Талдықорған: +29°C
$ 464.77
€ 541.36
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Cақалды» құрылыс –қала көркіне көлеңке

03.08.2025
КҮНДЕРЕК
«Cақалды» құрылыс –қала көркіне көлеңке
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғанның кей бұрышынан ұзақ уақыт бойы тоқтап тұрған құрылысты көргенде әр сәт дамудың үстіндегі шаһардың шырайын кетіріп, көркіне нұқсан келітіріп тұрғандай көрінеді. Іргесі қаланып, үш-төрт қабаты тұрғызылып болғаннан кейін қаңырап қалған нысандарға жауаптылар бүгінде жалтарып, кінәліні ойдан-қырдан іздеп, бір-біріне сілтейді. Қаламыздағы бір-екі «сақалды» құрылысқа тоқталып, олардың келешектегі жай-күйін жауаптылардан сұрастырып көрген едік.

БАЯҒЫ ЖАРТАС…

Талдықорғанға кіре бергенде көз тартар ғимараттар, заманауи үлгідегі түрлі нысан жарқырап қарсы алады. Алайда Қадырғали Жалайыр мен Дінмұхамед Қонаев көшесінің қиылысына келгенде аяқсыз қалған құрылысты көріп, ішіңнен бір тынасың. Қаңырап қалған нысаннан қыбырлаған тіршіліктің белгісін көре алмағаннан кейін көңілдің де күпті болатыны анық. Ал іргесінде одан кейін басталып, лезде тұрғызылған «Теннис орталығы», оның ар жағындағы үйлер зымыран жылдамдықпен салынып жатыр. О баста облыстық сот ғимараты (С.Қ – ол кезде Алматы облысы) болады делінген нысан облыс екіге бөлінгеннен кейін құрылысын тоқтатты. Сол кезде қызу жұмысқа кірісіп, құрылысты аяқтауға бір дем қалғанда тоқтатқан «BAZIS-A» компаниясына хабарласқанымызбен жазған хатқа жауап ала алмадық. Көп жылдан бері көзге оғаш көрінген «сақалды» құрылыстың көрінісін ары-бері өткендер сұрайтыны да белгілі. «Әсіресе, «Жастар» спорт сарайына қарама-қарсы орналасқаннан кейін еліміздің түкпір-түкіпірінен келген спортшылар, жанкүйерлер көп сұрайды. Ал жиі жарысқа келіп жүргендер өзгеріссіз тұрғандығын айтады», – дейді «Жетісу» футзал клубының қызметкері Жандос Алиайдаров. Нысанның жанында бақылау жүргізіп, фотоға түсіріп жүріп өткен-кеткеннен сұрай қалсақ, «тұрғанына көп болды ғой» деп қысқа қайырады. Енді осыны нақтыласақ. Жердің кез келген нүктесін 3D форматында көруге мүмкіндік беретін «Eart google» географиялық ақпараттық бағдарламасының картасы арқылы қарасақ, құрылыс 2021 жылдың жазында басталған. Ал сол карта арқылы қазіргі сұлбасы 2023 жылдың көктемінен бері өзгеріссіз тұрғанын көруге болады.

Құрылысқа да қайта жан бітетін уақыт жақын көрінген. Бұл жайында облыс басшылығы қала тұрғындарымен кездесуде өзекті мәселені тілге тиек еткен. Әкімнің басты назарында тұрған аяқсыз қалған құрылыс нысаны алдағы уақытта қайта салынбақ. Нақтырақ айтқанда 500 орынды емханаға айналдыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде жеке компаниялардың есебінен салу көзделіп отыр.

Қалай дегенмен де көрікті ауданда ажары қашып тұрған құрылыс нысанының жедел аяқталғанын біздің де, қала тұрғындарының да асыға күтетіні сөзсіз.
Жұмыс сапарымен биыл қаңтарда облысқа келген Мәжіліс депутаты Болат Керімбек: «Қалаға кіреберістегі сот өкілдері үшін салынған ғимаратты емхана етіп жасауға 2026 жылға қаражат бөлініп, бюджетке кіріктірілді. Бұл – олардың медицина саласына қосқан үлесі», – деп нақтылай түскен («Jetіsý» газеті; 2025 жыл, қаңтар). Депутат тағы бір сапарында тілшілерге түсініктеме бергенде өңірлік саясатқа қатысты жобаларды қаржыландыруда мемлекеттік және бюджеттік жоспарлауды әлі де жетілдіру қажет еткеніне тоқталған. «Бұл бір ғана өңірде емес, барлық аймаққа тән жағдай. Жүйелілік жоқ. Әрине, мұндайда құрылыстың сапасы жоғалады, бағасы қымбаттайды. Біз бір істі бастасақ, соны соңына дейін жеткізуге тиіспіз. Қаржыландыруда да солай болуы қажет»,– деген еді Болат Керімбек. («Азаттық рухы» сайты, 2024 жыл, 16 қазан).

Осы мәселе бойынша облыстық құрылыс басқармасына хабарластық. Мекемеден келген хатта: «Арнайы мемлекеттік органға жобаланған әкімшілік ғимарат — бес қабатты, жертөлесі бар. 27 сот құрамына арналған бұл ғимарат күніне 1000-нан астам адамды қабылдап, қызмет көрсетуге жоспарланған болатын. Жетісу облысы әкімінің 2022 жылғы 12 қыркүйектегі №13 хаттамалық тапсырмасына сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстары тоқтатылды. Әкімшілік ғимараттың (облыстық сот) мақсатты пайдаланылуын өзгертуге байланысты 500 келушіге арналған емхана ретінде – «DP Engineering Group» ЖШС жобалау ұйымы жобаны түзетуден өткізді (Мемлекеттік сараптама қорытындысы №18-0256/24, 2024 жылғы 10 сәуір). Жобаны түзетуден кейінгі құрылыстың құны 9,6 млрд. теңге, оның ішінде орындалған жұмыстар 1,5 млрд. теңге, жабдықтар құны 4,5 млрд. теңге. Жалпы сомасы 11,4 млрд. теңге. 2024 жылғы 9 сәуірде ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне бюджеттік өтінім жолданды. Қаражат бөлінген жоқ. Бүгінгі күні қосымша келісімшарт жасалды (№13, 2025 жылғы 25 ақпан)» делінген. Демек, біздің түсінгеніміз құрылыс биыл да еш қозғалыссыз қалып, келесі жылы жоспар бойынша жүрмек. Әйтеуір, 2001 жылы Алматы облысының орталығы мәртебесіне ие болған Талдықорғанда сол жылы басталған «Қаратал» шағынауданындағы құрылыс аяқсыз қалып, талай жыл қаңырап бос тұрып, тек 2019 жылы қайта жұмысы жанданып, 2021 жылы 13 қабатты Студенттер үйі болып пайдалануға берілгендегідей ұзақ уақытқа созылмаса болғаны.

АУКЦИОНДА ТҰР

Аяқталмай қалған құрылыс турасында бүгін ғана толғап, әр нысанды талдап отырған жоқпыз. Осыған дейін де ел назар аударып, оны журналистер сын садағына алып келеді. Әріптесіміз Қажет Андастың «Jetіsý» газетінің 2023 жылдың 25 шілдесіндегі санында «Көрмейін десем…» айдарымен «Сұрқы қашқан «сақалды» құрылыс» тақырыбымен материалы жарық көрді. Сонда автор: «Дей тұрғанмен де қаланың ең көрікті бөлігі саналатын 6,7-шағынаудандарының аумағында қала тұрғындарының мазасын қашырған, келген қонақтардың көзіне оғаш көрінетін, құрылыс жұмысы әлі де бітпеген бірнеше үй бар», – деп, Жұмахан Балапанов көшесінің бойындағы (Жастарға қызмет көрсету орталығынан кейін тұрған) бітпеген нысанның суретін айқын көрсетіп, Астана көшесіндегі «сақалды» құрылыстың зардабын шегіп тұрған екі үйдің мәселесін жазады. Сонда жазылған нысандарды осы жолы қайтара көріп шықтық. Түк өзгеріс жоқ. Тек айналасына шөп-шалаң өсіп, іргедегі ағаштар биіктей түскен. Жұмахан Балапанов көшесіндегі бітпеген үйдің құрылысын «Eart google» картасы арқылы бақылап көргенімізде 2017 жылдың қыркүйегінде басталып (арасында 2019 жылдың қыркүйегінен 2020 жылдың қарашасына дейін үзіліс болғанын байқауға болады), 2021 жылдан бүгінге дейін еш қимылдамағанын көресің. Ал Астана көшесіндегі екі үйдің құрылысы 2017 жылы көктемде басталып, 2018 жылдан бері жұмысы жүрмеген. Оның үстіне о бастан құрылыстың баяу жүргенін аңғаруға болады. Бұл нысандар Талдықорған әкімдігінің құзыретінде болғаннан кейін, қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Бекнұр Алиакбардан сұрағанымызда: «Аталған нысандарды біз емес, жеке кәсіпкерлер салғандықтан нақты ештеңе айта алмаймыз. Ал кәсіпкерлерді танымаймыз, бізде барлығы жаңадан келген адамдар», – деп жауап берді.

Иә, қаланың оңтүстік-батыс құрылыс аумағынан «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің қаржысымен 9 үйдің құрылысы басталып, түрлі себеппен кейіннен құрылыс жұмысы тоқтады. Холдингтің иелігіндегі 9 үйдің бесеуі ұзақ уақыт болған айтыс-тартыстан кейін қалалық құрылыс басқармасының балансына өтіп, бүгінде ол жерде үй салынып, тұрғындар игілігіне берілді. Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Олжас Құрмашев: «Бүгінде «Бәйтеректің» үйлері сот шешімімен аукционға қойылған. Енді оны жақсы мердігер сатып алған жағдайда ғана жұмысы жүрмек. Бірақ әзірге қозғалыс жоқ. Осыған қатысты көптеген сұрақ қойылып, үлкен мәселе болып көтеріліп жатады. Жалпы, біздің тараптан заңды шара қолданылды», – дейді. Аузы күйгеннің алды-артын бажайлап, үш қарап, бір үрлейтін әдеті. Бүгінде қалалық әкімдіктегілер өздерінің алдарындағы қызметкерлердің қателіктерінен қорытынды шығара отырып, мұқият әрі ұқыпты қарауға тырысады. Талдықорған қаласына 2023 жылдың шілдесінен бастап әкім болған Ернат Бәзіл аптаның кемі үш күнін құрылыс нысандарын аралап, жаңа ғимараттарды бақылап, керек-жарақтарын түгендеп отыруға арнап, оны әдетке айналдырған. Биыл көктемде «Құлагер» шағынауданында тоқтап тұрған құрылыспен танысып, оның негізіне үңіле отырып, шешім қабылдаған болатын. Сол кезде қала әкімі: «Биыл Талдықорған қаласында салынатын құрылыс нысандары өткен жылға қарағанда көп. Ендігі мақсат – бой көтеретін әрбір құрылыс нысанының санына емес, сапасының жоғары болуына мән беру. Әрине, кей мәселелерді әлі де пысықтау керек. Дегенмен, жұмыстарды биыл ертерек бастап жатырмыз. Ең бастысы – халық игілігіне арналған тың жобаларымызды жүзеге асыру»,– деген еді.

«Сақалды» құрылыстар әр жерден бір көрініп, көрікті ғимараттардың келбетіне нұқсан келтіріп жатқандығы жасырын емес. Ұзақ уақыт бойы қараусыз тұрған нысандарға да жан бітіп, қала сұлулығын әсемдей түседі деп сенеміз.

Облысымызда үй кезегін азайту мақсатында түрлі жоба жүзеге асып, бірнеше компания білек түре кірісіп, тұрғындарға қуаныш сыйлап келеді. Мамырда қаламызда «Самұрық Қазына» АҚ қолдауымен салынған 60 пәтерлі үйдің кілтін табыс етіп тұрған облыс басшысы Бейбіт Исабаев: «Біз мемлекеттік бағдарламалардың және демеушілердің қолдауымен қазір тұрғын үймен қамту мәселесіне ерекше назар аударып отырмыз. Өздеріңіз білесіздер, соңғы жылдары қалада тұрғын үй беру қарқынды жүргізіліп жатыр. Соның арқасында өткен жылдың қорытындысы бойыша Талдықорғанда тұрғын үй кезегіндегілер саны 8,3% азайды. Биыл жыл басынан бері 368 отбасы баспанаға қол жеткізді. Ал жыл соңына дейін қалада 1520-дан астам отбасы үйлі болады», – деген еді. Жалпы облыс құрылғаннан бері өңірде барлық қаржыландыру көздері есебінен шамамен 1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, қабылданған шаралардың арқасында кезекте тұрған 5735 азамат үйлі болып, ал биыл барлық бағыт бойынша тағы 2026 адамды тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланған.

Міне, көзге оғаш көрінетін аяқсыз қалған құрылыс жайлы өз ойымызды жаздық. Қала ажарын қашырған «сақалды» құрылыстар барлығымыздың да жанымызға батады. Бұл олқылықтар алдағы уақытта орнына келеді деген үміт те жоқ емес. Дегенмен, әр іске жауапкершілік керек-ақ!

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Бір сахнада – екі мәдениет, бір жүректе – жалғыз Отан

Бір сахнада – екі мәдениет, бір жүректе – жалғыз Отан

30.08.2026
Табиғаты тамсандырған

Табиғаты тамсандырған

30.08.2026
Ұлттық құрама Талдықорғанда

Ұлттық құрама Талдықорғанда

30.08.2026
Англия алаңындағы алғашқы қазақ

Англия алаңындағы алғашқы қазақ

30.08.2026
Шыбық умен емес, сумен өссін

Шыбық умен емес, сумен өссін

30.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.