Талдықорған: +13°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУСПЕН АУЫРҒАНДАРДЫҢ 25 ПАЙЫЗЫ ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ

1 мамыр 2020
КҮНДЕРЕК
ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУСПЕН АУЫРҒАНДАРДЫҢ 25 ПАЙЫЗЫ ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

ҚР Премьер-Министрі Асқар МАМИННІҢ төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті.

Еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың, карантин жағдайында өңірлердегі шектеу шараларын одан әрі жеңілдету жөніндегі ұсыныстар туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың баяндамалары тыңдалды. Елжан Амантайұлының айтуынша, коронавирус індетінде өсім деңгейі 5,5 пайызды құрайды. Соңғы аптада тұрақты деңгей сақталған. Қазіргі таңда ауырғандардың 25 пайызы қауіпті індеттен жазылып шыққан. Өкінішке қарай, вирус жұқтырған 25 науқас көз жұмды.

Министр бүгінде Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында қауіпті індет жұқтырған адам санының басым болып отырғанын, қауіпті індет бойынша өзге де аймақтарда қалыптасқан жағдайды баяндады. Осыған байланысты ауруға қарсы күрес іс-шараларының өз деңгейінде жүргізіліп жатқанын, бұдан өзге, коронавирус инфекциясының бар-жоғын анықтау мақсатында халықты тестілеуден өткізу, коронавирусқа қарсы тест жүйелері мен иммунды-биологиялық препараттарды өндіру, фармацевтика өнеркәсібін дамытуға көңіл бөлу және осы бойынша жұмыстардың жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Елжан Амантайұлы, сонымен бірге, осы жағдайға байланысты әлі де болса босаңсуға жол бермей, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауға барынша мән беру қажеттігін айтып өтті.

Жиында қызметін қайта бастайтын кәсіпкерлік субъектілері тізімінің ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында қаралғаны айтылды. Осы ретте Мемлекеттік комиссия облыс әкімдерінің ұсыныстарын қарап, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің позициясын ескере отырып, бірқатар шешім қабылдады.

Белгілі болғандай, биылғы 4 мамырдан бастап барлық өңірде аумағы 500 шаршы метрге дейінгі азық-түліктік емес дүкендер сағат 17.00-ге дейін (барлық түрлері), фотосалондар мен гүл сататын дүңгіршектер, жазылу бойынша шаштараздар мен медицина орталықтары, стоматологиялық клиникалар, жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыратын компаниялар, жарнама агенттіктері, адвокаттар, нотариустар, шағын қаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар, айырбастау пункттері, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары өз қызметін бастайтын болады.

Онлайн жиын соңында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов орынбасары Батыржан Байжұмановтан аймақта қауіпті індетпен күрес іс-шараларының қалай жүргізіліп жатқанын сұрады. Бұған қоса, блок-посттардағы жағдайды да білді. Осыған байланысты облыс басшысы, әсіресе, коронавирус індетін жұқтырған адамдарды тез тауып және сол адамдармен қарым-қатынас жасаған, тіпті, олардың айналасында болған азаматтарды да жылдам анықтап, карантинге алу қажеттігін тапсырды. Ауырған адамдарға емдік шараларын дұрыс жүргізіп, тез жазып шығаруға көңіл бөлу қажеттігін де айтып өтті. Бұл жағдай туралы әкім жауаптылардан күнделікті есеп алып отыратынын жеткізді.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

7 қараша 2026
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

7 қараша 2026
Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

7 қараша 2026
Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

7 қараша 2026
«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

7 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.