Талдықорған: +12°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

БӘРЕКЕЛДІ! САРҚАНДА 21 ЖАСТАҒЫ БИШІ ҚЫЗ БІРІНШІ БОЛЫП СТУДИЯ АШТЫ

7 қазан 2021
КҮНДЕРЕК
БӘРЕКЕЛДІ! САРҚАНДА 21 ЖАСТАҒЫ БИШІ ҚЫЗ БІРІНШІ БОЛЫП СТУДИЯ АШТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Сарқан ауданының 21 жастағы хореография оқытушысы Әмина Ұрманова кәсіпкерлік негіздері бойынша білім алып, өңірде алғашқы би студиясын ашты. Бұл туралы «Жетісу» газеті мәлімдеді.

Әмина Сарқан қаласының тумасы. Гуманитарлық колледжді ұйымдастырушы-педагог мамандығы бойынша бітірген. Колледжде би ұжымының жетекшісі болып жұмыс істеді, сондай-ақ, балаларды дамыту орталығында хореографиядан сабақ берді.

— Студент кезімде болашақ мамандығым туралы көп ойландым. Мектепте не балабақшада мұғалім немесе басқа жерде жалдамалы маман болып жұмыс істеймін бе деп ойладым. Талдықорған қаласындағы мемлекеттік халық би ансамбліне де шақырту болды. Алайда дара қызмет жасағым келді. Сондықтан, жеке кәсіпкерлікті бастауға бел будым, — дейді кәсіпкер.

2019 жылы Әмина «Жас кәсіпкер» жобасына қатысып, бизнестің негіздері бойынша білім алып шықты. Кейін ол «Еңбек» бағдарламасы аясында 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде грант алды. Бұл қаражатқа жас кәсіпкер би орталығына орынды жалдап, қажетті жабдықтар сатып алды. Ал би студиясына «Грация» атауын берді.

— Колледжде оқу кезінде би билеуге ниет білдірушілердің саны көп болды. Бірақ қаламызда мұндай студия болған жоқ. Сондықтан сұранысты зерттей отырып, би орталығын ашу керектігіне көзім жетті. Әзірге бұл біздің аудандағы алғашқы және жалғыз орталық. Студияда балалар классикалық билерден бастап, гимнастика негіздеріне, қазіргі заманғы билерге дейін үйренеді, — дейді жас кәсіпкер.

Студияда Әминаның өзі сабақ береді. Ұлттық билерден бөлек, әлем халықтарының билерін, заманауи, эстрадалық және классикалық билер үйретіледі. Сабаққа 4 жастан 14 жасқа дейінгі балалар қабылданады. Алғашында 20 жасөспірім келсе, қазір келушілер саны еселенді.

Жақында ересектер тобы ашылды. Оқытудан басқа Әминаның би студиясы түрлі байқауларға қатысады. Осы жылдың жаз айында жас бишілер «Танцуют все!» хорография өнері бойынша республикалық байқаудың бірінші орын лауреаты атанды.

Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, жыл басынан бері «Еңбек» бағдарламасы аясында «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне 3,1 мыңнан астам жұмыссыз және жас кәсіпкер оқытылған. Жоба бойынша өткен жылы және биыл оқытылғандарды қоса алғанда 1200-ден астам бизнес-жоба иелері гранттық қаржыландыру мен жеңілдетілген несие алды.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Үмітке байланған өмір

Үмітке байланған өмір

Бүгін, 10:10
Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

Бүгін, 09:42
Әлеуеті айшықты Алакөл

Әлеуеті айшықты Алакөл

Бүгін, 09:00
Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

30 қазан 2026
Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

30 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.