Талдықорған: +36°C
$ 465.19
€ 536.55
₽ 5.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Балаңыз мектепке дайын ба?

13.08.2026
КҮНДЕРЕК
Балаңыз мектепке дайын ба?
WhatsAppTelegramFacebook

«Алты жасар Алпамысша» айтсақ, «Ертең бірінші сентябрь!». Ертең болмаса да етек-жеңімізді жинағанша бірінші қыркүйек есік қағып тұр. Жаздың жайма-шуақ күндеріндегі демалыс аяқталып, алғашқы қоңырау соғылуға санаулы апта қалды.

Қазір балалар киімнің тигенін емес, сүйгенін таңдағасын ба, ата-ана да «әуелі балаға лайық болсын» деп барын салып керек-жарағын түгендеуге кіріскен. Әсіресе мектеп табалдырығын алғаш аттайтын жеткіншектердің «қалауы» орындалуға тиіс.

Жексенбі күні Талдықорғандағы сауда орындарын аралап, мектепке қажетті киім-кешек пен оқу құралдарының бағасын бағамдап көрдік. Жайма базардың өзінде баға құбылып тұр. Саудагерлердің айтуынша, баға тауардың сапасына, тігілген жері мен матасына қарай әркелкі. Мәселен, 1-сыныпқа баратын ұл балаға арналған костюм-шалбардың бағасы 15-22 мың теңге шамасында. Кейбір сауда үйлерінде 25 мың теңгеге дейін барады. Жеке пиджак 10-15 мың теңге төңірегінде саудаланса, ақ көйлектің бағасы 5-7 мың теңгеден басталады. Сапалы матадан тігілген киімдердің нарқы бұдан да жоғары.

Аяқкиімнің де бағасы бір қалыпты деуге келмейді. Қарапайым туфли 5-10 мың теңге аралығында. Кроссовки 5-12 мың теңге шамасында саудаланады. Саудагерлердің айтуынша, 8-9 мың теңгеге мектепке киюге жарайтын тәуір аяқкиім табуға болады. Жемпірдің құны 7 мың теңгеге дейін жетсе, футболка 2,5-3 мың теңге шамасында. Майка мен белдік мың теңгеден басталады.

Қыз баланың қамы сәл күрделірек. Себебі киім-кешек қатары көбірек. Юбка мен пиджактан бастап, жейде, шалбар, аяқкиімге дейін түгендеу керек. Мектеп формасының юбкасы мен пиджагы 25 мың теңгеге дейін барады. Қара шалбардың бағасы 5-8 мың теңге аралығында. Жейде 6 мың теңге шамасында.

Сөмкенің де сан түрі сөреге тізіліпті. Сатып алушылардың айтуынша, баланың талабына, тауардың сапасына қарай таңдау жасалады. Саудагерлер сөмкенің 4-10 мың теңге аралығында екенін айтады. Қыз бен ұлға арналған сөмкелердің бағасында айтарлықтай алшақтық байқалмайды. Оқу құралдарының есебі тағы бір бөлек. Күнделік 300-500 теңге шамасында сатылса, 12 немесе 24-тік карандаштың бағасы 500-1300 теңге аралығында кездеседі. Қалам, өшіргіш, сызғыш, пенал секілді ұсақ-түйек те қосылған сайын шығынның шеті көрінбей кетеді.

Балаларына керек-жарақ іздеп жүрген көпбалалы ана Динара Сләмжанова Алакөл ауданынан арнайы Талдықорғанға келіп, ұл-қыздарын мектепке дайындайды екен. Төрт баланың анасы былтырғы жылмен салыстырғанда тауар құнының аздап өскенін айтады.

– Былтырмен салыстырғанда бағалар сәл көтерілген. Дегенмен қатты өзгеріс байқалмайды. Балалардың бәріне киім-кешек, сөмке, оқу құралдарын алу керек. Бір баланың өзіне жүз мың теңгеден астам қаражат кетеді, – дейді ол.

Биыл оның шаңырағында мектепке баратын бала саны төртеуге жеткен. Кенжесі де білім ордасының табалдырығын аттамақ. Бір үйден төрт оқушыға қам жасау – қалтаға салмақ түсірері белгілі.

Еңбек демалысында Жетісуға қонақтап келген Лайла Кашкеева да үш баласын облыс орталығынан мектепке әзірлеп жүр. Оның айтуынша, киім-кешекті көбіне Талдықорғандағы «Шаған», «Евразия», «Қарағаш» сынды сауда орындарынан алады. Ал дәптер, қалам, өшіргіш, сызғыш, пенал секілді оқу саймандарын орталық базардан түгендейді.

– Киім таңдағанда алдымен сапасына қараймыз. Үш бала болған соң бағасын да есептейміз. Талдықорғандағы сауда орындарында таңдау жеткілікті. Жалпы Жетісудағы баға көңілге қонымды. Басқа өңірлермен салыстырғанда арзандау деп ойлаймын, – дейді Лайла Кашкеева.

Сатып алушылардың дені де осы пікірді құптайды. Бірі арзанды іздейді, енді бірі сапаға қарайды. Қалтасы көтергенше баласына тәуірін әперуге тырысады.

Ал саудагерлердің сөзіне сүйенсек, тамыздың соңғы күндері базардағы қимыл-қозғалыс қыза түскен. Мектеп формасы, аяқкиім, сөмке мен кеңсе тауарларына сұраныс артқан. Әсіресе 1-сыныпқа баратын балалардың ата-аналары керек-жарақты тізім бойынша түгендеуге асық.

Ең бастысы – бала мектепке көңілі тоқ, қабағы ашық барса болғаны. Қалғаны біртіндеп орнығар. Өйткені білімге бастар жолдың алғашқы баспалдағы – мектеп. Ал сол жолға ақ ниетпен аттанған әр баланың қадамы құтты болғай!

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Кедендегі кездесу

Кедендегі кездесу

13.08.2026
«Әділет» партиясы Жетісу облысының кәсіпкерлерімен және шаруаларымен кездесті

«Әділет» партиясы Жетісу облысының кәсіпкерлерімен және шаруаларымен кездесті

13.08.2026
Сүйсіндірген сарқырама

Сүйсіндірген сарқырама

13.08.2026
Балаңыз мектепке дайын ба?

Балаңыз мектепке дайын ба?

13.08.2026
Биылғы сайлау науқаны саяси бәсекенің жаңа кезеңін айқындады

Тарихи белес

13.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.