Талдықорған: +32°C
$ 456.89
€ 531.36
₽ 5.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Биыл пияз мол

10.09.2026
КҮНДЕРЕК
Биыл пияз мол

Alicja

WhatsAppTelegramFacebook

Облыста көкөніс және бақша дақылдарын жинау науқаны қарқынды жүріп жатыр. Биыл 8,4 мың гектарға көкөніс егілсе, оның 6,9 мың гектары жиналды. Ал бақша дақылдары егілген жалпы 4,5 мың гектардан 138 мың тонна өнім алынды. Картоп жинау жұмыстары да жоспарға сай жүргізілуде. Жалпы көлемі 6,5 мың гектар картоп алқабының 3,5 мың гектары жиналып, 78,5 мың тонна өнім алынды. Орташа өнімділік гектарына 225,9 центнерді құрады.

Қаратал ауданы көкөніс және бақша дақылдарын өсіруге қолайлы өңірлердің бірі. Биыл ауданда 649,4 гектарға картоп, 1844,5 гектарға көкөніс, 735 гектарға бақша дақылдары егілді. Әсіресе қауын-қарбыз бен пияз өсіруде қараталдық диқандардың тәжірибесі мол. Дақылдарды баптаудың қыр-сырын жетік меңгерген шаруалар өнім көлемі мен сапасы жағынан облыстың өзге аудандарына үлгі боларлықтай нәтиже көрсетіп келеді.

Өңірдің қолайлы табиғи-климаттық жағдайы, құнарлы топырағы және қалыптасқан егіншілік дәстүрі көкөніс пен бақша шаруашылығын одан әрі дамытуға кең мүмкіндік береді. Осы бағытта тұрақты жұмыс істеп келе жатқан шаруашылықтардың бірі  «Рәм С.» шаруа қожалығы.

Қожалық 2012 жылдан бері Қаратал ауданында пияз өсірумен кәсіби түрде айналысып келеді. Шаруашылықтың егістік жұмыстарын жүргізуге қажетті техникалық базасы қалыптасқан. Мұнда үш «МТЗ» тракторы, пияз қазғыш пен тиегіш, сондай-ақ жер жыртуға арналған «К-700» тракторы бар.

Биыл шаруа қожалығы 30 гектар алқапқа пияз еккен. Егістік заманауи тамшылатып суару жүйесі арқылы суарылады. Мұндай тәсіл суды үнемдеуге, топырақтағы ылғалды біркелкі сақтауға және өнім сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Пияз жинау науқанын 20 қыркүйекте бастау жоспарланып отыр. Жиын-терім жұмыстарына шамамен 20-30 адам жұмылдырылмақ.

Қаратал жерінде өсірілген пияз ішкі нарықта ғана емес, көршілес Ресейде де жоғары сұранысқа ие. Өнімнің кеңінен танылуына оның сапасы, ерекше дәмі және ұзақ сақталатын қасиеті әсер етіп отыр. Жергілікті мамандар мұны Қаратал өңірі топырағының өзіндік ерекшелігімен, соның ішінде жер құрамындағы тұздылық мөлшерімен байланыстырады. Осы табиғи қасиет пиязға айрықша дәм беріп, сапасын арттыра түседі. Сондықтан «Рәм С.» шаруа қожалығының өнімі тұтынушылар тарапынан жоғары бағаланып, сыртқы нарықтағы орнын тауып келеді.

Шаруашылыққа барғанымызда қызу еңбек пен қарбалас тірліктің куәсі болдық. Бірі ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеп жатса, енді бірі егістік алқабындағы дайындық жұмыстарын ретке келтіруде. Жұмысшылар тамшылатып суару жүйесіне пайдаланылған таспаларды жинап, алдағы жиын-терім науқанына әзірленіп жатыр.

Осы тұста шаруашылық қызметкері, Көкдала ауылының тұрғыны Секер Кәріпбаевамен тілдестік. Өзінің айтуынша, көктемнен бері осы қожалықта еңбек етіп келеді.

Мұндағы еңбекақы жақсы. Биылғы өнімнің шығымы да көңіл қуантады. Алдын ала болжам бойынша әр гектардан 50–60 тоннаға дейін пияз жинауға мүмкіндік бар. Қазір тамшылатып суару жүйесінде пайдаланылған таспаларды жинап жатырмыз. Көп ұзамай пияз қазу және жинау науқаны басталады, – дейді Секер Кәріпбаева.

Егіс алқабында Ескелді ауылдық округінің бас маманы Дурсун Дұзұғылымен де кездесіп, ауыл шаруашылығының қазіргі жай-күйі туралы пікірін білдік. Оның айтуынша, округтегі шаруашылықтардың басым бөлігі қауын-қарбыз, пияз және көкөніс өсірумен айналысады. Диқандар өндірген өнімдерін саудаға шығарып, тұрақты табыс тауып отыр.

Ауылдық округтің табиғи және жер жағдайы егін шаруашылығын дамытуға өте қолайлы. Соның арқасында жергілікті шаруалар қауын-қарбыз, пияз және басқа да көкөніс түрлерінен жақсы өнім алып келеді. Олардың еңбегін нәтижелі ету үшін қажетті қолдау көрсетіліп отыр, – дейді Ескелді ауылдық округінің бас маманы Дурсун Дұзұғылы.

Қараталдық диқандардың маңдай тері мен көп жылғы тәжірибесі өңірдегі көкөніс шаруашылығының дамуына серпін беріп келеді.

Қажет АНДАС

Қатысты жаңалықтар

Өңірдің цифрлық әлеуеті

Өңірдің цифрлық әлеуеті

10.09.2026
«Таза Қазақстан»: Жетісуда экопарк ашылды

«Таза Қазақстан»: Жетісуда экопарк ашылды

10.09.2026
Қазақстанда жыл басынан бері 74 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерді

Қазақстанда жыл басынан бері 74 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерді

10.09.2026
Алакөл жағалауының санитарлық жағдайы мен туристік инфрақұрылымы жақсартылады

Алакөлден Балқашқа дейін: Жетісудағы туризмді дамытудың жаңа кезеңі

10.09.2026
Жер бетінде кезекті температура рекорды орнады

Жер бетінде кезекті температура рекорды орнады

10.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.