Сарқан ауданына қарасты Екіаша ауылындағы Қ. Аманжолов көшесінің тұрғындары ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси шараға белсенді қатысты. Тұрғындар сайлау учаскесіне келіп, дауыс беру рәсіміне қатысу арқылы өздерінің азаматтық құқықтарын жоғары деңгейде атқарды.
Көше тұрғындары үшін бұл күн – ел болашағына қатысты өз пікірін білдіретін маңызды сәт. Әр азамат өз таңдауын жасап, қоғамның дамуына қатысты ұстанымын білдіруге мүмкіндік алды. Дауыс беруге келген тұрғындар қоғамдық белсенділік танытып, ел өміріндегі маңызды науқанға бейжай қарамайтындарын көрсетті.
№356 сайлау учаскесінде дауыс берушілерге барлық қажетті жағдай жасалып, дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылды. Тұрғындар өз таңдауын еркін түрде жасап, азаматтық міндеттерін орындады.
Аталмыш көшенің байырғы тұрғыны Қабдолда Акыбаев та елмен бірге тұңғыш Құрылтайға барып, өз таңдауын жасады. Оның айтуынша, Құрылтайдың өтуі – халықтың пікірін ортаға салып, ел болашағына қатысты маңызды мәселелерді талқылауға мүмкіндік беретін тарихи бастама.
– Елдің ынтымағы мен тыныштығы бәрінен қымбат. Халықтың бірлігі болса, алынбайтын асу жоқ. Сондықтан осындай маңызды шараға көпшілікпен бірге қатысып, өз таңдауымды жасауды азаматтық парызым деп білдім, – дейді Қабдолда Акыбаев.
Тұңғыш Құрылтай ел бірлігін бекемдеп, халықтың игілігіне бағытталған оң өзгерістерге бастау болсын деген тілегін білдірді.
Қ. Аманжолов көшесі тұрғындарының белсенділігі – ел азаматтарының қоғамдық өмірге араласуының жақсы үлгісі. Өйткені әрбір дауыс – азаматтың өз болашағына, туған жерінің дамуына және елдің ертеңіне деген көзқарасын білдіретін маңызды таңдау.





