Талдықорған: +12°C
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Бейбіт Исабаев Қазақстанның 20 миллионыншы жетісулық тұрғынын құттықтады

16 қараша 2023
КҮНДЕРЕК
Бейбіт Исабаев Қазақстанның 20 миллионыншы жетісулық тұрғынын құттықтады
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғындарының бірі Талдықорған қаласында өмірге келді. Әзімбаевтар отбасында 4-ші перзент болып дүние есігін ашқан сәбидің есімі – Айсұлтан. Бүгін Талдықорған перинаталдық орталығына барған облыс әкімі Бейбіт Исабаев Әзімбаевтар отбасын құттықтады, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Сәбидің ата-анасын құттықтаған облыс басшысы Бейбіт Исабаев:

— Айсұлтан баламыздың бауы берік болсын. Айсұлтан тек сіздердің ғана емес, еліміздің мәртебесін өсіретін азамат болсын. Жаңарып жатқан Қазақстанның, еліміздің жақсылығы мен қуанышының куәгері болып, аман-есен ер жетсін. Сәбидің өзіне де, ата-анасы, сіздерге де денсаулық тілеймін. Президенттің арнайы құттықтап жолдаған сыйлығын тапсыруға рұқсат етіңіздер, — деп отбасына баланың ерекше үлгідегі туу туралы куәлігін, Президент жолдаған сый-сияпат — балаға қажетті бұйымдар, сол сияқты арба сыйға тартты.

Сонымен қатар «Отбасы банк» АҚ Жетісу облысы филиалының директоры Жасұлан Құрманғалиев Әзімбаевтарға 2 млн. теңгенің сертификатын ұсынды. Ж. Құрманғалиевтің айтуынша, бұл сома баланың болашақтағы игілігі үшін банктің депозитіне салынып, оны кейін Айсұлтанның оқуына немесе баспана алуға пайдалана алады.

Атап өтсек, Айсұлтан Сәбденбай 14 қарашада таңғы 8-дер шамасында дүниеге келді. Анасы Диана Әзімбаева, әкесі Мұхтар Әзімбаев. Бұған дейін 1 қыз, 2 ұл өсірген ерлі-зайыптылар енді көп балалы отбасы болып отыр. Осы қуанышты күнде журналистермен тілдескен М. Әзімбаев:

— Мен Талдықорған қаласындағы № 21751 әскери бөлімінде жақын аймақтағы ұшу басшысы болып қызмет етемін. Өзім Шымкент өңіріненмін, осы әскери жұмысыма байланысты Жетісу жеріне тұрақтадым. Талдықорған әскери бөлімінде қызмет етіп келе жатқаныма он жылдан асты. Осы өңірде шаңырақ көтердім, балаларым осында өмірге келді. Бүгін, міне, көп балалы болып жатырмын. Сондықтан Жетісу жері маған әрдайым ыстық, — деді.

Еске салсақ, халықтың деректер базасының көрсеткіштеріне сәйкес, 2023 жылғы 14 қарашада таңғы сағат 8.10-да туған 5 бала еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанды. Қазақстанның мерейлі азаматтары — 3 ұл және 2 қыз Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүние есігін ашты.

Жалпы Жетісу облысында өткен 10 айда 10 527 бала өмірге келді.

Фотограф: Дмитрий Ерофеев

 

Қатысты жаңалықтар

Гаджеттерді қуаттау кезінде өрттің алдын алу жолдары

Гаджеттерді қуаттау кезінде өрттің алдын алу жолдары

Бүгін, 15:18
Жетісулық жас өнерпаздар Ақтөбеде топ жарды

Жетісулық жас өнерпаздар Ақтөбеде топ жарды

Бүгін, 15:16
Қазақстанда өсімдік майы өндірісі 25%-дан астамға өсті

Қазақстанда өсімдік майы өндірісі 25%-дан астамға өсті

Бүгін, 15:08
Қонаевта білім саласының өзекті мәселелері талқыланды

Қонаевта білім саласының өзекті мәселелері талқыланды

Бүгін, 15:06
Әуені бөлек әнші

Әуені бөлек әнші

Бүгін, 14:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.