Талдықорған: +24°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Биыл күзде киік аулауға қайта рұқсат беріледі — вице-министр

13 ақпан 2024
КҮНДЕРЕК
Биыл күзде киік аулауға қайта рұқсат беріледі - вице-министр
WhatsAppTelegramFacebook

Биыл күзде Қазақстанда киік атуға қайта рұқсат етіледі. Бұл туралы Самарқанда өтіп жатқан үнемі қоныс аударып тіршілік ететін жабайы жануар түрлерін сақтау конвенциясының кезекті отырысында (COP 14) ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

«Нақты есеп жоқ. Тек табылған, алынған мүйіздердің саны бар. Осы жылы 4 мыңдай киік мүйізі алынды. Енді оны екіге бөлсеңіздер (шамамен 2 мың бас киік – авт.), браконьерлер атқан ақбөкен саны шығады. Бұл тек құзырлы органдар тапқан, ұстаған фактілер негізінде анықталған мөлшер», — деді Нұркен Шәрбиев Kazinform тілшісінің сауалына жауап бере отырып.

Айта кетейік, 10 ақпаннан бастап Қазақстанда киік атуға тыйым салынды. Алайда, Экология және табиғи ресурстар вице-министрі биыл қыркүйек пен қараша аралығында ақбөкенді аулауға қайта рұқсат берілетінін мәлім етті.

«Былтырдан бастап рұқсат берілген аралықта 41 мың бас ауланды. Жануардың санын реттеу жөніндегі биологиялық негіздемеге сай, 336 мың бас жоспарланған еді. Дегенмен ауа райы мен ет өңдеу кәсіпорындарының шектеулі қуатына байланысты шамамен 2 айдың ішінде 41 мың киік ауланды. Биыл да бұл жұмыс жалғасады. Яғни, 1 қыркүйек пен 30 қараша аралығында ақбөкенді аулауға рұқсат етіледі. Оның көлемі биологиялық негіздемеге сай анықталады. Егер киік санын реттеп отырмасақ, ауыл шаруашылығы жерлеріне, тиісінше фермерлерге шығын келеді», — деп түсіндірді Нұркен Шәрбиев.

Тоқтала кетсек, Самарқанда өтіп жатқан конференция барысында киіктердің миграциясы мәселесі де талқыланды. Бүгінде Қазақстанның Өзбекстан және Түрікменстанмен арадағы шекарасында 600 гектар аумақ қарастырылған. Ол жердегі қоршаулар алынған, тиісінше елімізді мекендейтін ақбөкендер күзден бастап аталған мемлекеттерге көшеді.

Өзбекстандық сарапшылардың айтуынша, соңғы кездері киік миграциясы күрт азайған. Өйткені, жануарлардың үнемі қоныс аударатын аумақтарында теміржол салыныпты.

Фото: Әлихан Асқар

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда Жайпақ станциясының теміржол вокзалы жаңғыртылды

Жетісуда Жайпақ станциясының теміржол вокзалы жаңғыртылды

Бүгін, 12:28
Ұстаз сөзі неге салмақсызданды?

Бала тілі бал болмай тұр

Бүгін, 11:33
Жыр болған көпір жаңара ма?

Жыр болған көпір жаңара ма?

Бүгін, 10:00
Жаратылысы бөлек Жарасқан

Жаратылысы бөлек Жарасқан

Бүгін, 09:00
Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

7 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.