, интеллектуалдық, психологиялық ерекшеліктеріне байланысты өз бетімен жұмыс істей алуына көмектескен жөн.

6.Түрлі жұмыс түрлерін жеке, жұппен, топпен, сыныппен және тағы басқа да жұмыс түрлерін қолдану қажет. Бұл тәсіл дәстүрлі оқу барысында жақсы жүзеге асатын. Алайда қашықтан оқу кезінде де бұл тәсілді пайдаланғанның пайдасы орасан зор екенін өз тәжірибемде байқадым.

Ағылшын тілін оқытудың мынадай әдістерін де ерекше атап өтуге болады: Мысалы, логикалық ойлау, грамматикалық-аударма әдісі, сатылау, тізбектеу әдісі, үнсіздік әдісі, физикалық сезіну әдісі, рольдік ойындар, мәдени қарым-қатынас, жобалау әдісі, проблемалық оқыту әдісі, анализдеу, миға шабуыл, пікір алмастыру, интерактивті әдістер, коммуникативтік, көру, есту, кинестикалық, Витагендік әдіс, ойға шолу, аудиолингвистикалық әдіс. Сондай-ақ, практикалық әдіс және ақпараттық-коммуникативтік технология әдісін жиі қолдануға болады.

Ағылшын тілін меңгеруде сөздік қордың бай болуы да аса маңызды. Ағылшын тілі сабағында сөздік қорды дамыту жолдары мынадай әдіс-тәсілдерден тұрады: сөйлеу, әңгімелесу, сұрақ-жауап, аударма, түсінік, кітап-мәтінімен жұмыс әдіс-тәсілдері. Оқушылардың сөздік қоры бай болуы үшін оқытушы сабақ барысында кестелер, видеокассеталар, түрлі суреттер, көрнекі құралдарды қолдануы керек. Оқушының сөздік қорын молайтуда ойындардың ролі зор, себебі ойындар олардың сөйлеу машығын қалыптастыру үшін қажет.

Оқытудың қай түрін алсақ тиімді болуы ұстаздың шеберлігіне байланысты деп айтар едім. Әр мұғалім өз сабағына дұрыс мақсат қойып, тапсырмаларды оқушылардың деңгейіне қарай дұрыс таңдаса, сабақ қызықты өтеді. Дұрыс ұйымдастырылған сабақ әр уақытта жақсы нәтиже беретіні анық.

Әсел ҚАСЫМЖАНОВА,

«Алматы облысы білім басқармасының Талдықоғран қаласы бойынша білім бөлімі» ММ «№2 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ағылшын тілі пәні мұғалімі

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Алакөл қорығында «Таза бейсенбі» акциясы ұйымдастырылды

Алакөл қорығында «Таза бейсенбі» акциясы ұйымдастырылды

Бүгін, 14:00
Рекордтық өнім: Диқандар 24,3 млн тонна астық жинады

Рекордтық өнім: Диқандар 24,3 млн тонна астық жинады

Бүгін, 13:30
Жаркент мешіті Бүкіләлемдік мұра тізіміне ұсынылды

Жаркент мешіті Бүкіләлемдік мұра тізіміне ұсынылды

Бүгін, 13:02
Діни тәрбие дәстүрге жат па?

Діни тәрбие дәстүрге жат па?

Бүгін, 12:59
Шетелдік делегация «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының цифрлық шешімдерімен танысты

Шетелдік делегация «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының цифрлық шешімдерімен танысты

Бүгін, 12:38

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.