Талдықорған: +12°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

БІТПЕЙТІН ЖОЛ ЖЫРЫ: ТАЛДЫҚОРҒАНДА САЯЖАЙ ТҰРҒЫНЫ ШАҒЫМ ТҮСІРДІ

15 қазан 2021
КҮНДЕРЕК
БІТПЕЙТІН ЖОЛ ЖЫРЫ: ТАЛДЫҚОРҒАНДА САЯЖАЙ ТҰРҒЫНЫ ШАҒЫМ ТҮСІРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Редакциямызға Талдықорғанға қарасты Қызылтас саяжайынан Құдайберген Тарыбайұлы есімді тұрғын хабарласып, өз шағымын айтты. Саяжай тұрғыны Қызылтас көшелеріндегі жолдардың архитектуралық стандарттаға сай емес екенін, осыған байланысты әкімдікке арыз жазып, жауапты көп күткенін жеткізді.

Құдайберген Тарыбайұлы: «Бұл мәселені көтеріп отырған себебіміз бар. Қазіргі таңда уақытша деген саяжайлардың барлығы елдімекенге айналды. Халық қысы-жазы осында тұрады. Соған байланысты кез келген көшеде жол жүру ережесін сақтау қажет болады. Бірақ жолдың ені, көше қиылыстары талапқа сай емес. Үлкен жүк көліктерінің жүріп өтуіне де кедергі көп», – дейді.

Оның айтуынша, саяжайдағы жолдар архитектуралық сызбаға сәйкес емес. Архитектуралық құжаттар бойынша жол ені 6 метр болуы керек жерлер 4,5-5 метрді құрайды. Кей жерлері 3 метр болғандықтан жаяу адам да жүре алмайды екен. Мұндай заңбұзушылықтар Мичурина және Веселая көшесінің бас жағында да кездеседі. Веселая көшесінің кей тұрғындары баспана құжатында көрсетілген межеден шығып, көмір қора, монша сынды тұрғынжайлар салып тастаған.

Жоғарыдағы сұрақтар бойынша Талдықорған қалалық әкімдігіне хабарластық. Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Нұр Қанатұлы тұрғындар сұрағы жазбаша жолдаған жағдайда ресми жауап берілетіндігін айтты.

Айта кетерлігі, Қызылтас саяжайының 57 тұрғыны қол қойған арыз әкімдікке өткізілген. Бірақ тұрғындар хат жауабын күткеніне бір айдан асқан. Баспасөз қызметкеріне хабарласқаннан кейін бе, әлде реті солай болды ма, санаулы күн ішінде хатқа жауап та беріледі.

Хатта: «Талдықорған қалақұрылыс құжаттамаларында көрсетілген өлшем бірліктеріне сай келмейтіндігі туралы нақты фактілер болған жағдайда Талдықорған қаласының «Қызылтас» және «Мерекелік» тұрғын алабының 2021 жылдың 9 маусымдағы №306 бекітілген нақты жоспарлау жобасымен және «ҚР Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 Заңына сәйкес қарастырылатын болады», – делінген. Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Д.Нұржановтан келген жауапты Құдайберген Тарыбайұлы 14 қыркүйек күні түске дейін алған. Ал 17 тамызда жазылған арызға жауап хаттың шығыс нөмірі 27 тамызда деп көрсетілген. Шағымданушы да бұл жерде бір гәп бар-ау деп күмәнмен қарауда.

Жалпы, бұл сұрақты саяжай тұрғындарының көтеріп жүргеніне 3 жылдан асқан. Жылдан-жылға шешілетін мәселелер артылмаса, азаяр емес. Биыл ауызсу, автобус маршруттарын жүргізу сынды сұрақтар қосылды. Құзырлы мекеме қызметкерлерінің айтуынша, «Қызылтас» және «Мерекелік» тұрғын алабтарына 2021-2022 жылдары су құбырының құрылысын жүргізуге өтінім жіберілген. Осыған орай көше жолдарына жөндеу жұмыстары қаланың коммуналдық меншігіне қабылданған жағдайда және инженерлік-коммуникациялық желілер құрылысының аяқталуына байланысты жоспарға енгізіледі. Автобус маршрутына келер болсақ, сайжайға №1, 3, 14 автобус қатынайды.

Еңлік АРЫҚБАЙ

Талдықорған қаласы

Алматы облысы

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Үмітке байланған өмір

Үмітке байланған өмір

Бүгін, 10:10
Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

Бүгін, 09:42
Әлеуеті айшықты Алакөл

Әлеуеті айшықты Алакөл

Бүгін, 09:00
Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

30 қазан 2026
Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

30 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.