Талдықорған: +13°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«БЕС АЙДА ҚЫЛМЫС АЗАЙДЫ»: ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСЫ

23 маусым 2020
КҮНДЕРЕК
"БЕС АЙДА ҚЫЛМЫС АЗАЙДЫ": ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Халық тыныштығын күзетіп қана қоймай, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында жандарын қиюға даяр полицейлердің жұмысы қиын әрі күрделі. Өмір мен өлім арасында арпалысып, жақсылыққа жақтаса жүріп, әртүрлі қылмыстың алдын алу жолындағы еңбектері көл-көсір. Сол себепті 23 маусым — Полиция күнінде Алматы облыстық полиция департаментінің жұмысын көпшілік назарына ұсынуды жөн көрдік. Әлемге қауіп төндірген коронавирус індетіне қарсы күрес майданында да тыныштық сақшылары бой тасалап қалмады.

Қазіргі таңда облыстық полиция департаментінде 3 623 қызметкер күн-түн демей еңбек етуде. Биыл 5 ай ішінде олардың қатары тағы 115 жаңа буынмен толыққан. Жыл басынан бері 5 179 қызметкер адал еңбегінің арқасында түрлі марапат иеленіп, мерейлері асты. Соның ықпалымен облыс аумағында биылғы жылдың 5 айында жедел жағдайдағы жалпы қылмыс 36,7 пайызға, аса ауыр қылмыс түрлері 16,5 пайызға, шағыны 28,5 пайызға және орташа ауыр санаттағы қылмыс 2,7 есеге төмендеді.

Қылмыстың жалпы ашылуы 64,2 пайызды құрап отыр. Бұл көрсеткіш 2019 жылы 55,9 пайызды құраған. Өткен жылмен салыстырғанда биыл бөтеннің мүлкін ұрлау деректерінің ашылуы да 6,0 пайызға өскен. Полицейлер қолда бар күштері мен құралдарын ұтымды пайдалану арқылы қылмыс деңгейін 36,7 пайызға төмендетуге қол жеткізді. Дер кезінде қиындық көрген жандардың жанынан табылып, бар мүмкіндікті пайдаланып көмек көрсету арқылы халықтың сенімін ақтап келеді.

Ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын жетілдіруге мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлінуде. Ол қылмыспен күресуге, құқықбұзушылықтардың алдын алуға септігін тигізіп, заңдылықты орнатуға және азаматтардың құқығын қорғауға, қоғамдық тәртіпке оң әсер етуде. Қоғамдағы құқықбұзушылықтың алдын алуда, сондай-ақ, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде патрульдік полицияның автоэкипаждары, учаскелік полиция инспекторлары мен сыртқы қызмет өкілдері үлкен рөлге ие.

Қызметтік автокөліктері оқиға орнына тәртіп сақшыларының шұғыл жетуі үшін пайдаланылып, көптеген қылмыстарды «ізін суытпай» ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жол ережесін өрескел бұзу деректерін әшкерелеп, жол-көлік апаттарының алдын алуға септігін тигізіп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Материалдық-техникалық базасының жетілдіру – қылмыспен күресу жолында құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша алға қойылған міндеттерге қол жеткізуге және қаладағы тәртіпті қамтамасыз етуге, азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта облыстық полиция департаменті қарамағында 1010 қызметтік көлік құралы бар. Алдағы уақытта арнайы учаскелік полиция инспекторларына 72 көлік құралын алу жоспарлануда. Облыстық полиция департаментінің қызметкерлерді планшеттік компьютерлермен толық қамтылған. Бейнежетондармен, түсіру стансыларымен қамтамасыз ету көрсеткіші 100 пайызды құрайды. Бұл дегеніміз тәртіп сақшысының жұмысын жеңілдетіп, қажетті ақпаратқа жылдам қол жеткізуге мүкіндік береді.

Елімізде төтенше жағдай режимі енгізілген сәтте облыстық полиция департаментінің 1949 қызметкері тосқауыл-бекеттерде халық игілігі үшін еңбек етті. Сол арқылы қауіпті індеттің тарамауына тосқауыл қойды. Тәртіп сақшылары қызметтік борыштарын адал атқарып қана қоймай, «Біз біргеміз» акциясы аясында көптеген отбасыларға қиын сәтте көмек қолын созып, қолдау білдірді. Олар ешқашан қайырымдылық турасында ұмытқан емес. Соның арқасында көптеген жанға қуаныш сыйлап келеді. Қайырымдылықпен айналысу қызметтік борыштарының бір бөлігіне айналып үлгерді.

Облыс полицейлері жұмыстарын ашық көрсету әрі халыққа жақын болу мақсатында әлеуметтік желілерде тікелей эфир өткізуді қолға алды. Тікелей эфир арқылы және департаменттің әлеуметтік желілердегі парақшалары, электрондық үкімет порталы арқылы кез келген азамат көкейіндегі толғандырған сұрақтарын қойып, оған толыққанды жауап ала алады. Аталған барлық жұмыстарды әрмен қарай жандандыру жалғаса бермек, осылайша жаңашылдыққа бет бұру да  күн тәртібінен еш түскен емес.

Мерей тасытар мерекені басшылыққа алып, аймақтағы барлық полиция қызметкерлерінің дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілейміз.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

7 қараша 2026
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

7 қараша 2026
Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

7 қараша 2026
Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

7 қараша 2026
«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

7 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.