Талдықорған: +12°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«БҰРЫНҒЫДАН ӨЗГЕРЕК»: БИЫЛҒЫ ӘКІМДЕР ЕСЕБІ БАСҚАША ФОРМАТТА ӨТКІЗІЛЕДІ

8 қаңтар 2020
КҮНДЕРЕК
"БҰРЫНҒЫДАН ӨЗГЕРЕК": БИЫЛҒЫ ӘКІМДЕР ЕСЕБІ БАСҚАША ФОРМАТТА ӨТКІЗІЛЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

«Әкім бол, халқыңа жақын бол!» дейді ел даналығы. Бұл орайда аудан-ауыл басшылары тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеулері керек. Халық мұң-мұқтажын, мәселесін әкімдерге бүкпесіз айта алуы тиіс. Ол үшін жергілікті әкімдер және әр салаға жауапты әкім орынбасарлары белгілі бір уақыттарда тұрғындармен қабылдау ұйымдастыруға міндетті. Әлеуметтік желілер арқылы үлкен-кішімен тығыз қарым-қатынас орнатуға да баса көңіл бөлінгені жөн.

Әр деңгейдегі әкімдердің бір жылғы атқарған жұмыстары жөнінде халық алдында есеп беретін мезгіл жақындап қалды. Биылғы есеп беруде біраз өзгеріс бар. Ол жөнінде аудан әкімдерімен өткізілген селекторлық жиында Алматы облысы әкімдігі аппарат басшысының орынбасары Мұрат Мәдіғұлов толыққанды айтты.

Халық алдындағы есептің кестесі алдын ала бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлануы тиіс. Әкімдер есеп беруге дейін Ашық есік күнін ұйымдастырып, көптің ой-арманын тыңдап, мәселелердің шешімін табуына барынша көмек көрсетуі керек. Селекторда есеп беру кезінде есік жабылмайтыны, келем деушілер жиын аяқталғанша кіре алатыны сөз болды. Сондай-ақ, әкімдер өз сөздерінде негізгі мәселені ғана айтуға көңіл аударулары керек екені еске салынды. Олар руханият, экономика, әлеумет бағытында атқарылған шараларға тоқталады. Жарыссөзге барынша көп уақыт бөлінеді. Жиыннан кейін де айтылған мәселелерді шешу барысында қабылдау жүргізіледі.

Селекторда сөз болған тағы бір мәселе, жиынның өтуіне байланысты қаржы көп шықпағаны абзал. Есеп беруге жиналған халықтың отырып-тұруына жағдай жасалуы керек. Жиын өтетін залда киініп-шешіну, келушілердің тоңып қалмауы қадағаланады. Бұл жөнінде аппараттың ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы Бақытгүл Нүсіпова айтып берді. Әкім есебіне Қоғамдық кеңес, мәслихат хатшылары да толыққанды атсалысады. Жиын соңында тұрғындар жергілікті әкімдерінің жұмысына баға беруі тиіс екені де айтылды.

«Бұл ән бұрынғыдан өзгерек» демекші, селектордан түйгеніміз — биылғы әкімдер есебі жылдағы форматтан бөлек, жалпыхалыққа қолжетімді, жүйелі ұйымдастырылған түрде өтеді.

Гүлжан ТҰРСЫН

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

7 қараша 2026
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

7 қараша 2026
Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

7 қараша 2026
Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

7 қараша 2026
«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

7 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.