Талдықорған: +12°C
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Бәрекелді! Қазақстанның ғалымдары көктайғаққа қарсы жаңа материал жасап шығарды

17 қараша 2023
КҮНДЕРЕК
Бәрекелді! Қазақстанның ғалымдары көктайғаққа қарсы жаңа материал жасап шығарды
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда әзірленген материал жолдамұздың пайда болуының алдын алады, асфальтты бұзбайды және экологияға зиян келтірмейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары Астанада өтіп жатқан жол көрмесінде жақында патенттелген көктайғаққа қарсы материалдың тұсаукесерін өткізді.

Аталған материалдың басты ерекшелігі – төмен температураның кең диапазонында мұзды еріту қабілеті, яғни 0-ден -30°C-қа дейін.

Сонымен қатар құрамындағы кальций өз кезегінде бетон жабындарының беріктігін нығайтады және олардың бетін қабыршақтанудан қорғайды, ал фосфор жол бойындағы жасыл кеңістіктерге жағымды әсер етеді.

Өнертабыс авторларының айтуынша, аталған жаңашылдықтың мұзға қарсы басқа сұйықтықтардан айырмашылығы – жаңа реагент формуласында жолдарды бұзатын, өсімдіктерді кері әсер ететін және көлікке зақым келтіретін натрий хлориді, яғни қарапайым тұз жоқ.

«Біз -10°C дейін жақсы жұмыс істейтін көктайғаққа қарсы шетелдік технологиялар мұзды жартылай ғана ерітетінін және температураның одан әрі төмендеуімен еріген су қайтадан қатып қалатынын байқадық. Бұл өз кезегінде көктайғаққа әкеп соғады. Бұл мәселені түбегейлі шешу үшін біз көктайғаққа қарсы жаңа материал әзірледік. Оның құрамы мұзды тез ерітеді және оның -30°C дейін орнығуына жол бермейді. Материалдың тиімділігі мен артықшылықтарын көріп, танысқысы келетіндерді институт зертханасында шақырамыз», дейді «ҚазжолҒЗ» АҚ баспасөз қызметінің өкілдері.

Тәжірибелік учаскеде сынақтан өткеннен кейін ғылыми институт инвесторларды тартуды және көктайғаққа қарсы жаңа құралдың өндірісін іске қосуды жоспарлап отыр.

 

Фото: көрнекілікке алынды

Қатысты жаңалықтар

Гаджеттерді қуаттау кезінде өрттің алдын алу жолдары

Гаджеттерді қуаттау кезінде өрттің алдын алу жолдары

Бүгін, 15:18
Жетісулық жас өнерпаздар Ақтөбеде топ жарды

Жетісулық жас өнерпаздар Ақтөбеде топ жарды

Бүгін, 15:16
Қазақстанда өсімдік майы өндірісі 25%-дан астамға өсті

Қазақстанда өсімдік майы өндірісі 25%-дан астамға өсті

Бүгін, 15:08
Қонаевта білім саласының өзекті мәселелері талқыланды

Қонаевта білім саласының өзекті мәселелері талқыланды

Бүгін, 15:06
Әуені бөлек әнші

Әуені бөлек әнші

Бүгін, 14:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.