Талдықорған: +29°C
$ 462.31
€ 536.09
₽ 5.34
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Біржан-Сара айтысы – қазақ сөз өнерінің биік шыңы

03.09.2026
КҮНДЕРЕК
Біржан-Сара айтысы – қазақ сөз өнерінің биік шыңы
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ даласында сөз қадірі ел қадірімен қатар тұрған. Домбыраның қос ішегіне халықтың қуанышы мен қайғысы, арманы мен аңсары, замана шындығы мен адам тағдыры сыйған. Суырыпсалма ақын үшін өлең – өнер көрсету ғана емес, елдің көкейіндегі ойды дөп басып айту, қоғамның мінін сынау, адамның мұңын көпке жеткізу еді. Осындай дәстүрдің биік белесіне көтерілген шығармалардың бірі – Біржан сал Қожағұлұлы мен Сара Тастанбекқызының айтысы.

Сол дәстүрдің үздік үлгісі болған айтысқа биыл 155 жыл. Біржан-Сара айтысы қазақтың айтыс өнеріндегі көркемдік қуатымен ғана емес, көтерген әлеуметтік ойының тереңдігімен де ерекшеленеді. Мұнда екі ақынның шеберлігі сынға түсіп қана қоймайды. Екі түрлі тағдыр, екі түрлі болмыс, екі өңірдің өнер дәстүрі тоғысып, бір дәуірдің шындығы сөзбен өрнектеледі. Айтыстың негізгі желісінде әйел тағдыры, адам еркіндігі, ел ішіндегі әлеуметтік қатынастар, өнер иесінің қоғамдағы орны секілді мәселелер қатар өріледі.

Сара Тастанбекқызы – Жетісу өңірінен шыққан аса талантты ақын. Ол жастайынан домбыра ұстап, өлеңге ерте араласқан. Сөзге жүйріктігімен, ойының батылдығымен елге танылған Сараның шығармашылығында әйел тағдыры, еркіндік, өмірдің қайшылығы мен адам жанындағы арман-мұң айрықша орын алады. Сараның тағдыры – сол кезеңдегі қазақ әйелінің тағдырын танытатын көркем бейненің бірі. Өз өміріне қатысты күрделі мәселелерді ашық айтуы оның ақындық батылдығын көрсетеді. Ол әйелдің мұңын жасырып қалмай, оны сөз өнерінің биігіне көтере білді. Осы арқылы жеке бастың қайғысы қоғамдық мәселеге айналады. Сараның айтқаны – бір адамның ғана зары емес, өз таңдауын жасауға мүмкіндігі шектеулі әйелдердің үнсіз қалған арман-тілегінің көрінісі. Оның ақындық өнері нәзік сезіммен ғана шектелмей, әлеуметтік шындықты ашық айтуымен құнды. Біржанның Жетісуға келіп, Сарамен сөз қағыстыруы – қазақтың ақындық дәстүріндегі айрықша оқиға. Айтыс 1871 жылы Қапал-Ақсу өңірінде Ешкіөлмес тауының баурайында Тоғызқұмалақ мекенінде өтеді. Ал оның мәтіні кейін хатқа түсіп, 1898 жылы Қазанда Жүсіпбек қожа Шайхисламұлының құрастыруымен алғаш рет жарияланғаны жөніндегі дерек бірқатар еңбекте нақтыланады. Кейін айтыстың өзге нұсқалары да жарық көрген.

Біржанмен болған айтыс Сараға ең алдымен екі есім қалдырды: ел аузында «Жетісудың бұлбұлы» атанған ақындық даңқ және әйел тағдырының тар шеңберінен шығуға ұмтылған азаттық үні. Сондықтан Біржан-Сара айтысын бір ақынның жеңісі, екіншісінің жеңілісі ретінде қабылдау жеткіліксіз.

Айтыстың кейінгі өнерге ықпалы да айрықша болды. Біржан-Сараның көркем бейнесі сахнаға жол тауып, Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсына негіз болды. Композитор бұл шығарманы 1944 жылы жазды. Осылайша ХІХ ғасырдағы ақындар айтысы ХХ ғасырдағы кәсіби музыка өнерімен қайта қауышып, ұлттық мәдениеттің басқа бір биігінде жаңғырды.

Айдана Айдарқызы,

Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы

облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда 7 400 жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды

Қазақстанда 7 400 жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды

05.09.2026
Көне мұраға жаңа тыныс

Көне мұраға жаңа тыныс

05.09.2026
Қазақстан шабандоздары 300 шақырымдық бәйгеде үздік шықты

Қазақстан шабандоздары 300 шақырымдық бәйгеде үздік шықты

05.09.2026
Біз білетін бапкер

Біз білетін бапкер

05.09.2026
Аткинсондардың Қапалдағы ізі

Аткинсондардың Қапалдағы ізі

05.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.