Талдықорған: +7°C
$ 452.91
€ 509.43
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ АРАСЫНА ТАҒЫ БІР ТЕМІРЖОЛ САЛЫНАДЫ

14 желтоқсан 2023
КҮНДЕРЕК
ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ АРАСЫНА ТАҒЫ БІР ТЕМІРЖОЛ САЛЫНАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Аягөзден шыққан жол Бақтыға, одан әрі Қытай асып, Шәуешекке барады. Бұл – екі ел арасын жалғайтын үшінші трансшекаралық теміржол желісі. Қазір Аягөз-Шәуешек теміржолы құрылысының техникалық экономикалық негіздемесі дайын. Құрылыс осы айда басталады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы «Хабар 24» арнасы дерегіне сүйеніп. 

Халықаралық инвестициялық жоба жүзеге асса біздің елдің көлік-транзиттік әлеуеті арта түседі. Аягөз-Шәуешек бағытында шойын жол түседі. Бұл мәселе бірнеше жыл бойы талқыланды. Шешімін тапты. «Неге Аягөз-Шәуешек?» деген сұрақ заңды.

Біріншіден – дәл осы бағыт ежелден сауда керуенінің күрежолы. Екіншіден – Шәуешек қаласы мен Аягөз станциясының арасының қашықтығы небәрі 272 шақырым ғана.

Жоба жүзеге асса Еуропа, Кавказ, Түркия бағытында жүк ағынын ұлғайтуға мүмкіндік арта түседі. Бұл екі мемлекет үшін де тиімді. Бастама әбден зерделеніп, қос тарап келісімге келді. Теміржол кейбір елдерге екі ай жүретін жүкті, екі аптада жеткізуге мүмкіндік береді.

Қытайдағы төтенше және өкілетті елші осы бағыттағы жұмыстарды пысықтап, қытайлық сарапшыларды ақпараттандырды. Жоба инвесторлар есебінен жүзеге асады.

— Бұл мәселе бұған дейін жоспар ғана еді. Қазан айында меморандумға қол қойылды. Енді Қазақстан өз учаскесіендегі құрылысты жақын күндері бастайды. Тартылатын инвестиция көлемі белгілі. Инвестор дайын. Оған 1 миллиард 200 миллион доллар инвестиция тартылады деген болжам бар, — дейді  ҚР Қытайдағы төтенше және өкілетті елшісі Шахрат Нұрышев.

Жалпы Қазақстанда 1300 шақырымға жуық жаңа теміржол салынады. Сонымен қатар 11 мың шақырым магистралдық желі жаңғыртылады. Мұндай қадам еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамытуға бағытталып отыр.

Қазіргі уақытта тиімді транзиттік трансконтинентальдық дәліздер желісі қалыптасқан. Қазақстан аумағынан 13 халықаралық көлік магистралі өтеді. Оның ішінде 5-і теміржол және 8-і автомобиль жолдары. Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалының көлемі қарқынды өсіп келеді. Кейінгі 10 айда тек шекаралық теміржол өткізу бекеттері арқылы тасымалданған жүктің көлемі 23,5 миллион тоннаға жетті.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 22%-ға артық. Аягөз-Шәуешек бағыты іске қосылса көрсеткіш еселенеді. Енді тек теміржолдың шекарадағы қиылысу нүктесін анықтап, белгілеу ғана қалды.

Фото: 7kun.kz-тен алынды
 

Қатысты жаңалықтар

Дін және қоғам

Дін және қоғам

Бүгін, 17:06
Жетісу жастары мен өңір басшылығы маңызды мәселелерді талқылады

Жетісу жастары мен өңір басшылығы маңызды мәселелерді талқылады

Бүгін, 16:55
Жетісу мен Литва: ынтымақтастық көкжиегі кеңейеді

Жетісу мен Литва: ынтымақтастық көкжиегі кеңейеді

Бүгін, 16:28
Кербұлақта жас сарбаздарды әскер қатарына шығарып салды

Кербұлақта жас сарбаздарды әскер қатарына шығарып салды

Бүгін, 16:01
Талдықорғанда «ақылды» жаяу жүргіншілер өткелі орнатылады

Талдықорғанда «ақылды» жаяу жүргіншілер өткелі орнатылады

Бүгін, 15:05

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.