Талдықорған: +35°C
$ 469.59
€ 536.22
₽ 5.96
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Бейбіт Исабаев тұрғындарды қабылдады

06.09.2023
КҮНДЕРЕК
Бейбіт Исабаев тұрғындарды қабылдады
WhatsAppTelegramFacebook

Облыс  әкімі Бейбіт Исабаев  тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.  Соңғы жылдары  аумақта мүмкіндігі шектеулі адамдарға жан-жақты қолдау көрсетіліп келе жатқаны белгілі. Қоғамның әр мүшесі толыққанды өмір сүруге құқылы.

Облыс басшысы Бейбіт Исабаев  мұндай қамқорлыққа зәру жандарды әрқашан қанатының астына алып жүреді.  Ниет, пейіл болса шешілмейтін мәселе жоқ екенін жауапты басшыларға айтудан, назар аудартудан жалыққан емес. Соған орай бүгінде облыстағы басқармаларға  иманы бар  басшылар тағайындалуда. Бүгінгі қабылдауға келген мүмкіндігі шектеулі адамдар жасалып жатқан шаралар мен қолдауларға алғыстарын айтып, талайдан көкейде жүрген  мәселелерін қозғады. Жанайқайды еститін құлақ болған соң үміттерін үкілей келіпті.

Бейбіт Өксікбайұлы ұсыныстарды мұқият тыңдап, шешу жолдарын бірден көрсетіп, жауапты басшыларға тапсырма берді. «Бұл мәселеңіз шешілді деп ойлай беріңіз» деген сөздің өзі үмітпен келген тұрғындардың ертеңгі күнге деген сенімдерін ұштады.  

Алғаш кірген  Қуаныш Қапанов  зағиптардың жайын қозғады.  Ол  бірнеше мүмкіндігі шектеулі  жанның кітапханашы мамандығы бойынша оқып жатқанын айта келіп, оқуларын аяқтаған соң жұмысқа орналасуына көмек көрсетілсе деген ұсынысын жеткізді.   Бейбіт Өксікбайұлы орынбасары Рустам Әлиге зағип жандарды  мамандығы бойынша жұмысқа орналастыруды тапсырды.  Қуаныш Болатбекұлы зағиптардың игілігі үшін арнайы аппарат сатып алынғанын, бірақ соны орналастыратын орынның жоқтығын айтты.  Қондырғы Жастар орталығының арнайы кабинетіне қойылатын болды. «Қуаныш бұл мәселең де шешілді. Келесі шаруаңды айт» дегенде жігіттің жүзінде інілік  ризашылық, жігер пайда болды. Өз денсаулықтарынан бұрын замандастарының жайын күйттеп жүрген мұндай азаматтарды көргенде облыс басшысының бар ынтасымен көмек қолын созатынына талай куә болғанбыз.

Қуаныш қоғамдық көліктерде жүріп-тұруы қиын адамдарға көмек көрсетілсе деген ұсынысын да айтып, әкім тарапынан толымды жауап алды. Қала әкімі Ернат Дүйсенбекұлы: «Қазан айында алынатын автобустарда зағип жандарға арналған көмекші құралдардың болуын назарда ұстаймыз»,– деді. Бейбіт Өксікбайұлы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаевқа  аудан, қала әкімдерімен бірлесіп, облыста инклюзивті орта қалыптастыру мақсатында жүйелі шаралар атқаруды  тапсырды.

Кербұлақ ауданынан келген Мұратбек Солтанбай жер алу үшін өтініш бергенін, сұранысының қанағаттандырылмай келе жатқанына ренішін айтты. Бұл орайда бейнебайланысқа шыққан Кербұлақ ауданының әкімі  Қанат Есболатовқа тапсырма беріліп, аудан тұрғынының өтініші қайтадан жан-жақты  қаралсын деген тапсырма жүктелді.  Талдықорған қаласының тұрғыны Галина Абдрахманова тұрғын үйін жекешелендіре алмай жүр екен. Облыс әкімі Бейбіт Исабаев қала әкімі Ернат Дүйсенбекұлына баласы әскери қызметте жүріп қайтыс болған анаға барынша көмек көрсету керектігін айтып, нақты тапсырма берді. Галина ананың басқа да өтініштері назарға алынатын болды.

 Бұл күнгі қабылдауға үшінші топ мүгедегі Марғұлан Нұрасылов келіп,  өзінің үй кезегіне тұра алмай жүргендігін айтып, налыды.  Марғұланның сауалымен қала әкімі шұғылданатын болып шешілді. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы  Ермек Мизамбаевқа жігітті жұмысқа орналастыру міндеті жүктелді.

Қабылдауға келген адамдардың барлығы өтініш-тілектері мен ұсыныстарының ескеріліп, шешімін тауып жатқанына ризашылықтарын білдіріп, емен есіктен еңселерін тіктеп шығып жатты.

Гүлжан ТҰРСЫН
Суретті түсірген Жеңіс Ысқабай

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда этнокітапхана ашылды

Талдықорғанда этнокітапхана ашылды

22.07.2026
Қазақстанда егде жастағы жүргізушілерге талап қатаңдайды

Қазақстанда егде жастағы жүргізушілерге талап қатаңдайды

22.07.2026
Жалған банкноталар таралып жатыр: Ұлттық Банк қазақстандықтарға ескерту жасады

Жалған банкноталар таралып жатыр: Ұлттық Банк қазақстандықтарға ескерту жасады

22.07.2026
Жыл соңына дейін пойыздар интернетпен қамтылады

Жыл соңына дейін пойыздар интернетпен қамтылады

22.07.2026
Қазақстанда алғаш рет риелторлар сертификатталады

Қазақстанда алғаш рет риелторлар сертификатталады

22.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.