Талдықорған: +24°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ: «ДИРЕКТОР ОҚУШЫЛАРДЫ ТАНЫМАЙДЫ»

16 қараша 2019
КҮНДЕРЕК
БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ: "ДИРЕКТОР ОҚУШЫЛАРДЫ ТАНЫМАЙДЫ"
WhatsAppTelegramFacebook

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек САПАРБАЕВ Талдықорған қаласындағы №27 мектепке барып, облыс ұстаздарымен кездесті.

Аталған мектеп директоры Гүлжан Сыдыбаеваның айтуынша, білім ошағы 1200 оқушыға арналған. Қазіргі таңда мұнда 1157 оқушы білім алуда. Сонымен қатар, бұл ғимаратта «Жетісу дарыны» облыстық дарынды балалар мен жастарға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы нәтижелі жұмыс атқарады.

Жұмыс тобы алты бөлімнен, яғни, қаржы-заңгерлік, педогогикалық шеберлік, дарындылықты дамыту психологиясы, зияткерлік шаралар, баспасөз қызметі және ІТ технология кабинеттерін аралап, оқушылардың жетістіктерін көрді. Қала, аудан мен ауылдардан келген белсенді, шығармашыл балалардың білімін шыңдайтын орталықтың жұмысы көпшіліктің көңілінен шықты.

Орталықтың білімді жастары түрлі робот жасап, халықаралық жарыстарға қатысып, еліміздің атын дүниеге таныстырып жатқанын ерекше атап өту керек.

Орталық жұмысымен танысқан соң Бердібек Машбекұлы мектеп директорларымен кездесті. Жиында бала тәрбиесі, білім сапасы, мұғалімдер беделі туралы әңгіме қозғалды.

– Ұстаздар қауымы бала тәрбиесіне мән берсеңіздер екен. Мысалы, тәрбие ұлттық құндылықтар төңірегінде өрбуі керек. Кезінде мектеп басшысы оқушыларды сыртқы есіктен қарсы алып, оның көңіл-күйіне жіті мән беретін. Қазір мектеп директоры оқушыларды танымайды, – деді Бердібек Сапарбаев. Сонымен қатар, ұстаздар қауымына әлеуметтік желілерде белсенділік танытып, ел ішіне іріткі салатындармен, жат дүниеге деген көзқарас қалыптастыратындармен күресіп, қарсы ашық ойларын білдіру керектігін айтты.

Кездесуде мектеп түлектерімен тығыз байланыс орнату керектігі сөз болды. Колледждерде білім сапасының тым төмен екендігін тілге тиек еткен Бердібек Машбекұлы оқыту мазмұнын арттыруды тапсырды. Сондай-ақ, дуалды білім беруде сапа, нәтиже болуы шарт екенін айтты. Жиында жастардың жұмыссыздық мәселесі де назардан тыс қалмады. Кездесуде Бердібек Сапарбаев ұстаздарды мазалаған сұрақтарға жауап берді.

Еңлік КЕНЕБАЕВА

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

Бүгін, 14:00
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Бүгін, 13:05
Тәуелсіз елін көрсе қуанатын еді

Тәуелсіз елін көрсе қуанатын еді

Бүгін, 13:00
Жоғалған алтын білезікті цифрлық технологиялардың көмегімен тапты

Жоғалған алтын білезікті цифрлық технологиялардың көмегімен тапты

Бүгін, 12:55
Жетісуда Жайпақ станциясының теміржол вокзалы жаңғыртылды

Жетісуда Жайпақ станциясының теміржол вокзалы жаңғыртылды

Бүгін, 12:28

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.