Талдықорған: +6°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

БИЫЛ АЛАКӨЛ ЖАҒАЛАУЫНДА 1 МИЛЛИОН 340 МЫҢ АДАМ ДЕМАЛЫП ҚАЙТҚАН

27 қазан 2021
КҮНДЕРЕК
БИЫЛ АЛАКӨЛ ЖАҒАЛАУЫНДА 1 МИЛЛИОН 340 МЫҢ АДАМ ДЕМАЛЫП ҚАЙТҚАН
WhatsAppTelegramFacebook

Алакөл ауданы ең алдымен өзінің туризм саласындағы жоғары әлеуетімен танымал. Табиғаттың талай кереметтерін төсіне қондырған киелі өлкенің басты жауһары – көл. Осының арқасында биылғы шомылу маусымында өңірге 1 млн. 340 мың турист келген.

Карантиндік талаптар мен пандемиялық ахуал шипалы көлдің тынысын тарылта қоймады. Былтыр тәжвирусына қарсы қолға алынған қатаң талаптардың салдарынан демалушылар саны 800 мыңға жетеқабыл болған еді. Биыл бұл көрсеткіш екі есеге ұлғайды.

Толқыны тулаған, шағаласы шулаған көлдің бойында шаңырағын тіктеген Ақши, Көктұма ауылдарында барлығы 278 демалыс орны қызмет еткен болатын. Биыл олардың қатары 14 нысанмен толықты. Айта кетсек, 2,127 млрд.теңгеге 250 орындық «Комфорт» (527 млн. теңге), 150 орындық «Арман Су» (135 млн. теңге), 75 орындық «Бастау» (85 млн. теңге) сынды үлкен жобалар мен бірнеше орта деңгейдегі демалыс орындары қызметін бастады. Нәтижесінде 87 жаңа жұмыс орны ашылып, 8 млрд.теңгенің ақылы қызметі көрсетілген.

Меймандардың қауіпсіздігі мен сапалы қызметке де көңіл бөлінуде. «Суда ерлік жоқ» демекші, абайламасаң ажал құштырар көлдегі шомылу маусымында құтқарушылардың иығына артылған жүктің салмағы да артқандай. Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне қарасты мекемеде 13 адам абыроймен қызмет етуде. Жазда осы азаматтардың арқасында 28 адам, соның ішінде 7 бала құтқарылды. Олар жаңа заманның сұранысына сай су көліктерімен, өзге де қажетті техникалармен толықтай қамтылған.

Айдынды өңірге сапарлай келетін меймандардың 80 пайызының Ақши ауылын таңдайтыны жасырын емес. Жылдан жылға көркейіп келе жатқан аядай ғана ауыл кішігірім қалаға ұқсап барады. Сәні мен сәулеті жарасқан түрлі демалыс орындары мен әлеуметтік нысандар да бой көтеруде. Бір айта кетерлігі, миллионнан астам туристі қабылдауға қауқарлы ауылдың небәрі 650-ге жуық қана тұрғыны бар.

Мемлекет тарапынан қолға алынып жатқан жұмыстар да көңіл қуантады. Ауылға кіреберісте 600 млн. теңгеге төрт жарым гектарға қанатын жайған керемет саябақ салынды. Мұнда субұрқақ пен ашық аспан астындағы 350 орындық амфитеатры, балалар ойын алаңы мен кафелер, естелік сыйлық дүкендері орналасқан. Тағы бір айта кетерлігі, Ақши ауылында жағажай волейболы, шағын футбол алаңы мен үлкен теннис корты ашылды. Көктұма ауылында «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында спорт алаңы салынды.

Ақшидегі ауқымды істердің бірі ретінде ауызсу жүйесін салу жобасын айтуға болады. Жалпы ұзындығы 52 шақырымды құрайтын су жүйесіне 2,5 млрд.теңге бөлініп отыр. Кәріз жүйесі де күн тәртібінен түскен емес. Бұл бағытқа да 1,4 млрд.теңге қарастырылып отыр. Ең бастысы, жағаны бекіту жұмыстары қолға алынды. 6 млрд.теңге бөлінген жобаның жүзеге асуы барлық тарапқа да тиімді. Былтыр пандемияға байланысты кедергілер туындап, құрылыс кешеуілдеген еді. Алайда биыл іс қайта жандануда.

Туристердің санын арттыру мақсатында «Талдықорған – Үшарал», «Үшарал – Ақши – Көктұма» күре жолдары да күрделі жөндеуден өтуде. Биыл туризмнің қазаны қайнаған қос ауылға апарар жолдар ашылып, барлығымызды да қуантты.

Шомылу маусымында «Үшарал» әуежайының да қызмет көрсету қарқыны артты. «Талдықорған – Үшарал» бағытында күніне екі мәрте, «Алматы – Үшарал» бағытында аптасына 7 күн, «Нұр-Сұлтан – Үшарал» бағытында аптасына 6 рет ұшақ қатынады. Жазда барлығы 22344 жолаушы әуе рейстерін қолданған. Қазіргі таңда әуежайдың қуаттылығын арттыру, алып ұшақтарды қабылдауға мүмкіндік туғызу мақсатында ұшып-қону жолағын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары қолға алынды. Оған республикалық және жергілікті бюджеттен барлығы 7,5 млрд.теңге бөлінген.

Теміржол қатынастары да қызметін ойдағыдай жалғастырды. «Алматы – Жетіген – Достық», «Нұр-Сұлтан – Нұрлы – Достық», «Нұр-Сұлтан – Достық», «Алматы – Достық» бағыттарында күніге пойыздар тоқтамады.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

30 қазан 2026
Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

30 қазан 2026
Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

30 қазан 2026
Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

30 қазан 2026
Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

30 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.